Аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар балаларды Қазақстан мектептеріне инклюзиялау

АВА-терапиясына кіріспе курсы

2015 жылдың шілде айында басталған "Әр бала мектепке баруға лайықты" жобасы білім беру ұйымдарында аутизм және басқа да менталдық бұзушылықтары бар балаларға білім берудің инклюзивті моделін енгізуге бағытталған.

71

Еліміздің 2, қаласында 57 инклюзивті қолдау бөлмесі

Нур-Султан

Алматы

Шымкент

Уральск

Актау

Атырау

Кызылорда

Павлодар

Петропавловск

Кокшетау

Костанай

Усть-Каменогорск

Семей

Талдыкорган

Экибастуз

Караганда

Темиртау

Жезказган

Тараз

Туркестан

Актобе

Аутизм және дамуында басқа ерекшеліктер бар 600-ден астам бала күн сайын мектепке баруға мүмкіндік алды. Қазақстанда алғаш рет елорданың № 34, № 89 балабақшаларында инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады. Жобаның ерекшелігі мектепті міндетті түрде әдістемелік сүйемелдеу (бұдан әрі – курация) болып табылады. Курация қажеттілігі аутизм және басқа да менталды бұзылыстары бар балалардың даму ерекшеліктеріне байланысты туындаған. Инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысы мінез-құлықты қолданбалы талдау әдістеріне негізделген.

ИНКЛЮЗИЯНЫ ҚОЛДАУ КАБИНЕТІ

бұл мектептегі қосымша бөлме, онда оқуда қиындықтары бар оқушылар оқу процесін үзбей-ақ өз қажеттіліктеріне сәйкес көмек алады.
МЕТОДИЧЕСКОЕ СОПРОВОЖДЕНИЕ
Супервизор - супервизия етуге құқығы бар ВСВА немесе ВСаВА деңгейіндегі мінез-құлық талдаушысы халықаралық сертификаты бар психология ғылымдарының магистрі. Халықаралық үлгідегі сертификаттан басқа, оның міндетті түрде ИҚК жұмысын ұйымдастырудың, академиялық дағдыларды үйретудің және мінез-құлықты түзетудің практикалық дағдылары болуы тиіс. Кураторлардың тәжірибесіне жетекшілік етеді.
Куратор - ВСаВА/ВСВА деңгейіндегі оқудың толық бағдарлдамасын (4 курсты) аяқтаған психология ғылымдарының бакалавры немесе магистрі, мінез-құлық маманы. Базасында ИҚК жұмыс істейтін білім беру ұйымының қызметкері болып табылмайды. Бір мезгілде әртүрлі білім беру ұйымдарындағы бірнеше ИҚК-на кураторлық ете алады, өйткені оның өзінің үнемі сабақта/кабинетте болуы керек емес.
ИҚК мұғалімі жеке бағдарламаға сәйкес оқу процесін жоспарлайды және жүзеге асырады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді, ИҚК-ге келетін оқушылардың әртүрлі іс-әрекетін ұйымдастырады және қолдайды. ИҚК-ге келетін оқушылар оқитын жалпы білім беретін сыныптардың мұғалімдерімен бірлесе отырып, олардың жалпы білім беретін сыныпта оқу процесінің ұйымдастырылуын анықтайды.
Тьютор (жекеше сүйемелдейтін адам) оқушының жеке бағдарламасына және сабақ жоспарларына сәйкес ИҚК оқушыларымен жеке сабақтар өткізеді. Танымдық қызығушылықтарды, дағдыларды анықтау, қалыптастыру және дамыту бойынша оқушымен жеке жұмыс жасайды, талдау жасау және бағдарламаны одан әрі жаңарту үшін күнделікті мәліметтер (мінез-құлқы, нұсқауларды орындау және т.б.) жинауды қамтамасыз етеді, білім беру процесінде оқушыны сүйемелдеп бірге жүреді, оқу материалын игеру үшін жеке материалдарды дайындайды.
АРНАЙЫ ЖАБДЫҚТАЛҒАН КАБИНЕТ
Кабинеттің арнайы жабдығы балаларға қажет болған жағдайда жеңілденуге, демалуға, балаға жеке қалыптастырылған кеңістікте білім алуға мүмкіндік береді, ал мамандар командасының ерекше оқушыларды оқыту үшін әрқайсысына жеке жағдай жасауға мүмкіндігі бар.
Ол үшін кабинетте 4 аймақ бар:

01.

Жеке сабақтар аймағы

02.

Демалыс және моториканы дамыту бойынша сенсорлық жеңілдену аймағы

03.

Топтық сабақтар аймағы

04.

Жоба кураторының жұмыс істеу аймағы

БІЗ КЕЛЕСІ ҚАДАМДАРДЫ ІСКЕ АСЫРАМЫЗ

01

Біз келесі қадамдарды іске асырамыз

02

Мектепті таңдау және инклюзияны қолдау кабинетін жабдықтау

03

Мамандар және сүйемелдейтін мамандар командасын қалыптастыру

04

ИҚК балалары мен мамандарына супервизия ету

Ерекше қажеттіліктері бар баланың ата-аналарының бағдары

жүктеп алу

біздің курстарымыз

ABA-терапиясында кіріспе курс

Ерекше білім беруді қажет ететін жасөспірімдердің кәсіби қызметіне дайындық бойынша оқу-өндірістік комбинаттар

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 7-11 сынып оқушыларына арналған оқу-өндірістік комбинаттар (ОӨК) немесе мамандандырылған кәсіптік алаңдар 2024 жылдың басында Астана қ. қоғамдық тамақтану және сервис колледжі мен Астана қ. бизнес, менеджмент және білім колледжі базасында жұмыс істей бастады.

Жобаға аутизм, Даун синдромы, Аперт синдромы, эпилепсия, жеңіл ақыл-ой кемістігі, Туретта синдромы, психикалық дамудың кешігуі және психо-сөйлеу дамуының кешігуі бар 13 пен 18 жас аралығындағы 34 жасөспірім қатысты.

Жобаның мақсаты - ерекше білім беруді қажет ететін жасөспірімдерге әлеуметтік бейімделуге, кәсіптік оқытуға және жұмысқа орналасуға көмектесу.

Оқыту «тігін өндірісі және киімді модельдеу», «тамақтануды ұйымдастыру – аспаз», «Тамақтануды ұйымдастыру Кондитер» және «Сәндік-қолданбалы өнер» бағыттары бойынша өтті. Оқу ұзақтығы 5 айды, аптасына 2 рет 3 сағатты құрады.

Пилоттық жоба қордың қайырымдылық қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Жобаның маңызды бөлігі оқу-өндірістік комбинаттың түлектеріне тағылымдамадан өтуге және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу болып табылады. Оқу өндірістік комбинатының 11 түлегі «Kunde», «Сrêpecafé» кафелерінде, елордалық «Lion» ательесінде, «Royal Catering» компаниясында және басқаларында тағылымдамадан өтті. Тағылымдама қорытындысы бойынша ерекше қажеттілігі бар үш жасөспірім жұмысқа орналастырылды.

Қазіргі уақытта Астана қаласында «Кондитер», «Тігінші» және «Наубайшы» мамандықтары бойынша оқу-өндірістік комбинаттың екінші тобы құрылуда. ОӨК жобасының серіктесі: «Даму» кәсіпкерлік қоры» АҚ.

КОЛЛЕДЖДЕ ОҚЫТУ

Қордың бастамасымен және елорда әкімдігінің қолдауымен 2024 жылдың қыркүйегінде Астана қаласының қоғамдық тамақтану және сервис колледжінде аутизм спектрі бұзылуы (АСБ) бар жасөспірімдерге арналған "Кондитер" және "тігінші" мамандықтары бойынша екі арнайы топ ашылды. Топтарда 20 адам оқиды, олардың 8-і оқу өндірістік комбинаттар түлектері.

Қор осы колледжде ерекше қажеттіліктері бар арнайы топтардың студенттеріне, соның ішінде AСБ бар жасөспірімдерге кешенді көмек пен қолдау көрсету үшін инклюзияны қолдау кабинетімен жабдықтаған. Кабинетте сенсорлық аймақ құрылды. Бұл аймақ эмоционалды жағдайды тұрақтандыруға және зейінді жақсартуға көмектесетін жұмсақ пуфтармен, диванмен, тактильді элементтермен жабдықталған. Сонымен қатар, әр студент үшін ыңғайлы кеңістік құру және алаңдаушылықты азайту үшін сыныпта бір адамдық жеке парта орналастырылған. Бұл тәсіл студенттерге жеке ерекшеліктері мен жеке кеңістіктегі қажеттіліктерін ескере отырып, оқуға назар аударуға мүмкіндік береді.

Caregiver Skills Training for Families of Children with Developmental Disoders (CST)

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ата-аналарға, отбасы мүшелеріне, қамқоршыларға, тәрбиешілерге және басқа да бала күтушілеріне дамуында кідірісі бар немесе дамуында артта қалған балаларды күту дағдыларын үйретуге арналған бағдарламасы.Бағдарлама әлемнің 20-дан астам елінде жүзеге асырылған.2023 жылдың желтоқсан айында Қор ата-аналарды CST тренингтерінде оқытуды бастады. Ата-аналарға арналған тренинг тегін.

Оқытудың мақсаты-ата-ана мен баланың оңтайлы өзара іс-қимылын дамыту, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бірлескен қатысу мен өзара қарым-қатынасты дамыту, мінез-құлықты басқару дағдыларын жетілдіру, бейімделу дағдыларын дамыту және отбасы өміріне қатысу арқылы жағымсыз мінез-құлықты азайту.

Сондай-ақ, жоба стрессті басқару дағдыларын дамытуды, мәселелерді шешуді және жалпы ата-аналардың әл-ауқатын жақсартуды көздейді.

Оқытуды Қор мамандары, сертификатталған мінез-құлық талдаушылары жүргізді. Форматы мен ұзақтығы - 9 топтық сабақ (әрқайсысы 2-2.5 сағат, апта сайын немесе екі аптада бір рет) және 3 үйге бару (әрқайсысы 90 минут).

Алматы, Көкшетау, Орал қалаларында барлығы 35 ата-ана мен маман оқытылды.

UNI Football League

Бұл инклюзивті футбол жобасы, аутизм мен Даун синдромы бар 13-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналып жасалған.  

Жобаның мақсатыбалалар мен жасөспірімдерге футбол арқылысапалы спорттық бағдарламаға қолжетімділік жасау және даму ерекшеліктері бар балалардың әлеуметтенуін қамтамасыз ету. Ерекшеәзірленген жарыс ережелері қатысушылардың ерекшеліктерін ескереотырып, ойын үшін барынша ыңғайлы жағдайлар жасауға бағытталған.  

Жоба 2023 жылдың қараша айында Астанада Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен «Болашақ» қорының жыл сайынғыҚысқы қайырымдылық балынан жинаған қаржыға бастау алды.  

2024 жылы «Freedom шапағат» корпоративтік қорының демеушілігіменҚазақстанның 8 қаласында бөлімдер ашылды.

Жобаның географиясы Қазақстанның 9 қаласын қамтиды: Астана, Шымкент, Атырау, Қарағанды, Петропавл, Ақтөбе, Тараз, Өскемен, Семей. 

Астанада аутизм және Даун синдромы бар 12 бала спорт секциясынақатысады. Жалпы алғанда 97 бала қамтылған.  

Аутизмі бар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған бейнелекциялар

Современный АВА. Современные подходы в коррекции НП
Денверская модель раннего вмешательства
8 навыков первой необходимости
Инструменты оценки навыков (VB-MAPP)
Пэйринг. Как стать специалистом
Навык просьбы. Оценка и начало вмешательства
Альтернативная коммуникация с помощью карточек ПЭКС и жестовая система коммуникации
⁠Социальные истории для детей с аутизмом

ЖОБА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Астанада аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған Инклюзивті футбол лигасының тұсаукесері өтті

Ирландияның футболдан құрама командасының жартылай қорғаушысы Джеймс Макклин мен ағылшын футболшысы Джон О’Кейннің қайндай ортақ тұстары бар...

2 мыңнан астам адам аутизм бар балаларды қолдап, Астанада өткен қайырымдылық жүгіріске қатысты 

18 мамырда Астанада екінші «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі өтті. Жиналған 13 млн теңгеге жуық қаражат балабақшаларда...

Мақсатпен жүгіреміз: «Run for autism» екінші қайырымдылық жүгірісі

18 мамырда Астанада аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату мақсатымен екінші жыл сайынғы «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі...

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram