Қазақстандағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар сапалы инклюзияға қол жеткізуі тиіс

17.02.22

Бейсенбі күні 17 ақпанда елордамыздың №92 мектеп-лицейінде дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинетінің ресми ашылуы өтті. Кабинет «Болашақ» қорымен елорда әкімдігінің қолдауымен «Tooba» халықаралық платформасында жиналған қайырымдылық қаражатына ашылды.

«Tooba» – түсімдердің ашықтығы мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған ұжымдық қайырымдылыққа арналған краудфандинг алаңы. Ресейде пайда болған қосымша өткен жылдан бастап Қазақстанда да қолжетімді болды. Қосымшаның 507 пайдаланушысы 2021 жылғы қаңтар-қараша аралығында Нұр-Сұлтанда инклюзияны қолдау кабинетін ашуға 1 млн 55 мың теңге жинады.

Бұл кабинет «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы аясында «Болашақ» қоры 2015 жылдан бастап елордада ашқан 11-ші кабинет болды. Қормен Қысқы қайырымдылық балдарында жиналған қаражатқа, сондай-ақ демеушілік қаражатқа барлығы Қазақстан бойынша мектептер мен балабақшаларда 46 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды.

Іс-шараға «Болашақ» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан, Қазақстандағы «Tooba» халықаралық қайырымдылық платформасының негізін қалаушылардың бірі Мадияр Төлеуғали, мамандар мен ата-аналар қатысты.

Инклюзияны қолдау кабинетінде 7 мен 10 жас аралығындағы аутизм бар 7 бала қолдау алады. Инклюзияны қолдау кабинетінің мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру. Кабинеттер 10 балаға дейін оқытуға арналған. Кабинет командасында 9 адам жұмыс істейді: куратор, мұғалім және 7 педагог-ассистент. Куратор әр оқушыға жеке даму бағдарламасын жасайды, ал педагог-ассистент пен мұғалім мектеп бағдарламасын игеруге және сыныптастарымен және мұғалімдермен өзара әрекеттесуге көмектеседі.

Іс-шара барысында қонақтар инклюзия кабинетінің жұмыс әдістерімен танысты. Олар жалпы сыныптағы сабаққа қатысып, ерекше балалардың мұғалімдермен және құрдастарымен өзара әрекеттесуін көре алды. Оқытушылар құрамымен және ата-аналармен сөйлесті.

 - Бүгін елордада 11-ші және Қазақстанда 46-шы инклюзияны қолдау кабинетінің ашылуында осы кабинеттің демеушілері болған «Tooba» халықаралық платформасының өкілдері қатысып отыр. Заманауи технологиялардың арқасында, краудфандингтік платформа арқылы жиналған қаражатқа кабинеттің ашылуы – бұл қор тарихындағы алғашқы жағдай.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Қазақстандағы балалар жылы деп жариялады. Осыған байланысты Үкімет мектептер мен бақтарда сапалы инклюзияны қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейтуі маңызды. Өткен жылдың соңында қабылданған «Білім туралы» ҚР Заңына қарамастан, оның нормаларын әкімдіктер әлі күнге дейін орындамайды. 2015 жылдан бастап біз Қазақстан бойынша инклюзияны қолдау кабинеттерін ашу, дамуында ерекшеліктері бар балаларды оқытуда әлемдік ғылыми дәлелденген әдістемелерді енгізу, мамандарды оқыту бойынша үлкен жұмыс атқардық. Өңірлердің әрбір мектепте осындай алаңдарды дербес ашуы, мамандарды әдістемелік сүйемелдеу және оқыту бойынша өздеріне міндеттемелер алуы өте маңызды, - деп атап өтті «Болашақ» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан. 

Жобаға қатысу тегін. Жоба серіктестері – «Nur Otan» партиясы, жергілікті атқарушы органдар.

Анықтама 

ҚР БҒМ ресми деректері бойынша Нұр-Сұлтанда ерекше білім беру қажеттілігі бар 13 597 бала тұрады, оның ішінде 2 256-сында аутизм бар. Жалпы, бейресми деректер бойынша Қазақстанда аутизм бар 30 мыңнан астам бала бар. 

«Болашақ» корпоративтік қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға арналған инклюзивті білім беру моделін әзірлеуге және Қазақстанның жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда енгізуге бағытталған. Қор 2015 жылдан бері Қазақстанның 17 аймағында 46 инклюзияны қолдау кабинетін ашты. Аутизм және басқа даму ерекшеліктері бар 600-ден астам бала мектепке баруға мүмкіндік алды. Балаларында ерекше білім алу қажеттіліктері бар 3500-ден астам отбасына консультация берілді. 3500-ден астам маман инклюзивті білім беру және қолданбалы мінез-құлықты талдау бойынша оқудан өтті, 420 жұмыс орны құрылды, 58 кабинет бүкіл Қазақстан бойынша қор мамандарының курациясымен жұмыс істейді. ҚР БҒМ мақұлдаған мінез-құлықты қолданбалы талдау негіздері бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курсы әзірленді және іске қосылды.  

Жоба аутизмі және басқа да даму ерекшеліктері бар балалардың мінез-құлқының бұзылуын білім беруде және түзетуде қолданылатын әдістердің жоғары тиімділігін көрсетті. Жобадағы балалардың 90%-ы сөйлеуді үйренді, 20 бала өз бетінше оқуға шықты және бұдан былай педагог-ассистенттердің қызметтеріне мұқтаж емес, ал 50 бала конкурстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері болды. 

Қор ЕББҚ бар балаларды алаламау және сапалы білім алу бөлігінде ҚР қолданыстағы заңнамасына 80-нен астам өзгерістер енгізді. Ағымдағы жылы Қор ABLLS-R және «Ерекше балалар. Мінез-құлықты қолданбалы талдауға кіріспе» кітаптарын қазақ тілінде шығаруға жоспарлап отыр. Бұл әдебиеттер мамандарға қазақ тіліндегі Түзету педагогикасының озық әдістемелеріне қол жеткізуге, сондай-ақ жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

👁 105
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні

«Болашақ» қорының серіктестері, республикалық БАҚ журналистері Астананың №95 мектеп-лицейіндегі инклюзияны қолдау кабинетіне келді. Кабинет «Болашақ» қорының «Bolashak...

«Айтулы ауру», «модаға айналған балалар диагнозы»: Астанда ЗЖБГ бойынша бірінші республикалық конференция өтті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйінсек бүкіл әлем бойынша шамамен балалардың 5%-да және ересек адамдардың 2,5%-да Зейін...

OI SANA жобасы аясында ерекше балалардың тағы 40 ата-анасы мен ЕБбҚ бар балалармен жұмыс істейтін мамандар қолдау алды 

Ерекше балалардың ата-аналары мен мамандарға арналған «Эмоционалды шаршау» тақырыбындағы алғашқы 4 психологиялық қолдау тобының жұмысы 2023 жылдың...

1 2 3 22

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram