29 сәуірде Астанада Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне орайластырылған «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі өтеді. Жүгіріске қатысу үшін кәсіби спортшылар, жүгірушілер, блогерлер, БАҚ өкілдері, ерекше балалар мен олардың ата-аналары шақырылады.
Жарыс төрт қашықтыққа өтеді:
• 1 км – 4 990 теңге.
• 2,5 км – 5 990 теңге.
• 5 км – 6 990 теңге.
• 10 км – 7 990 теңге.
Шарттар:
Әр қатысушы жарысқа тек бір қашықтықта қатыса алады.
Әр санатта бірінші, екінші және үшінші орын алған жарыс жеңімпаздары дипломмен марапатталады.
Мәреге жеткендердің барлығына жынысына, жасына және таңдаған қашықтығына қарамастан медаль беріледі.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері жарысқа тегін қатысады.
Жиналған қаражат «Әрбір бала мектепке баруға лайықты» жобасы аясында аутистикалық спектрдың бұзылуы және басқа да менталдық бұзылушылықтар бар балаларды қолдауға бағытталатын болады.
Жарысқа қатысушылар арасында бағалы жүлделер ойнатылады: «Texnodom» компаниясынан тау велосипеді, «Oxy Fit&Gym» фитнес-клубына жылдық абонемент және т.б.
Іс-шара аясында ерекше балаларға арналған жүгіруден жарыс өтеді, көңілді старттар, балаларға арналған шоу-бағдарлама және шеберлік сабақтары және т.б. өткізіледі.
+7 (7172) 50 06 18 телефон нөмірі арқылы ата-аналар мен ерекше балалар тегін тіркеле алады.
Марафонға қатысушылар тіркелуі үшін сілтеме: https://sxodim.com/astana/event/blagotvoritelnyy-zabeg-run-for-autism.
Ұйымдастырушылар мен серіктестер: «Болашақ» Корпоративтік қоры Астана қаласы әкімдігінің, «SF» қазақстандық дәмді тағамдар желісі, «Astana Invest», «Myd Production» компанияларының, «G-life» ас суы, «Texnodom», «Tion», «Мир равных возможностей» қорының, «Oxy Fit&Gym» фитнес-клубының, «Nomad Triathlon Club» қолдауымен.
Орны мен күні: Астана қ., Триатлон парк, 2023 жылғы 29 сәуір, басталуы сағ 08:00-де.
26 сәуірде Астанада үшінші рет жыл сайынғы «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі өтті. Жиналған 22 млн теңге...
6 сәуірде Алматыда 3.4 Аймағының Азия чемпионаты шеңберінде Autism Talks үшінші жыл сайынғы кездесуі өтті, онда барлығы...
Астанада аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балалар ата-аналарының «Аutism Talks: ерекше балалы ата-аналардың шабыттандырар әңгімемелері» атты жыл...