Елордада 8 желтоқсан күні XIV Қысқы қайырымдылық балы өтеді

07.11.23

Бұл – 2012 жылдан өткізіліп келе жатқан өз тарихы бар жалғыз бал.

Елордада 8 желтоқсан күні Hilton Astana қонақ үйінде XIV Қысқы қайырымдылық балы өтеді. «Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуы мәселелеріне қоғамның назарын аудару және дарынды жастарды қолдау мақсатында балды 2012 жылдан бері жыл сайын өткізіп келеді.

Әдетте бизнесмендер, меценаттар, YPO мүшелері, саясаткерлер, шет мемлекеттердің елшілері, әйгілі әртістер, блогерлер Қысқы қайырымдылық балына қонақ болады. Іс-шараның айшықты белгісі – бал дебютанттары. Биыл балға 30 дебютант қатысады. Жыл сайын дебютанттар кастингіне 100-ден астам адам қатысады.

Балдың қонақтары классикалық вальстен «жалынды» латиноға дейін дебютанттар биімен, салтанатты кешкі ас, бағалы лоттар аукционы, сондай-ақ жүлделер ұтыс ойыны бар ғажайып атмосфераға бөленеді.

Балдың бағдарламасында:

- дебютанттармен билер: классикалық вальстен «жалынды» латиноға дейін;

- салтанатты кешкі ас;

- өнер бұйымдарының және спорт атрибутикасының аукционы;

- қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуі;

- іс-шара серіктестерінен құнды сыйлықтар ұтыс ойыны.

Жиналған қаражат «Болашақ» корпоративтік қорының ерекше қажеттіліктері бар балаларға және дарынды жастарға арналған «Әр бала мектепке баруға лайықты» және «Жол жүру гранттары» қайырымдылық бағдарламаларына жұмсалады.

Қайырымдылық балдарында жиналған қайырымдылық қаражатқа қор 80-нен астам мамандандырылған оңалту мекемесін, оның ішінде барлық Қазақстан бойынша 56 инклюзияны қолдау кабинетін ашып, жабдықтады. Аутизм және дамуында басқа ерекшеліктер бар 800-ден астам бала мектепке бару мүмкіндігіне ие болды. 3000-нан астам маман оқытылды, инклюзивті білім беру саласында 500-ден астам жұмыс орны ашылды, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 120-дан астам білім беру және жол жүру гранты тағайындалды.

Қайырымдылық қаражатты пайдаланудың ашықтығын сақтау мақсатында www.bolashakcharity.kz сайтында қаржылық есептер жарияланады.

Балдың демеушілері: «Нұрбанк» АҚ, «Caspian Integrated Services» компаниясы, «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ.

Балдың серіктестері: «Hilton Astana» қонақ үйі, «MYD Production» компаниясы, «Red Panda» полиграфиясы, The «Sun» компаниясы, Астананың Халықаралық мектебі және т.б.

Балдың ақпараттық серіктестері: ҚР Президентінің Телерадиокешені, «We Project» халықаралық порталы, «Sxodim Group» медиахолдингі, «Nur Media» холдингі, «Sputnik Қазақстан» ақпараттық агенттігі, «Besmedia», «Massaget.kz», «Smartnews.kz». 

Қайырымдылық саласындағы жылдың басты оқиғасын өткізіп алмаңыз! XIV Қысқы қайырымдылық балының қонағы болыңыз және жүйелі қайырымдылықтың дамуына өз үлесіңізді қосыңыз!

Балға билетті sxodim.com сайтында сатып алуға болады. 

👁 211
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

2 мыңнан астам адам аутизм бар балаларды қолдап, Астанада өткен қайырымдылық жүгіріске қатысты 

18 мамырда Астанада екінші «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі өтті. Жиналған 13 млн теңгеге жуық қаражат балабақшаларда...

Мақсатпен жүгіреміз: «Run for autism» екінші қайырымдылық жүгірісі

18 мамырда Астанада аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату мақсатымен екінші жыл сайынғы «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі...

Аутизм туралы халықаралық конференцияда не туралы сөз қозғалды 

Астанада Назарбаев Университетінде «Шектеуден тыс: Аутизм жолындағы мүмкіндіктерді кеңейту» атты аутизмге арналған Халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға инклюзивті...

1 2 3 23

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram