Астана балабақшаларының, мектептері мен колледждерінің 120-дан астам директоры аутизм бар балалар өздерін қалай сезінетінін өз бастарынан өткерді

15.09.23

«Болашақ» корпоративтік қоры елорда әкімдігінің қолдауымен «Аутизм бар балаларды оқыту үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында білім беру саласындағы басшыларына арналған қалалық тренинг өткізді. Тренингтің тыңдаушылары балабақшалардың, мектептер мен колледждердің 120-дан астам директоры, сондай-ақ Астана қаласы білім басқармасының мамандары болды.

Қор мамандары аутизм, балалар церебральды сал ауруы, Даун синдромы, психикалық-сөйлеу дамуының тежелуі, ЗЖГС және дамуында басқа ерекшеліктер бар балаларды оқытудағы қиындықтар, осы қиындықтарды түсінудің маңыздылығы және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сәтті оқыту үшін қандай жағдайлар қажет екендігі туралы айтып берді. Спикерлер аутизм бар балалармен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби өсуінің, сондай-ақ аутизм бар жасөспірімдерді оқытуды ұйымдастырудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Сонымен қатар тыңдаушылар ЕБбҚ бар балаларды оқытудың ғылыми-дәлелдемелік әдістемелеріне шолумен және мінез-құлықты қолданбалы талдау немесе АВА терапиясы және жағымсыз мінез-құлықты түзету негіздерімен, инклюзияны қолдау кабинеттері жұмысының ерекшеліктерімен танысты.

Тренингте сөз сөйлегендер «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің Төрайымы Динара Гаплан, мінез-құлық талдаушылары мен қордың мінез-құлық бағдарламаларының кураторлары Жанна Қалиева, Гүбану Сүлейманова, Күмісай Әлденова және Назгүл Нұрмағанбетова.

 «Біз өз тәжірибеміз бен білімімізбен бөлісіп, барлық балалар үшін инклюзивті білім беру ортасын құруға үлес қоса алатынымызға өте қуаныштымыз. Әкімдікке және қала әкімі Жеңіс Қасымбекке осы мәселелерге көңіл бөлгені үшін алғыс айтамыз. Қор командасы тренингтің нәтижесінде бүгін келген мамандардың әрқайсысы ерекше балаларды оқытудың тиімді тетіктерін, әдістемелерін өз жергілікті жерлерінде енгізіп, инклюзивті үрдістерді жетілдіретініне сенеміз.

Инклюзия – бұл ЕБбҚ бар балаларға білім алу құқығын қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар барлық балаларды әркелкі келетін қоғамға дайындау. Балабақшаларда, мектептерде ЕБбҚ бар балаларды оқытуға жағдай жасай отырып, біз қоғамды әртүрлі адамдармен өмір сүруге және өзара әрекеттесуге дайындаймыз – ертең олардың жұмыс орындарында да әркелкі адамдар болады. Инклюзия – бұл қоршаған ортаны, балаларға деген көзқарасты, жұмыс және қоғам кеңістігін өзгертетін заманауи үрдіс. Жыл сайын аутизм бар адамдарды жұмысқа алатын компаниялардың саны артып келеді. Мысалы, Google компаниясы. 2021 жылы Google Cloud бөлімшесі Autism Career Program бағдарламасын іске қосты, бұл – Google-дың АСБ бар адамдар қатарынан дарынды адамдарды жалдауға және қолдауға арналған алғашқы бағдарламасы», - деді «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің Төрайымы Динара Гаплан.

«Қазақстанда қоғамдық ұйымдар арасында инклюзивті білім беру мәселелерін шешумен бірінші болып айналысқан «Болашақ» корпоративтік қоры болатын. Мектеп директорлары мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтер үшін ұйымдастырылған бүгінгі тренинг қор үшін алға бастайтын үлкен қадам, инклюзивті білім беруді дамытудағы өте маңызды қадам болып табылады. Бүгін біз, мектеп директорлары, осы мәселеге беріліп, кірісіп кеттік. Инклюзияны қолдау кабинеті ашылып, сәтті жұмыс істейтін мектептің директоры ретінде мен үшін бұл мәселелерді өзім арқылы өткізу өте маңызды болды. Иә, біз бұл мәселелермен орнымызда айналысамыз, иә, біз ата-аналар мен ерекше оқушыларды құлақ салып тыңдаймыз да, естиміз де, бірақ бүгін бұл тақырыпты дәрістер, жаттығулар, тапсырмалар арқылы өзімізден өткізу өте маңызды болды. Мен өзім үшін мектепте немен айналысатынымды анықтадым: педагогтеріме ең бірінші айтарым: ерекше балаларды жай ғана сүйемелдеп жүрмей, өздерін сол балалардың орнына қойып, айналада болып жатқан барлық нәрселерге сол оқушының көзімен қарау керек. «Болашақ» қорына тілерім, Үкімет деңгейінде естілетін болыңыз, тек қана моральдық емес, қаржылық жағынан да жан-жақты қолдауға ие болыңыз», - деп әсерімен бөлісті тренингке қатысқан елорданың №91 мектеп-гимназиясының директоры Алмагүл СегІзбай

2015 жылдан бастап «Болашақ» корпоративтік қоры аутизм және дамуында басқа ерекшеліктер бар балаларға арналған инклюзивті білім беруді дамыту бойынша «Әрбір бала мектепке баруға лайықты» жобасын жүзеге асырып келеді. 12 жыл ішінде қор бүкіл Қазақстан бойынша 80-нен астам мамандандырылған оңалту мекемелері мен кабинеттерін ашты және жабдықтады, оның ішінде Қазақстанның 22 қаласында 56 инклюзияны қолдау кабинеті. Жоба ерекше білім беруді қажет ететін 2000-нан астам баланы қамтиды, оның ішінде 800-ден астам бала үйдегі оқытудан шығарылды. Инклюзивті білім беру саласында 500 жаңа мамандандырылған жұмыс орны ашылды. 3000 маман мен ата-ана инклюзивті білім беру және мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша оқудан өтті. Жобаның арқасында Жобаның вербалды емес балаларының 90% сөйлеуді үйренді, 33 ерекше бала өз бетінше оқуды бастады, дамуында ерекшеліктері бар 150 бала мектепішілік, қалалық, облыстық жарыстар мен олимпиадалардың жүлдегері атанды. Балалар үйлерінің 2,5 мыңнан астам тәрбиеленушісі қордың шығармашылық бағдарламаларына қатысты. Заңнамалық актілерге инклюзивті білім беруді дамытуға қатысты 80-нен астам сапалы ұсыным мен түзетулер енгізілді. Қор ҚР Үкіметінің, ҚР Парламенті Сенатының және ҚР БҒМ жанындағы қайырымдылықты дамыту пен инклюзия жөніндегі жұмыс топтарының белсенді қатысушысы болып табылады.

Болашақ» корпоративтік қоры а.ж. 28-29 қыркүйегінде Астана қаласында Джеймс Партингтонның «ABLLS-R -  Негізгі сөйлеу және үйрену дағдыларын бағалау» құралын  қолдану бойынша аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар балалардың ата-аналары мен мамандар үшін тренинг өткізетінін атап өтеміз. Тренинг қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Тренинг барысында мамандар баланың дағдыларын тексеруге, ABLLS-R тестілеуі негізінде жеке дамыту бағдарламаларын құрастыруды үйренеді. Толық ақпаратты қордың www.bolashakcharity.kz сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі қордың парақшаларынан білуге болады.

👁 315
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Елордада мерейтойлық Қысқы қайырымдылық балына дебютанттарды іріктеу өтті

Астанада мерейтойлық XV Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты. «Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар...

Ерекше қажеттіліктері бар 30-дан астам жасөспірім колледждерде кәсіби дайындық бойынша сынамалы жоба шегінде өз оқуларын аяқтады

Астанада «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар жасөспірімдерге арналған оқу-өндірістік комбинаттар» сынамалы жобасының түлектеріне куәлік беру рәсімі өтті....

Астанада аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған Инклюзивті футбол лигасының тұсаукесері өтті

Ирландияның футболдан құрама командасының жартылай қорғаушысы Джеймс Макклин мен ағылшын футболшысы Джон О’Кейннің қайндай ортақ тұстары бар...

1 2 3 24

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram