Disney және Pixar студияларының «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмі Disney-дің тікелей қолдауымен қазақ тіліне дубляждалды!

14.06.24

Естеріңізде болса «Ойжұмбақ» анимациялық фильмінің бірінші бөлімін осыдан 9 жыл бұрын біздің қорымыз қазақ тіліне дубляждаған болатын.

📌 Біз «Өзіңнен баста» жобасы негізінде 38 үздік голливуд фильмін қазақ тіліне дубляждадық, оның идеялық бастамшысы – қорымыздың Қамқорлық кеңесінің құрметті мүшесі Бауыржан Байбек.

Жоба 10 жыл бойы 2011-2021 жылдар аралығында бизнес қаражаты есебінен, меценаттардың қолдауымен жүзеге асырылды. Соның ішінде 13 фильмнің дубляжына Айдын Рахымбаев және BI Group компаниясы қолдау көрсетті, сонау 2011 жылы «Алтын Қыран» қорының қаражатына Диснейдің қазақ тіліндегі алғашқы анимациялық фильмі дубляждалған болатын. Сонымен қатар жобаны қолдаған Еуразиялық Топ (ERG), «BAZIS-LUX» ЖШС, «Exclusive Group» ЖШС, «Aytei group» ЖШС, «ACD Group» ЖШС және т. б. компанияларға алғыс білдіреміз!

Бүгінгі күні «Өзіңнен баста» идеясы елімізде қазақ тіліндегі контентке деген сұраныстың жоғары екенін көрсетті. «Ойжұмбақ 2» — Disney компаниясының қаржыландырумен қазақшаға дубляждалған алғашқы фильм.

«Ойжұмбақ 2» 14 маусымнан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілуде. Фильмде көрермен бой жетіп қалған Райлимен қайта қауышып, жаңа эмоциялармен танысады.

Біз жобаның жалғасып жатқанына өте қуаныштымыз және баршаңызды қазақ тіліндегі прокатты қолдауға және бүкіл отбасыңызбен «Ой Жұмбақ 2» анимациялық фильміне баруға шақырамыз.

👁 1139
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Атырауда ерекше білім беру қажеттіліктері бар жастардың кәсіби оқудағы алғашқы нәтижелері көрсетілді

Атырауда «Дағдыдан дербестікке» атты іс-шарада өңірдегі алғашқы оқу-өндірістік комбинаттың (ОӨК) аралық нәтижелері таныстырылды. Қонақтар ерекше білім беру...

II Республикалық UNI FOOTBALL LEAGUE турнирі

Аутизмі, Даун синдромы, ДЦП және басқа да даму ерекшеліктері бар 90-ға жуық бала бір футбол алаңында бас...

81-ші инклюзияны қолдау кабинеті: Bolashak Charity және Yandex Qazaqstan ерекше балалардың білім алуына жағдай жасауда

25 тамызда Қорғалжын ауылындағы Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Bolashak Charity» қоғамдық қорының «Әр бала...

1 2 3 … 34

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram