Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні

02.04.24

«Болашақ» қорының серіктестері, республикалық БАҚ журналистері Астананың №95 мектеп-лицейіндегі инклюзияны қолдау кабинетіне келді. Кабинет «Болашақ» қорының «Bolashak Bright» жобасы аясында жиналған қайырымдылық қаражатына жабдықталған. Кабинетте аутизм және басқа да менталдық бұзылыстары бар 14 бала оқиды. Жалпы «Болашақ» қоры елордада 18 инклюзияны қолдау кабинетін ашып, жабдықтады. 2015 жылдан бері мұнда 150-ге жуық бала оқып шықты. Барлығы қор Қазақстанның 22 қаласында мектептер мен балабақшаларда 57 инклюзияны қолдау кабинетін ашты. Аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар 800-ден астам бала мектепке баруға мүмкіндік алды.

Ресми мәлімет бойынша Қазақстанда аутизм диагнозы қойылған 12 мыңнан астам бала тұрады, ол балалардың 3 479-ы елордада тұрады. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметі бойынша әрбір 36-балаға аутизм диагнозы қойылған.

«Bolashak Bright» акциясына қатысушылар инклюзияны қолдау кабинетін жабдықтауға барлығы 781 748 теңге жинады. 307 адам қайырымдылық қаражат аударған. Дәстүр бойынша қайырымдылық жасаушылар арасында жүлделер мен сыйлықтар ұтысы өткізілді. Бас жүлде COFFEEDAY әлемдік кофеханалар желісінен бір жылдық кофе қоры болды. Бас жүлдені Астана тұрғыны Гүлдана Сакиева иеленді. «Bolashak Bright» – бұл bolashakbright.kz қайырымдылық онлайн платформасы, мұнда әр адам Қазақстанның қайырымдылық қорларына қайырмалдық жасап, бағалы жүлделер мен сыйлықтар ұтысына қатыса алады.

Іс-шараға «Болашақ» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан, COFFEEDAY әлемдік кофеханалар желісінің тең құрылтайшысы Алмас Үркімбаев, MYD Production және Turkish Airlines компанияларының өкілдері, Bolashak Bright акциясының жеңімпазы, «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасының мамандары мен ата-аналары қатысты.

Қонақтар инклюзияны қолдау кабинетінің жұмысымен танысып, инклюзивті білім беруді дамыту бөлігіндегі қордың соңғы іс-шаралары мен бастамалары туралы білді.

«Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің Төрайымы Динара Гаплан: «Бүгін бүкіл әлемде атап өтілетін осы бір маңызды күні біз серіктестерімізге, журналистерге қор әзірлеген инклюзивті білім беру моделі қалай жұмыс істейтінін көрсеткіміз келеді. 2015 жылы біз инклюзияны қолдау кабинеттерінің моделін әзірледік, ал қазір біздің моделіміз 700-ден астам білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру жүйесіне енгізілді. Бір кездері біздің жобаға келген кішкентай балапандар, міне қазір 9-сыныпты бітірейін деп жатыр. Сондықтан да бүгінде біз аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар балалардың қарапайым кәсіптерге оқуы үшін инклюзия саласындағы басқа қорлармен бірге белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Біз аутизм және басқа да менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған үздіксіз білім берудің толық циклін жасадық, сонымен қатар олардың кәсіби, спорттық тұрғыдан жан-жақты дамуына жағдай жасап жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей, біз балабақшалар мен мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттерін ашамыз. Ал жақында біз «Аспаз», «Кондитер», «Тігін ісі», «Сәндік-қолданбалы өнер» бағыттары бойынша аутизм бар жасөспірімдерге арналған оқу-өндірістік комбинаттарды іске қостық. Бұл аутизм бар жасөспірімдердің одан әрі арнаулы орта білім алуына және жұмысқа орналасуына мүмкіндіктер туғызады.

Қазір біз ашқан ОӨК-де 7-10 сыныптарының 40 баласы оқып жатыр. Біз UNI Football инклюзивті футбол секциясын аштық. Секцияда аутизм және Даун синдромы бар 12 бала жаттығады. Сонымен қатар біз ата-аналардың қамын ойлаймыз. Өткен жылы біз Ерекше балалардың ата-аналары мен мамандарға арналған психологиялық қолдау топтары жұмысын бастады, бізге 40-тан астам адам көмек сұрап жүгінді. 

Жергілікті атқарушы билік тарапынан қолдау туралы айтып өткім келеді. 2023 жылға дейін Қазақстанда тек екі балабақшада ғана инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс істеді. Өткен жылы Білім басқармасының және елорда әкімінің жеке қолдауымен біз елорданың балабақшаларында 8 қолдау кабинетін аштық, ал биыл тағы 24 балабақшада кабинеттер ашу жоспарлануда. Бұл инклюзивті білім беруді дамытудағы өте маңызды қадам». 

Жұртшылықты аутизм мәселесі туралы ақпараттандыру мақсатында «Болашақ» қоры емханаларға арнап аутизм туралы ақпараттық стендтің дизайнын әзірледі. Аутизм туралы стендтер Астана қаласының 20 емханасында орналастырылуда. Сонымен қатар қор Астанада сәуірдің 17-18 күні инклюзивті білім беру саласындағы АҚШ, Франция, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдердің сарапшылары қатысатын «Шектеуден тыс: аутизм жолындағы мүмкіндіктерді кеңейту» атты аутизм туралы Халықаралық конференциясын өткізеді. Қордың bolashakcharity.kz сайтында конференцияға тіркелуге болады.   

            Сонымен бірге жұртшылық арасында кеңінен насихаттау мақсатында қор а.ж. 2 сәуірде «Бәйтерек» ғимараты мен «Нұр Әлем» сферасын символикалық аутизм түсі көк түспен жарықтандыруды ұйымдастырды.  

«Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы «AMANAT» партиясының қолдауымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шегінде жүзеге асырылады. 

👁 281
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Министрге ерекше балаларға арналған «Оқу-өндірстік комбинаты» жобасын көрсеттік

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы Жакупова және «Даму» қорының басқарма төрайымы Гаухар...

Қазақстандааутизм және Даун синдромы бар 100-ден астам бала футбол секциясына тегін қатысады

10 желтоқсанда Дүниежүзілік адам құқықтары күні Астанада «UNI Football League» инклюзивті футбол лигасы секциясының ашық жаттығуы өтті....

Елордада мерейтойлық Қысқы қайырымдылық балына дебютанттарды іріктеу өтті

Астанада мерейтойлық XV Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты. «Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар...

1 2 3 25

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram