Республикалық арнаның эфирінде Disney анимациялық фильмдерінен сүйікті әндер қазақ тілінде шырқалады

28.12.20

Disney анимациялық фильмдерінен бала кезден сүйіп тыңдайтын әуендер мен әсерлі әндердің эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен қазақ тілінде жанды орындалуын тамашалап, үйіңізден шықпай-ақ, жаңа жыл алдында қарбаласпен өтіп бара жатқан жылдың соңғы күндерінде өзіңізге және отбасыңызға ертегіге бөлер кеш сыйлаңыз. Теледидарды қосып, Disney-дің қазақ тіліндегі музыкалық жауһарларын тамашалаңыз! Disney-дің «Жұлдыздар Шеруі» киноконцерті әсер етпей қоймайды, өйткені Disney мультфильмдерін қастерлеушілер – бұл бүкіл дүние жүзінде бірнеше ұрпақтар буыны.

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ТМД-дағы алғашқы телевизиялық форматтағы лицензиялық Disney киноконцертінің түсірілімі жайлы айтылды. Баспасөз конференциясына: «Болашақ» қорының Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова, Ресейде және ТМД-да Disney компаниясының Дубляждау және музыкалық жобалар бөлімінің Креативтік директоры Юлия Баранчук, «АSTANA TV» телеарнасының Бас директоры Құрманбек Жұмағали, танымал орындаушылар Данияр Өтеген мен Дәурен Оразбеков (Adam) қатысты.

Динара Шайжүнісова, «Болашақ» қорының Қамқоршылар кеңесінің төрайымы:   

««Жұлдыздар Шеруі» киноконцерті – бұл біздің қор Қазақстанда өткізіп отырған үшінші лицензиялық киноконцерт. Бұл – әлемге әйгілі Disney компаниясымен көпжылдық ынтымақтастығымыздың нәтижесі. Осыған дейінгі киноконцерттер қайырымдылық сипатта болды, оларды 5 мыңнан астам адам тамашалады. Осы жылы біз еліміздің барлық телекөрермендеріне жаңа жылдық сыйлық жасауды ұйғардық. Disney-дің жақсы көретін мультфильмдерінен әсем әндерді үйде туыстарыңыз бен жақындарыңызбен бірге отырып тыңдай аласыз. Киноконцерт көрермендері классикалық музыканың, сазды әуендер мен қазақ тіліндегі әсерлі әндер тылсым әлеміне бөленеді».

Киноконцерт жайында 

Киноконцерт – бұл бір мезгілде эстрадалық-симфониялық оркестр мен әйгілі орындаушылардың сүйемелдеуімен үлкен экраннан Disney фильмдерінің үзінділерін қарау. Киноконцерт ерекшелігі – оның интерактивті форматта өтетіні. Музыка экрандағы көрініспен дәл сәйкес келуі керек, оркестрдің темпі пен ырғағы соған байланысты. Кәсіби орындауда толық синхронды алып жүру қиынға соғады, бірақ Алматы қ. әкімінің Эстрадалық-симфониялық оркестрі бұл міндетті орындады.

Disney-дің киноконцерттері Лондон, Сан-Франциско, Токио, Сидней, Париж, Мәскеу және басқа қалалардың үздік концерттік залдарында өтеді.

«Жұлдыздар Шеруі» киноконцертінің бірегей бағдарламасы Қазақстан үшін арнайы жасалған. Бағдарламаға барлығы аты аңызға айналған Disney-дің 11 анимациялық фильмінен қазақ тіліндегі 22 композиция кірді: «Сұлу мен Құбыжық», «Аладдин», «Моана», «Мұзды Өлке», «Арыстан Патша», «Мулан» және басқалары. Фильмдердің музыкасын танымал композиторлар, көптеген сыйлық иегерлері: Ханс Циммер, Алан Менкен және Джерри Голдсмит жазған. Киноконцертте орындалған саундтректер 11 «Оскар» сыйлығын алған.

Әндердің басым бөлігі «Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тіліне дубляждалған фильмдерден алынған. Қалғандары киноконцерт үшін қазақ тіліне арнайы аударылған.

Киноконцерттің мақсаты – сүйікті Disney кейіпкерлері арқылы қазақ тілін және классикалық музыканы дәріптеу. Бұл ең алдымен жас ұрпақ туралы. Киноконцерт көрермендерге ұсынатын үлкен эстетикалық ләззаттан, ана тілі үшін мақтаныштан басқа, сонымен қатар ол балаларды классикалық музыканы қабылдауға дайындайды.  

Жобаның ұйымдастырушылары мен серіктестері: «Болашақ» корпоративтік қоры, Ресейде және ТМД-да Disney компаниясы және республикалық «АSTANA TV» телеарнасы.

Алғаш рет TV-форматта

ТМД-да алғаш рет лицензияланған Disney киноконцерті теледидардан көрсетілетін болады. Бұған дейін екі киноконцерт ұйымдастырған «Болашақ» қорының алдында бірінші рет TV-форматындағы киноконцертті ұйымдастыру міндеті тұрды. Теледидар саласындағы отандық мамандар: режиссер Лев Мариупольскийдің, қоюшы оператор Сергей Набоковтың, дыбыс режиссері Дмитрий Синельниковтың және басқа да өз ісінің мамандарының күш-жігерінің арқасында, сондай-ақ Disneyден әріптестеріміздің көмегімен жоба жүзеге асты. Теледидардағы киноконцерттің премьерасы осы жылдың 27 желтоқсанында «ASTANA TV» телеарнасында өтеді. 2021 жыл ішінде сол каналда киноконцерттің тағы 5 көрсетілімі болады.

Құрманбек Жұмағали, «АSTANA TV» телеарнасының Бас директоры 

««Болашақ» корпоративтік қоры өскелең ұрпақтың білімі мен танымын кеңейтіп, рухани әлемін дамытуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Соның арқасында бүгінде Disney фильмдері қазақ тіліне аударылып, бәріміз сүйіп тамашалайтын Disney-дің дүниежүзіне танымал кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлеп, ән салады. «Астана» арнасы «Жұлдыздар шеруі» концертті 27-желтоқсан күні сағат 15:00-де барлық қазақстандық көрерменге ұсынады. «Астана» - отбасылық телеарна. Біздің әр көрерменнің асыға күтетін сүйікті өз тележобасы бар. «Жұлдыздар шеруі» әсіресе, бүлдіршіндер мен жастар аудиториясына  және ата-аналарға да қызықты болады, деп есептейміз. Өйткені біз көрерменге тек сапалы контент ұсынуға мән береміз. Ендеше, барлықтарыңызды алдағы жексенбілік демалыста «Астана» арнасынан «Жұлдыздар шеруі» киноконцертін тамашалауға шақырамын».

Әртістер 

Концертке танымал қазақстандық әртістер қатысты. Мысалы, жас жұлдыз, американдық «The World's Best» шоуының финалисі Данэлия Төлешова Моананың «Мені не күтеді» әнін, ал «Turkvision» мен «I'm singer» халықаралық телешоуының финалисі Жарқынай Шалқар «Мұзды Өлкеден» Эльзаның «Қанат қақ» әнін, сонымен қатар «Сұлу мен Құбыжық» фильміндегі әндерді орындады. «RinGo» тобынан Данияр Өтегеннің дауысымен «Алладин», «Арыстан Патша» және «Ханшайым мен құрбақа» фильмдерінің кейіпкерлері қазақ тілінде ән шырқады. Ал «Арыстан Патша» фильміндегі арыстанның күшігі Симбаның әнін «Бала дауысы» ұлттық байқауының лауреаты, «Славянский базар» халықаралық өнер фестивалінің қатысушысы, халықаралық байқаулардың жеңімпазы 10 жасар Әбілақайыр Жұмабай орындады. Сондай-ақ, киноконцерт әндерін Кентал, Adam, Ерден Жақсыбеков, «КешYOU»  тобының экс-солисі Балжан Бидаш және басқалар орындады. Концертте алғаш рет X Factor Kazakhstan қатысушысы Наргиз Күдренованың орындауындағы «Мулан» фильміндегі ең әдемі «Reflection» саундтрегі орындалады.

Данияр Өтеген, «RinGo» тобының солисі 

«Концертпен жұмыс өте қызықты, эмоционалды және өте жауапты болды. Бірнеше ұрпақтан бастап, оның ішінде мен де киноконцерт кезінде айтылған әндермен өстім. Ең бастысы – Ең бастысы-көрермендер мен осы жобаның барлық қатысушылары алатын эмоциялар. Мейірімділікке, ертегіге, жақсылықтың жамандықты жеңетініне сену – бұл біздің өміріміздегі басты құндылықтардың бірі, оған барлық тәрбие жұмысы негізделуі керек. Сондықтан бұл өте маңызды жоба, күшті эмоциялар тудыратын жоба. Әндердің қазақ тілінде болуы өте маңызды. Бұл – Қазақстанның, қазақ тілінің әлемдік кинематографияға қосылуында үлкен қадам». 

Оркестр 

Киноконцерт музыкасын дирижер Александр Беляковтың жетекшілігімен Алматы қ. әкімінің Эстрадалық-симфониялық оркестрі орындады. Киноконцерт үшін оркестр қосымша ағаш үрмелі аспаптар топтарын арнайы тартты. Арфа, банджо, мандолина, маримба, калимба және басқалары сияқты ерекше аспаптардың дауысын сандық дыбыспен толтыруға тура келді. Мысалы, концертте «Су перісі» анимациялық фильмінен су асты әлемінің атмосферасын жеткізетін және африкалық калипсо музыкалық стиліне еліктеп орындалатын «Under the sea» композициясы орындалды. «Арыстан патша» фильміндегі әйгілі «Hakuna Matata»-да әр түрлі этникалық аспаптардың жарқын дыбыстары естіледі. Бұл әсерлі орындау – қазақстандық тыңдарман үшін жанды музыканың нағыз жарқын мерекесі.

Александр Беляков, Қазақстандағы Disney киноконцерттерінің дирижері: 

«Жанды музыканы бейнематериалмен синхрондау өте ауыр жұмыс. Біздің оркестрдегі барлық музыканттар өте тәжірибелі, тиісті дайындық деңгейінде біз бәрін жасай аламыз. Disney – салмақты компания. Олардың музыкалық материалы өте сауатты, өте білікті, Disney-дің музыкасы тек көрнекі емес, сонымен қатар жеке шығарма болуы әбден мүмкін, оның өзінің терең жағы бар, ол жеке форматта орындалуға лайық. Музыканы қабылдау, тыңдау өте маңызды. Мұндай киноконцерттерді, бір жағынан, тыңдаушы оңай қабылдайды, ал екінші жағынан олар белгілі бір ішкі дайындықты қажет етеді. Сондықтан концерттер неғұрлым жиі өтетін болса, біздің тыңдаушымыз нағыз музыкаға соғұрлым дайын болады».

Қосымша ақпарат: Ляйля Кабпасова 8 775 225 19 07

👁 368
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Министрге ерекше балаларға арналған «Оқу-өндірстік комбинаты» жобасын көрсеттік

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы Жакупова және «Даму» қорының басқарма төрайымы Гаухар...

Қазақстандааутизм және Даун синдромы бар 100-ден астам бала футбол секциясына тегін қатысады

10 желтоқсанда Дүниежүзілік адам құқықтары күні Астанада «UNI Football League» инклюзивті футбол лигасы секциясының ашық жаттығуы өтті....

Елордада мерейтойлық Қысқы қайырымдылық балына дебютанттарды іріктеу өтті

Астанада мерейтойлық XV Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты. «Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар...

1 2 3 25

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram