Ерекше қажеттіліктері бар 30-дан астам жасөспірім колледждерде кәсіби дайындық бойынша сынамалы жоба шегінде өз оқуларын аяқтады

10.07.24

Астанада «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар жасөспірімдерге арналған оқу-өндірістік комбинаттар» сынамалы жобасының түлектеріне куәлік беру рәсімі өтті. ЕБбҚ бар 34 жасөспірім елорда колледждерінде «Аспаз», «Кондитер», «Тігін ісі», «Сәндік-қолданбалы өнер» мамандықтары бойынша оқуды сәтті аяқтады. Жобаны «Болашақ» қоры «Әр бала мектепке баруға лайықты» бағдарламасы аясында Астана қаласы әкімдігінің және «AMANAT» партиясының қолдауымен жүзеге асырып отыр.

Оқу-өндірістік комбинаттар немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар 7-11 сынып оқушыларына арналғанмамандандырылған кәсіби алаңдар өз жұмысын 2024 жылдың басындн Астана қ. Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі және Менеджмент, бизнес және білім колледжі негізінде бастады. Жобаға аутизм, Даун синдромы, Аперт синдромы, эпилепсия, ақыл-ой дамуы жеңіл тежелген, Туретт синдромы, психикалық дамудың кешігуі және психикалық-сөйлеу дамуының кешігуі бар 13-18 жас аралығындағы 34 жасөспірім қатысты.

Жобаның мақсаты – ЕБбҚ бар жасөспірімдерге әлеуметтік бейімделуге, кәсіптік білім алуға және жұмысқа орналасуға көмектесу. Оқыту «Тігін өндірісі және киімді модельдеу», «Тамақтануды ұйымдастыру – аспаз», «Тамақтануды ұйымдастыру – Кондитер» және «Сәндік-қолданбалы өнер» бағыттары бойынша өткізілді. Оқудың ұзақтығы – 5 ай болды, 3 сағаттан аптасына 2 рет. Осы уақыт ішінде ЕБбҚ бар балалар көптеген құнды дағдыларды меңгерді: әртүрлі маталармен жұмыс істеу негіздері, тігін техникасы мен түрлері, тігін машиналарын пайдалану, тағамдарды дайындау, турау техникалары, ас үйде гигиена және қауіпсіздік нормалары, кондитерлік өнімдерді дайындау, қамырмен жұмыс. Балалар тәртіпті және тәуелсіз бола бастады. Бұл дағдылар олардың кәсіби ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, сонымен бірге колледжге сәтті түсуге және болашақта жұмысқа орналасуға дайындап, олардың өзіне деген сенімділігін арттырды.

Іс-шараға «Болашақ» қорының Қамқоршылық Кеңесінің Төрайымы Динара Гаплан, «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова, елорданың білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің директоры Зәуре Қылышбаева, ЕБбҚ бар жасөспірімдер, ата-аналар, мамандар, әлеуметтік кәсіпкерлер және басқалар қатысты. 

«Осы сынамалы жобаның арқасында біз мектепке дейінгі, мектеп және орта арнаулы білім беру ұйымдарындағы алаңдарды қамтитын үздіксіз оқыту жүйесін құрып жатырмыз. Астана – аутизм бар және басқа да менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған алаңдар балабақшалар мен мектептерде ашылған Қазақстандағы жалғыз қала, енді әкімдікпен ынтымақтастығымыздың арқасында ЕБбҚ бар жасөспірімдер колледждерге түсуге мүмкіндігі біраз артып отыр. Қала әкімдігіне, «AMANAT» партиясына және әлеуметтік кәсіпкерлер қатарынан серіктестерімізге жобаны қолдағандары үшін алғыс айтамын. Біздің түлектер кәсіпорындарда өз пайдасын тигізе алады деп сенеміз, бұл олардың әлеуметтенуі мен қоғам өміріне қосылуының маңызды кезеңі болмақ», - деді «Болашақ» корпоративтік қорының Қамқоршылық Кеңесінің Төрайымы Динара Гаплан.

«Менің ұлым өз мейрамханасын ашуды армандайды. Ана ретінде мен ұлым үшін өте қуаныштымын және ол осында қуана келетінін мақтан тұтамын, бұл оның мамандық алуына мүмкіндік және үміт береді. Егер бұл мүмкіндікті тек бір кәсіби қолдау ретінде ғана емес, ең алдымен бұл оқыту, ең бастысы, өзіне тамақ пісіріп, өзін тамақтандыруға және осы арқылы өз отбасын бақытты етуге мүмкіндік береді» - деді Ксения Цун, «Аспаз» бағыты бойынша ОӨК оқушысы ерешке баланың анасы.  

ОӨК түлектеріне тағылымдамадан өтуге және жұмысқа орналасуға көмектесу жобаның маңызды бөлігі болып табылады. Іс-шараға ерекше жасөспірімдердің кәсіби қалыптасуына қолдау көрсететін әлеуметтік кәсіпкерлер, соның ішінде «Kunde» әлеуметтік дәмханасының, CrêpeCafé дәмханасының, «Lion» елорда ательесінің, «Royal Catering» компаниясының басшысы және басқалары қатысты. Іс-шара шегінде әлеуметтік жоба түлектерінің тағылымдамадан өтуі туралы серіктестермен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Сондай-ақ, биыл 9 сыныпты бітірген 8 ЕБбҚ бар жасөспірімдер ОӨК-ден кейін колледжге түсті.

👁 46
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Ерекше қажеттіліктері бар 30-дан астам жасөспірім колледждерде кәсіби дайындық бойынша сынамалы жоба шегінде өз оқуларын аяқтады

Астанада «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар жасөспірімдерге арналған оқу-өндірістік комбинаттар» сынамалы жобасының түлектеріне куәлік беру рәсімі өтті....

Астанада аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған Инклюзивті футбол лигасының тұсаукесері өтті

Ирландияның футболдан құрама командасының жартылай қорғаушысы Джеймс Макклин мен ағылшын футболшысы Джон О’Кейннің қайндай ортақ тұстары бар...

Disney және Pixar студияларының «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмі Disney-дің тікелей қолдауымен қазақ тіліне дубляждалды!

Естеріңізде болса «Ойжұмбақ» анимациялық фильмінің бірінші бөлімін осыдан 9 жыл бұрын біздің қорымыз қазақ тіліне дубляждаған болатын....

1 2 3 24

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram