Аутизм спектрінің бұзылуы бар балалардың ата-аналарына арналған алаң Аutism Talks Астанада тағы да өткізілді

03.04.23

Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні «Болашақ» корпоративтік қоры Астана қаласында «Autism Talks: ерекше балаcы бар  отбасылардың жігер берер оқиғалары» атты ерекше балалы ата-аналардың мотивациялық кездесуін қатарынан екінші жыл өткізді. Іс-шараға аутизм бар және дамуында басқа да ерекшеліктері бар балалардың 200-ден астам ата-анасы қатысты.

Кездесуде аутизм бар және дамуында басқа да ерекшеліктері бар балалардың ата-аналары ерекше балаларды тәрбиелеу тәжірибелері туралы әңгімеледі, балаларды тәрбиелеу бойынша кеңестері мен ұсыныстарымен бөлісті, балалары оларға қандай табыстар мен жетістіктерге жетуге шабыт бергендерін айтып берді. Іс-шараға жасөспірімдердің тәжірибелі ата-аналар да, диагнозға жақында ғана тап болған ата-аналар да, сондай-ақ ерекше балалармен және олардың ата-аналарамен жұмыс істейтін мамандар да қатысты.

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні. Бұл күн аутизм бар балалардың мәселелеріне назар аудару мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 2007 жылғы желтоқсанда белгіленді. Бас Ассамблеяның қарарында аутизм бар балалардың үлесі жоғары болғанына алаңдаушылық білдірілген, ерте диагностикалау мен тиісті тексеруден өтудің маңыздылығы көрсетілген.

2008 жылдан бастап, жыл сайын 2 сәуірде бүкіл әлемде әртүрлі ақпараттық науқандар мен акциялар өтеді: бейне порталдарда, теледидарда әлеуметтік жарнамалық роликтер көрсетіледі, аутизм бойынша конференциялар өткізіледі, онда аутизм мәселесінің жаһандылығы талқыланады. Жұртшылықты бұқаралық ақпараттандыру бастамасы барлық деңгейде қолдауға ие. Әр түрлі мемлекеттердің басшылары, соның ішінде еліміздің басшысы Дүниежүзілік күнді қолдау үшін әлеуметтік желілерде посттар жариялайды. Аутизм туралы ақпараттандыру шеңберінде «Болашақ» Қоры
2023 жылғы сәуірде бірқатар іс-шараларды, оның ішінде икнлюзияны қолдау барлық кабинеттерінде сынып сағаттары мен конкурстарды, «Run for Autism» қайырымдылық жүгіру және басқасын жоспарлады.

ҚР БҒМ деректері бойынша Қазақстанда 9 мыңнан астам аутизм бар бала тұрады, ал бейресми деректер бойынша аутизм бар балалардың саны 30 мыңнан асады. «Autism Speaks» халықаралық ұйымының деректері бойынша 2020 жылы әлемдегі әрбір 54-балаға аутизм диагнозы қойылады. Аутизм ерте балалық шақта көрінеді және жынысқа, нәсілге немесе әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты емес. Аутизм үшін салттық мінез-құлық, күнделікті қарым-қатынас жасау, өзара әлеуметтік әрекеттесу қиынға соғуы тән. Дегенмен аутизм бар балалар мектепте ойдағыдай оқи алады, қоғамның өміріне қатыса алады. Бұл мүмкін болу үшін балаға жастайынан білікті мамандардың көмегін қамтамасыз ету қажет.

Іс-шараның бірінші бөлімінде ата-аналар аутизм бар балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен бөлісті, екінші бөлімде мамандар балаға да, ата-анаға да қолдау көрсететін түрлі әдістер, құралдар туралы айтты. Іс-шара аясында аутизм бар балалардың ата-аналары: баланың ауыр диагнозын естігенде мойымай, оқу орталықтарын, әлеуметтік кәсіпорындар ашу, заманауи әдіс-тәсілдерді үйрену, ата-аналар қауымдастығын құру және басқа ата-аналарға көмектесу арқылы жетілген ерік-жігері мықты жандарсөз сөйледі. Кездесуде сөз сөйлегендер: «Autism. Қол жетімді орта» қайырымдылық қорының және «Қамқор Әке» аутизм бар балалардың әкелер қоғамдастығының басшылары, Ақтөбелік ерлі-зайыпты Руслан мен Сара Қазыбаевтар, «Ерекше бақыт» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы, заң ғылымдарының магистрі Светлана Ордабай, балалар психиатры Татьяна Дегтярь, мінез-құлық талдаушысы, «Болашақ» қорының супервизоры Айнұр Нұрова және басқалары. Мамандармен білім бері сессиясын Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан жүргізді

«Осындай форматтағы іс-шараны біз алғаш рет өткен жылы өткіздік және ол ерекше балалардың ата-аналары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сондықтан біз шараны дәстүрлі түрде өткізуді жөн көрдік. Біз ата-аналар қолдау іздеп келе алатын, аутизм бар балаларды тәрбиелеп отырған басқа ата-аналардың әңгімелерін біле алатын кеңістік құрудың қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Сондай-ақ іс-шарада ата-аналар аутизм бойынша үздік отандық сарапшылардың пікірін тыңдап, қандай әдістемелер шынымен жұмыс істейтінін, ал қайсысы жұмыс істемейтінін түсіне алады. «Autism Talks»-қа қатысу ерекше балалардың ата-аналарына көп уақытты, тіпті ақшаны үнемдеуге көмектеседі. Тыңдаушылар баланың диагнозын мүмкіндігінше тез қабылдаудың қаншалықты маңызды екенін, ерекше балалармен жұмыс істеуде қандай әдістер шынымен тиімді екенін, бірінші кезекте не істеу маңызды екенін үйренеді және ең бастысы олар бұл білімді өз тәжірибесі негізінде үйренген адамдардан естиді.

Ата-ананы қолдау мәселесінде, менің ойымша, ең маңыздысы – психологиялық қолдау. Біз үкіметке халықтың психикалық денсаулығын қолдау бағдарламаларын белсенді түрде жүзеге асыруды ұсынамыз», – деді «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

Кездесу аясында отбасы ішіндегі өзара қолдау, ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету, адвокация және ерекше балалар мен олардың отбасыларының құқықтары, аутизм диагнозы қойылған егіздерді тәрбиелеу ерекшеліктері, ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарын дамыту және оқыту, оқыту және мінез-құлықты түзетудің тиімді әдістемелері және басқа да тақырыптар талқыланды. Іс-шараға қатыса алмағандар үшін әлеуметтік желілерде тікелей эфир ұйымдастырылды.

Іс-шараның маңызды тақырыптарының бірі адвокация болды. «Ерекше бақыт» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы, заң ғылымдарының магистрі Светлана Ордабай ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары үшін адвокация қағидаттарын білудің маңыздылығына түсініктеме берді:

«Өкінішке орай, ата-аналар өз өмірлері мен балаларының өмірін жақсы жаққа өзгерте алатынын көбінесе түсіне бермейді. Сұрақтар көтеру, шешімдерді ұсыну әр ата-ананың қолынан келеді және заңгерлік білім алудың қажеті жоқ. Адвокация қиын емес екенін түсіну маңызды. Ең бастысы ниетіңіз күшті болуы керек. Егер біз, ерекше балалардың ата-аналары, қоғамдағы өзгерістерге бастамашылық жасамасақ, мемлекетке өз тілегімізді, өтінішімізді айтпасақ, ешқандай өзгеріс болмайды. Адвокациядағы ең маңызды нәрсе – нақты нені өзгерткіңіз келетіні үшін нақты мақсаттар мен міндеттер қою. Екіншіден, сіздің мәселеңізді шешу жолдары болуы керек және оларды ұсыну қажет. Үшіншіден, сіздің мәселеңізді қай мемлекеттік орган шеше алатынын нақты түсіну маңызды. Адвокация әртүрлі деңгейде: жергілікті атқарушы органдар деңгейінде де, үкімет пен тиісті министрліктер деңгейінде де жүргізілуі мүмкін».

Іс-шара «AMANAT» партиясының қолдауымен «Кедергісіз келешек – Будущее без барьеров» партиялық жобасы аясында өтті. Іс-шараның ақпараттық серіктестері: ҚР Президентінің телерадиокешені, «Sputnik Қазақстан» АА, «Sxodim Group» медиахолдингі, «NUR Media» холдингі, «QazContent» АҚ.

👁 152
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

2 мыңнан астам адам аутизм бар балаларды қолдап, Астанада өткен қайырымдылық жүгіріске қатысты 

18 мамырда Астанада екінші «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі өтті. Жиналған 13 млн теңгеге жуық қаражат балабақшаларда...

Мақсатпен жүгіреміз: «Run for autism» екінші қайырымдылық жүгірісі

18 мамырда Астанада аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату мақсатымен екінші жыл сайынғы «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі...

Аутизм туралы халықаралық конференцияда не туралы сөз қозғалды 

Астанада Назарбаев Университетінде «Шектеуден тыс: Аутизм жолындағы мүмкіндіктерді кеңейту» атты аутизмге арналған Халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға инклюзивті...

1 2 3 23

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram