Алматы қаласында аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар балалардың ата-аналарына арналған ақысыз CST (Caregiver Skills Training) тренингі аяқталды. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға күтім жасау дағдыларын меңгеру бойынша тренингті Autism Speaks қолдауымен ДДҰ әзірлеген болатын. Бұл бағдарлама дамуында белгілі бір қиындықтары бар балаларға күтім жасау дағдыларын ата-аналарға үйренуге көмектесу үшін әзірленген. Тренинг жүргізушісі – қор кураторы, мінез-құлық талдаушысы Әсия Қизатова.
Тренингке 10 адам қатысты және тренинг аясында 9 апта бойы ата-аналарға топтық сабақтар өткізіліп, әр ата-анаға маманның 3 рет үйге баруы ұйымдастырылды. Бағдарламада мінез-құлықты қолданбалы талдаудың принциптері қолданылды және оған нақты жағдайларды шешу және болашаққа мақсат қою сияқты ересек адам мен баланың өзара әрекеттесуінің қадамдық стратегиялары кірді.
Сонымен қатар облыстық ПМПК мамандары, Көкшетау қаласының қалалық білім беру бөлімінің қызметкерлері, мектеп мамандары мен ата-аналар үшін CST тренингі өткізіліп, 13 адам оқытылды. Оқыту осы бағдарламаның болашақ тренерлерін дайындауға бағытталған. Алдағы уақытта Көкшетау облысының аудандарында ата-аналар мен мамандар үшін CST тренингтерін өткізу жоспарлануда және ақпан айында Астана қаласында тренинг өткізу жоспарлануда.
Анықтама үшін телефон: 8 7172 500 618.

25 тамызда Қорғалжын ауылындағы Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Bolashak Charity» қоғамдық қорының «Әр бала...

26 маусым күні Орал қаласында «Сервис» технологиялық колледжінің базасында менталдық даму ерекшеліктері бар жасөспірімдер мен жастарға арналған...

Астана қаласының Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде менталдық даму ерекшеліктері бар жасөспірімдер мен жастарға арналған кәсіби оқытудың...