Астанада аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған Инклюзивті футбол лигасының тұсаукесері өтті

26.06.24

Ирландияның футболдан құрама командасының жартылай қорғаушысы Джеймс Макклин мен ағылшын футболшысы Джон О’Кейннің қайндай ортақ тұстары бар екенін білесіз бе? Екеуінде де аутизм. Астанада аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған Инклюзивті футбол лигасы «UNI Football League» бірегей жобасының тұсаукесері өтті. Жобаны жасаушылар: «Болашақ» корпоративтік қоры және Қазақстан футбол федерациясы. Демеуші –  «Freedom Шапағат» қайырымдылық қоры арқылы Freedom Holding Corp.  

«UNI Football League» – бұл 13-18 жас аралығындағы аутизм және Даун синдромын қоса, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арнап әзірленген футбол жобасы. Жобаның мақсаты – дамуында ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдер үшін футбол арқылы сапалы спорттық бағдарламаға қол жеткізуге және әлеуметтенуге мүмкіндік жасау. Арнайы әзірленген жарыс регламенті қатысушылардың ерекшеліктерін ескереді және ойын үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.

«UNI Football League» жобасы Астанада 2023 жылдың қараша айында «Болашақ» қорының жыл сайынғы Қысқы қайырымдылық балынан түскен қаражатқа басталды. Астанада аутизм және Даун синдромы бар 12 бала секцияда жаттығып жатыр. Жалпы жобаның географиясы Қазақстанның 9 қаласын (Шымкент, Атырау, Қарағанды, Астана, Көкшетау, Петропавл, Тараз, Ақтау және Өскемен) қамтиды, онда қазіргі уақытта мамандандырылған футбол секцияларына қабылдау жүргізіліп жатыр және белсенді түрде командалар құрылып жатыр. 60 бала қамтылды. Жалпы жоба шамамен 160-тай бала мен жасөспірімді қамтиды деп күтілуде. Ал а.ж. қыркүйек айында Астана қаласында республикалық «UNI Football» чемпионатын өткізу жоспарланып отыр. Бұл турнир Қазақстанда менталдық бұзылыстары бар адамдар арасында футболды дамыту үшін ауқымды алаң құру жолындағы маңызды қадам болмақ.

Баспасөз-конференциясына «Болашақ» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің Төрайымы Динара Гаплан, Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділет Барменқұлов, Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегро мырза, «Freedom Шапағат» корпоративтік қорының Президенті Бағлана Мусина, «UNI FOOTBALL LEAGUE» футболдан инклюзивті лиганың басшысы Шыңғыс Темірханов, журналистер, блогерлер, Сенат депутаттары, қоғам қайраткерлері және ЕБбҚ бар балалардың ата-аналары қатысты.

Жобаның міндеттері: балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасай алатын, жаңа достар таба алатын және қарым-қатынас дағдыларын дамыта алатын жағдайлар жасау арқылы балаларды әлеуметтендіру; денені шынықтыру және координацияны дамыту; ерекше балаларға белсенді және жан-жақты қоғамдық өмір сүруге көмектесу, оларды әлеуметтік және спорттық іс-шараларға қатыстыру.

Жобаға білікті жаттықтырушылар тобы қосылды: әр қалада инклюзивті білім беру курстарынан өткен, мүмкіндігі шектеулі балалармен тәжірибесі бар B, C, D UEFA санатындағы жаттықтырушылар.

Қазақстан футбол федерациясы аутизм және Даун синдромы бар балалармен жұмыс істейтін жаттықтырушыларға арналған әдістемелік құрал жасау үстінде. Бұл құрал жаттығулар мен футбол іс-шараларын тиімді және қауіпсіз өткізе алатын білікті мамандарды даярлаудың маңызды құралы болады. Сондай-ақ ҚФФ «Болашақ» қорымен бірлесіп «UNI Football League» жаттықтырушылары мен қызмет көрсетуші персоналы үшін жыл сайын мамандандырылған курстар өткізуді жоспарлап отыр. Осы курстар жоба жаттықтырушыларының біліктілігін арттыруға және кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған, бұл футбол жаттығулары кезінде балаларды даярлау мен сүйемелдеудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

«UNI Football League еліміздегі инклюзивті футболды дамытуда маңызды қадам болатынына сенімдіміз. Жоба ерекше балаларға жаңа мүмкіндіктер ашады және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды белсенді әлеуметтік өмірге қосу арқылы олардың қоғамда қабылдануына оң әсер етеді. Қазақстан футбол федерациясы мен «Freedom» компаниясына жобаны қолдағандары үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Жоба қорымыздың жыл сайынғы Қысқы қайырымдылық балынан түскен қайырымдылық қаражатқа іске асырылуда. Қазақстан Республикасындағы Испания Корольдігінің Елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегро мырза өткен жылы қайырымдылық аукционына «Реал Мадрид» және «Барселона» футбол клубтары ойыншалырының автографтары қойылған футболкалар, испан шабандозы Фернандо Алонсоның автографы қойылған бейсболка, бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надальдің автографы қойылған футболка және т.б. қоса 7 бағалы спорттық лот беріп, қайырымдылық балына жеке қолдау көрсетті. Осы жобаны сол қаражат арқасында іске қостық.

Жалпы, Астана қаласы әкімі жанындағы Инклюзия жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмысы аясында біз ЕБбҚ бар балалардың спорт секцияларына, оның ішінде жоғары жетістіктер спорт түрлеріне қолжетімділігін кеңейту мәселелеріне үлкен көңіл бөлеміз», - деп атап өтті «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің Төрайымы Динара Гаплан.

«UNI Football League» жобасының мән-мағынасы терең. Бұл бастама балалардың барлығына тең мүмкіндік береді. Біз әр баланың футболдың бір бөлігі болғанын қалаймыз. Сонымен қатар, бұл ата-аналарды қолдайтын маңызды жобаға айналып отыр. Футбол мектептері еліміздің жеті қаласында жұмысын бастады. Федерацияның басты міндеті – футболдың әр бағытында маңызды жобаларды дайындап, олардың әрі қарай жандануына жол ашу, инвестор тарту. Осы жобаға қолдау көрсеткен «Болашақ» пен «Freedom Шапағат» ұйымдарына алғыс айттамын», - деп атап өтті Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов.

«UNI Football League» жобасы — бұл Инклюзивті футбол лигасы ғана емес. Бұл – армандардың, мүмкіндіктердің және адам мүмкіндіктеріне шексіз сенімнің алаңы», - деп атап өтті «Freedom Шапағат» корпоративтік қорының Президенті Бағлана Мусина.

Анықтама:

Аутизм бар атақты футболшылар   

Джеймс Макклин, Ирландияның футболдан құрама командасының жартылай қорғаушысы.

Диагнозы – аутизм.

Ол Ирландия құрамасында 2012 жылдан бері ойнап келеді, 96 матч өткізіп, 11 гол соққан.

«Менің қызым аутизмге шалдыққан. Оның бойынан байқаған көптеген нәрселерді мен өзімде де көремін. Сондықтан мен медициналық тексеруден өтуге шештім. Мен мұны қызыма оны түсінетінімді және аутизм оның мақсаттарына жетуге кедергі жасай алмайтынын және кедергі болмауы тиіс екенін білуі үшін жасадым», - дейді футболшы.

Джон О’Кейн, кәсіби ағылшын футболшысы.

Диагнозы – аутизм.

О'Кейн «Манчестер Юнайтед» сапында Чемпиондар лигасында, Англия кубогында және Лига кубогында ойнады. Джон О'Кейн футбол ойнап жүргенде оған аутизм диагнозы қойылған, бірақ ол бұл туралы айтпаған. Ауырғанына қарамастан ол мансабын тек 32 жасында аяқтады.

«Мен басқалар сияқты болуға бағдарламаланбадым», - дейді футболшы өзі туралы.

Ашық көздерден алынған.

👁 158
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Елордада мерейтойлық Қысқы қайырымдылық балына дебютанттарды іріктеу өтті

Астанада мерейтойлық XV Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты. «Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар...

Ерекше қажеттіліктері бар 30-дан астам жасөспірім колледждерде кәсіби дайындық бойынша сынамалы жоба шегінде өз оқуларын аяқтады

Астанада «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар жасөспірімдерге арналған оқу-өндірістік комбинаттар» сынамалы жобасының түлектеріне куәлік беру рәсімі өтті....

Астанада аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған Инклюзивті футбол лигасының тұсаукесері өтті

Ирландияның футболдан құрама командасының жартылай қорғаушысы Джеймс Макклин мен ағылшын футболшысы Джон О’Кейннің қайндай ортақ тұстары бар...

1 2 3 24

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram