Аутистикалық спектрі бұзылған және Даун синдромы бар балалардан тұратын UNI Football жасөспірімдер командасының ойыншыларына футболдан Қазақстанның құрама командасының формасы сыйға тартылды. Футболдан инклюзивті секцияны «Болашақ» корпоративтік қоры 2023 жылдың қараша айында Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен ашқан болатын. Секцияда 12 бала жаттығады.
Ағымдағы жылы Қазақстанның бірнеше аймағында футболдан ерекше балаларға арналған инклюзивті секцияларды ашу жоспарланып отыр. 2024 жылдың соңында инклюзивті футбол лигасының құрылуы жоспарланып отыр және УЕФА бұл бастамаға қолдау көрсететіні белгілі болды.
Инклюзивті секцияға қатысу үшін педиатрдан денсаулық жағдайы туралы анықтама қажет.
Қосымша ақпарат үшін телефон: 8 7172 500 618.

«Bolashak Charity» қоғамдық қоры Қазақстан футбол федерациясымен бірлесіп және «Freedom Shapagat» қорының демеушілігімен жүзеге асырылып жатқан UNI...

Астанада аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балалардың ата-аналарына арналған төртінші жыл сайынғы Autism Talks-2026 кездесуі өтті. Іс-шара...

Астанада IV жыл сайынғы қайырымдылық Run for Autism жүгіру жарысына арналған баспасөз конференциясы өтті. Run for Autism...