Жол жүру грантының иегері Фируза Кайлюкова Жапонияның Токио қаласында пара-биден өткен халықаралық жарыста күміс медаль жеңіп алды. Токиода 5-6 тамызда өткен жарыста Фируза Кайлюкова серіктесі Мақсат Сәрсебаевпен бірге барлығын өзінің талантымен және би өнеріне қаншалықты берілгендігімен таң қалдырды.
2014 жылдан бастап біз 28 889 316 теңге сомасына 105 жол жүру грантын тағайындадық. Грант иегерлері әлемнің 22 елінде 34 біріншілікке қатысып, 42 жүлделі орынға ие болды.
Грант иегерлері арасында:
18 жасқа толмаған 38 адам;
Ерекше қажеттіліктері бар 46 адам;
Аз қамтылған отбасылардан 15 қатысушы;
Қорға 9 жыл ішінде барлығы 180-ден астам өтінім келіп түсті.
2020 жылы жобаға әуе және т/ж билеттерін онлайн броньдау және сатып алу бойынша «Aviata» қазақстандық сервисі қосылды. «Aviata» онлайн сервисін қолданушылардың қолдауы арқасында 7 миллион теңгеге жуық қайырымдылық қаражат жиналды.
«Жол жүру гранттары» жобасы жас спортшыларға армандарын орындап, биіктерге жетуге мүмкіндік береді!
Астанада мерейтойлық XV Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты. «Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар...
Астанада «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар жасөспірімдерге арналған оқу-өндірістік комбинаттар» сынамалы жобасының түлектеріне куәлік беру рәсімі өтті....
Ирландияның футболдан құрама командасының жартылай қорғаушысы Джеймс Макклин мен ағылшын футболшысы Джон О’Кейннің қайндай ортақ тұстары бар...