Елордада алғаш рет Disney-дің қазақ тіліндегі лицензиялық киноконцерті өтті

23.12.21

«Жұлдыздар шеруі» киноконцерті – әлемге әйгілі Disney компаниясы мен «Болашақ» қазақстандық қайырымдылық қорының кезекті бірлескен мәдени жобасы. Жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтары елордада алғаш рет 22 желтоқсанда өткен Disney-дің «Жұлдыздар шеруі» киноконцертінде болған сиқыр мен ертегіге бөленді. Міне, «Болашақ» корпоративтік қоры өзінің 10 жылдық мерейтойында елорда тұрғындарына осындай сыйлық сыйлады.

«Жұлдыздар шеруі» киноконцерті – бұл Disney-дің әлемдік киноконцерттерінің бірегей желісінің жалғасы. Ол Лондон, Сан-Франциско, Токио, Сидней, Париж, Мәскеу және басқа қалалардың үздік концерттік залдарында өткізіледі. Қордың арқасында Орталық Азиядағы тұңғыш киноконцерт 2018 жылы Алматыда аншлагпен өткізілді. Содан бері киноконцерттер Қазақстанда жыл сайын өткізіледі. Биылғы іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының әкімідігі қолдауымен өткізілді.

Киноконцерт – түпнұсқалық партитураларды, бейнеқатар мен Disney-дің техникалық стандарттарын қолдана отырып өткізілетін ресми лицензиялық киноконцерт. Киноконцерттер оркестрдің орындауындағы жанды музыкамен және вокалдық сүйемелдеумен кино көру форматында өткізіледі.

Нұр-Сұлтандағы киноконцертте біздің отандасымыз, Black Star inc. лейблінің әртісі Nazima өнер көрсетті. Әнші Disney-дің 1998 жылғы «Мулан» анимациялық фильмінен «Reflection» әнін қазақ тілінде орындады. Сондай-ақ «Qazaqstan» ОКЗ сахнасында Super Star Kz жобасының қатысушысы Динара Сұлтан, «Жұлдызды жекпе-жек» музыкалық шоуының жеңімпазы Гүлсім Мырзабекова, «Славянский базар-2017» фестивалінің дипломанты Ayree, «RinGo» тобының солисі Данияр Өтеген, әнші Adam, «Turkvision» байқауының және «I'm singer» халықаралық телешоуының финалисі Жарқынай Ханайым, «Голос. Украина» байқауына қатысушы Инди Еділбаева, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Әлібек Әлмадиев, «Saz&Soul» тобының солисі, әнші Димаш Құдайбергеннің бэк вокалисі Зарина Божакова, 11 жасар әнші Бекнұр Ыбырай және басқалары өнер көрсетті.

Әртістер Disney-дің «Арыстан патша»/«Король Лев», «Су перісі»/«Русалочка», «Сұлу мен Құбыжық»/«Красавица и Чудовище», «Мулан», «Аладдин» және «Покахонтас» сынды классикалық жауһарларынан, сонымен қатар студияның «Мұзды өлке»/«Холодное сердце», «Моана», «Рапунцель: шым-шытырық оқиға»/ «Рапунцель: Запутанная история» және «Аңдар шаһары»/«Зверополис» сынды заманауи сүйікті анимациялық фильмдерінен аңызға айналған композицияларды орындады.

Концерттің бағдарламасы Қазақстан үшін арнайы жасалған. Киноконцертте қазақ тілінде орындалған әндер «Өзіңнен баста» жобасы аясында қормен қазақ тіліне дубляждалған фильмдерден алынған. Киноконцертте орындалған әуендер 11 «Оскар» сыйлығын алған.

«Бұл ғажайып, таң қаларлық концерт – қордың 10 жылдық мерейтойына орай елорда тұрғындарына арналған сыйлық. Бұл мультимәдениетті халықаралық шара ана тіліміздің байлығы мен сұлулығын көрсетеді. Қазақ тілінде сапалы контент жасау жолында біз әлемге әйгілі киностудиялардың 38 фильмін қазақ тіліне дубляждадық, киноконцерт сол көп жылғы еңбегіміздің заңды жалғасы болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, Disney мультфильмдерінде әндер көп. Әртістеріміз сол әндерді қазақ тілінде орындағанда, әр дайым әншілік дарыны және қазақ тілінің музыкалдығы туралы жылы лебіздер айтылады», - деп атап өтті қордың Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан. 

Әндер «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен жанды дауыспен орындалды. Жуырда ғана құрылған оркестрдің құрамына қазіргі қазақстандық музыка мәдениетінің үздік өкілдері, Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан және Грузиядан келген тәжірибелі мамандар кірді. «Астана Балет» симфониялық оркестрінің бас дирижері – Арман Оразғалиев.

Іс-шараға «Болашақ» қоры Қамқоршылық кеңесінің Құрметті мүшесі, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, «Болашақ» қауымдастығы Кеңесінің құрметті мүшесі Алтай Көлгінов, елорда тұрғындары, блогерлер, медиа-тұлғалар қатысты. Сондай-ақ «SOS Балалар ауылы», «Особые праздники» ҚҚ және балалары «Болашақ» қорының инклюзияны қолдау кабинеттерінде оқитын ерекше балалары бар отбасылардан 100-ге жуық бала концерт көрермені болды.

Билет сатудан түскен қаражат инклюзивті білім беру және дарынды жастарды қолдау жобаларын дамытуға «Болашақ» қорына аударылады. 2018 жылдан бері Қазақстандағы Disney киноконцерттеріне 10 мыңнан астам көрермен келді, оның ішінде 600-ден астамы балалар үйінің тәрбиеленушілері, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар. Қордың қайырымдылық жобаларын қолдауға билет сатудан 8 000 000-нан астам теңге түсті.

👁 322
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Ерекше қажеттіліктері бар 30-дан астам жасөспірім колледждерде кәсіби дайындық бойынша сынамалы жоба шегінде өз оқуларын аяқтады

Астанада «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар жасөспірімдерге арналған оқу-өндірістік комбинаттар» сынамалы жобасының түлектеріне куәлік беру рәсімі өтті....

Астанада аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған Инклюзивті футбол лигасының тұсаукесеріөтті

Ирландияның футболдан құрама командасының жартылай қорғаушысы Джеймс Макклин мен ағылшын футболшысы Джон О’Кейннің қайндай ортақ тұстары бар...

Disney және Pixar студияларының «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмі Disney-дің тікелей қолдауымен қазақ тіліне дубляждалды!

Естеріңізде болса «Ойжұмбақ» анимациялық фильмінің бірінші бөлімін осыдан 9 жыл бұрын біздің қорымыз қазақ тіліне дубляждаған болатын....

1 2 3 24

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram