Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам келді

04.09.23

Жыл сайын өтетін Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингі елорданың Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрында өтті.

Жыл сайын «Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуы және дарынды жастарды қолдау мәселелеріне қоғамның назарын аудару мақсатында 2012 жылдан бастап Қысқы қайырымдылық балын өткізеді. Қысқы қайырымдылық балы – дәстүрлі түрде бизнестің, дипломатиялық корпустың, қоғамдық және саяси топтардың өкілдерін жинайтын өз тарихы бар Қазақстандағы жалғыз бал. 11 жыл бойы балдың қонақтары классикалық вальстен «жалынды» латиноға шейін дебютанттардың биі, салтанатты кешкі ас, бағалы лоттар аукционы, сондай-ақ іс-шараның серіктестерінен жүлделер ұтыс ойыны бар ғажайып атмосфераға бөленеді.

Бұл жылы Қысқы қайырымдылық бал іс-шараларының басталуы, атап айтқанда дебютанттар кастингі елордадағы Қазақ музыкалық-драма театрында салтанатты түрде өтті. XIV Қысқы қайырымдылық балының дебютанты атанудың құрметі үшін 300-ге жуық адам тартысты. Дебютанттар – Қысқы қайырымдылық балының бетке ұстар жауһары. Барлық жылдар ішінде дебютанттар кастингіне 6 мыңнан астам адам қатысты, ал балдың өзіне 148 жұп дебютант қатысты. Бал жүректерді бір-біріне жалғайды десе болады, 6 жұп дебютант өз алдына жанұя болды.

Іріктеудің екі кезеңінен: хореографиялық байқаудан және ұйымдастырушылармен әңгімелесуден сәтті өткен 30 үміткер дебютант атанды. Үш ай бойы олар балда орындайтын әр түрлі кәсіби бал билерін үйренеді. Дебютанттарды биге Қысқы қайырымдылық балдарын қоюшы-хореограф хореография факультеті деканының орынбасары, Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы, ҚР спорттық би федерациялары қауымдастығының мүшесі – Евгений Моисеев.

«Осы балдың арқасында біз құқықтар мен мүмкіндіктер тең инклюзивті, ашық қоғам құрып жатырмыз. Балдардан түскен қаражатқа біздің қор ерекше балалары бар отбасылардың өмір сүру сапасын, инклюзивті білім беру саласында мамандарды даярлау сапасын және соның нәтижесінде инклюзивті білім беру саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыратын бүкіл әлемде қабылданған озық әлемдік тәжірибелерді, ғылыми дәлелденген тиімді әдістемелерді енгізеді. Сонымен қатар біз бүкіл ел бойынша инклюзивті алаңдар желісін құрдық, соның арқасында аутизм және дамуында басқа ерекшеліктер бар 800-ден астам баланы үйдегі оқытудан шығардық. Елдегі тұңғыш мінез-құлық талдаушыларын оқыттық, бүгінгі таңда енді олар ерекше балалармен жұмыс істейтін жүздеген педагогтар мен мамандарды оқытып жатыр» - деп атап өтті «Болашақ» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.          

Жиналған қаражат «Болашақ» қорының ерекше қажеттіліктері бар балалар мен дарынды жастарға арналған «Әр бала мектепке баруға лайықты» және «Жол жүру гранттары» қайырымдылық бағдарламаларына бағытталды.

XIV Қысқы қайырымдылық балының демеушілері: «Нұрбанк» АҚ және «Hilton Astana» қонақ үйі. Бал кастингінің ұйымдастырылуын Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры қолдады. Сонымен қатар «Amanat» партиясы мен «The sun» диджитал агенттігі кастингке қолдау көрсетті. XIV Қысқы қайырымдылық балы Астанада 8 желтоқсанда «Hilton Astana» қонақ үйінде өтеді.

XIII Қысқы қайырымдылық балының есептік бейнебаяны: https://www.youtube.com/watch?v=hFXBRUUEdN4&t=25s.

Анықтама:

Балдар өткізілген 11 жыл ішінде 150-ден астам демеуші мен серіктес тартылып,  880 миллион теңгеден астам қаражат жинады. Түскен қаражатқа:

-85 мамандандырылған оңалту мекемесі ашылды және жарақтандырылды, оның ішінде бүкіл Қазақстан бойынша 56 инклюзияны қолдау кабинеті (оның ішінде 10 инклюзияны қолдау кабинеті 2023 жылы). Аутизм және дамуында басқа ерекшеліктер бар 800-ден астам бала мектепке баруға мүмкіндік алды;

- 3000-нан астам маман оқытылды;

- 500-ден астам жұмыс орны құрылды;

- аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 120-дан астам білім беру және жол жүру гранттары берілді.

Қайырымдылық қаражатын пайдаланудың ашықтығын сақтау мақсатында қордың www.bolashakcharity.kz сайтында жыл сайын қаржылық есептер жарияланады.

«Болашақ» қоры инклюзивті білім беруді дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне 80-нен астам сапалы ұсыныстар мен түзетулер енгізді.

👁 312
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Ерекше қажеттіліктері бар 30-дан астам жасөспірім колледждерде кәсіби дайындық бойынша сынамалы жоба шегінде өз оқуларын аяқтады

Астанада «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар жасөспірімдерге арналған оқу-өндірістік комбинаттар» сынамалы жобасының түлектеріне куәлік беру рәсімі өтті....

Астанада аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған Инклюзивті футбол лигасының тұсаукесеріөтті

Ирландияның футболдан құрама командасының жартылай қорғаушысы Джеймс Макклин мен ағылшын футболшысы Джон О’Кейннің қайндай ортақ тұстары бар...

Disney және Pixar студияларының «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмі Disney-дің тікелей қолдауымен қазақ тіліне дубляждалды!

Естеріңізде болса «Ойжұмбақ» анимациялық фильмінің бірінші бөлімін осыдан 9 жыл бұрын біздің қорымыз қазақ тіліне дубляждаған болатын....

1 2 3 24

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram