«Болашақ» қоры «ABLLS-R. Сөйлеу және үйренудің негізгі дағдыларын бағалау құралын» қолдану бойынша қазақ тілінде тренинг өткізеді

18.09.23

«Болашақ» қоры ағымдағы жылдың 28-29 қыркүйегінде Астана қаласында қор қазақ тіліне аударған PhD докторы, BCBA-D Джеймс Партингтонның «ABLLS-R. Сөйлеу және үйренудің негізгі дағдыларын бағалау» құралының тұсаукесерін өткізеді. Жинақ аутистикалық спектрі бұзылған және дамуында басқа ерекшеліктері бар балаларға арналған тестілеуді өткізу, балаға жеке дамыту жоспарын құру, дағдыларды бағалау жүйесі бойынша нұсқаулық пен протоколдан тұрады.

Қор бірнеше жылдан бері аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар балалардың ата-аналары мен мамандар үшін ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жөніндегі кәсіби әдебиетті қазақ тіліне аударумен айналысып келеді. 2021 жылы Шеврон компаниясының қолдауымен Ю.Ерц пен О.Мелешкевичтің «Ерекше балалар. Қолданбалы мінез-құлық талдауына кіріспе» атты кітабы қазақ тіліне аударылып шығарылды. Бұл қолданбалы талдау бойынша қазақ тіліне аударылған тұңғыш кітап болды. Кітаптар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мамандарға, ата-аналарға, мұғалімдерге және түрлі орталықтарға тегін берілді.

Қолданбалы талдау бойынша қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныстың артып келе жатқанын ескере отырып, қор американдық мінез-құлық талдаушысы Джеймс Партингтонның «ABLLS-R Guide» және «ABLLS-R Protocol» атты  құнды құралды қазақ тіліне аударды. ABLLS-R. (Assessment of Basic Language and Learning Skills-Revised) аутизм бар балалардың сөйлеу және үйрену дағдыларының дамуын бағалау мен бақылаудың жан-жақты жүйесі болып табылады, сонымен қатар жеке оқыту бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ тұсаукесер шегінде «ABLLS-R» құралдар жиынтығымен жұмыс істеу бойынша қазақ және орыс тілдерінде тренингтер өтеді.

Мамандар мен ата-аналарды құралдар жинағының тұсаукесеріне және сөйлеу және үйренудің негізгі дағдыларын бағалау әдістемесін қолдану бойынша тренингке шақырамыз. Мұнда сіздер ABLLS-R көмегімен балалармен тиімді жұмыс істеу үшін қажетті практикалық дағдылар мен ұсыныстарды алатын боласыз. Екі күндік тренингті аяқтаған соң сіз тренингке қатысып, одан сәтті өткені туралы сертификат аласыз.

Сондай-ақ, «ABLLS-R. Сөйлеу және үйренудің негізгі дағдыларын бағалау құралын» қазақ және орыс тілдерінде сатып алу мүмкіндігі бар екенін хабарлаймыз. Қосымша ақпарат үшін +7 (7172) 500 618 немесе deti@bolashak.kz поштасы арқылы байланысуға болады.

Қатысу үшін тіркеу формасын толтыру қажет. Тренингке мына сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://forms.gle/472SZyEp9aykCNuEA

Күні: 2023 жылғы 28-29 қыркүйек.

Уақыты: сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін, тіркеу сағат 9.00-де басталады.

Мекенжайы: Астана қ. Ұлы Дала даңғылы 8/5, № 96 мектеп-гимназия.

Қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://forms.gle/472SZyEp9aykCNuEA

«ABLLS-R. Сөйлеу және үйренудің негізгі дағдыларын бағалау құралын» қазақ және орыс тілдерінде сатып алуға болады. Бағасы: 27 500 теңге.

Сатып алу үшін +7 (7172) 500 618 нөміріне немесе deti@bolashak.kz пошта арқылы хабарласуға болады. 

Іс-шараның бағдарламасы қоса беріледі.  

👁 218
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

2 мыңнан астам адам аутизм бар балаларды қолдап, Астанада өткен қайырымдылық жүгіріске қатысты 

18 мамырда Астанада екінші «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі өтті. Жиналған 13 млн теңгеге жуық қаражат балабақшаларда...

Мақсатпен жүгіреміз: «Run for autism» екінші қайырымдылық жүгірісі

18 мамырда Астанада аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату мақсатымен екінші жыл сайынғы «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі...

Аутизм туралы халықаралық конференцияда не туралы сөз қозғалды 

Астанада Назарбаев Университетінде «Шектеуден тыс: Аутизм жолындағы мүмкіндіктерді кеңейту» атты аутизмге арналған Халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға инклюзивті...

1 2 3 23

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram