Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы Жакупова және «Даму» қорының басқарма төрайымы Гаухар Асылбекқызы Бөрібаева «Оқу-өндірістік комбинаты» жобасы аясындағы сабақтарға қатысты. Бұл жоба Астана қаласындағы қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету колледжінің базасында өтеді.
Қонақтарымыз аутизм және басқа да ерекшеліктері бар 10 жасөспірім қатысатын «Кондитерлер» тобымен танысты.
Қор төрағасы Динара Гаплан жобаның ерекшеліктері мен оқыту әдістемесіне тоқталды. Сондай-ақ кездесуге Білім басқармасының, Еңбек министрлігінің өкілдері мен ерекше балалардың ата-аналары қатысты.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының демеушілігінің арқасында биыл «Кондитер», «Наубайшы», «Тігін» секілді 3 топты іске қостық. Ал бұл 6 айдың ішінде оқып, мамандық игеретін 30 ерекше жасөспірімді қамтиды. 2025 жылдың мамыр айында олар курсты бітіру туралы сертификаттар алады, содан кейін біздің қор оларға жұмысқа орналасуға көмектеседі.
Жобаны қолдағаны үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына, қызығушылық танытқан Еңбек министріне және жемісті ынтымақтастық үшін колледж басшылығына шын жүректен алғыс айтамыз.

25 тамызда Қорғалжын ауылындағы Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Bolashak Charity» қоғамдық қорының «Әр бала...

26 маусым күні Орал қаласында «Сервис» технологиялық колледжінің базасында менталдық даму ерекшеліктері бар жасөспірімдер мен жастарға арналған...

Астана қаласының Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде менталдық даму ерекшеліктері бар жасөспірімдер мен жастарға арналған кәсіби оқытудың...