Ура, Ура! Tooba платформасын пайдаланушылардың арқасында біз тағы бір инклюзияны қолдау кабинетін жабдықтандыруға 1 миллион теңгеден астам қаражат жинадық. Бұл сіздер 10 ерекше балаға мектепте оқуға мүмкіндік бердіңіздер деген сөз! ??????
Tooba – бұл қосымша ретінде ұсынылған ұжымдық қайырымдылыққа арналған платформа.
Қайырымдылық акциясына 507 адам қатысты, баршаңызға мейірімді жүректеріңізге рахмет! Сондай-ақ @tooba платформасының негізін қалаушы Рамазан Маджидов пен Tooba @tooba_kazakhstan командасына: Расул Абдуллаевқа, Мадияр Төлеуғали, Әсел Налыбекова және Тамирис Күшалиеваға шексіз алғысымызды білдіреміз.
? Біздің қордың платформада қаражат жинау мақсаты «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы аясында ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін жаңа инклюзивті қолдау кеңсесін ашу болды.
____________________
Достар, сонымен қатар осы сайттың (bolashakcharity.kz) оң жақ жоғарғы бөлігіндегі «Жарна төлеу» түймесін басу арқылы біздің қорға қайырымдылық жасай алатыныңызды еске саламыз.

Атырауда «Дағдыдан дербестікке» атты іс-шарада өңірдегі алғашқы оқу-өндірістік комбинаттың (ОӨК) аралық нәтижелері таныстырылды. Қонақтар ерекше білім беру...

Аутизмі, Даун синдромы, ДЦП және басқа да даму ерекшеліктері бар 90-ға жуық бала бір футбол алаңында бас...

25 тамызда Қорғалжын ауылындағы Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Bolashak Charity» қоғамдық қорының «Әр бала...