Қарағанды қаласындағы инклюзияны қолдау кабинетіне сапар

30.09.21

Кеше Қорымыздың Қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі, "Nur Otan" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қарағанды қаласындағы Әл-Фараби атындағы №102 мектеп-гимназиядағы инклюзияны қолдау кабинетіне сапар жасады. Іс-шараға "Болашақ" корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Чайжунусова, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Облыстық білім басқармасының өкілдері, сондай-ақ ерекше балалардың ата-аналары қатысты.

Ресми деректер бойынша Қазақстанда аутизм белгілері бар 6 691 бала бар, оның ішінде 491 бала Қарағанды облысында тұрады.

Облыстағы Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында инклюзияны қолдау бойынша 4 кабинет жұмыс істейді, оларды біздің Қор білім басқармасымен бірлесіп "Әр бала мектепке лайықты" жобасы шеңберінде ашқан болатын. №102 мектеп-гимназиядағы инклюзияны қолдау кабинетінде аутизммен және басқа да менталдық бұзылулары бар 10 бала қолдау алады және 10 маман жұмыс істейді: олар  педагог-ассистенттер және ИКҚ мұғалімі.

Педагогтар мен ата-аналар кабинетке келу кезеңінде балалардың мінез-құлық дағдылары айтарлықтай жақсарғанын айтады. Мысалы, Расул есімді бала (12 жаста, диагнозы - аутизм) жобаға 2019 жылы №102 мектептің ҚПИ келді. Ол жабық, тәуелсіз емес, ешкіммен сөйлеспеді. Екі жылдан кейін, 2021 жылдың қыркүйегінде ол жобадан шығып, тұрғылықты жері бойынша мектепке еріп жүрусіз кетті. Ислам (10 жаста, диагнозы - аутизм) жобада 2019 жылдан бастап. Алдымен ол агрессивті әрекет етті, жиі жағымсыз мінез көрсетті, мұғалімдермен де, балалармен де байланысқа шықпады. Екі жыл ішінде мінез-құлық қалыпқа келді. Бала көпшіл болды, қажетсіз мінез-құлық енді пайда болмайды.

- Биыл біздің "Болашақ" қорына 10 жыл толып отыр. 2015 жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде мектептер мен балабақшаларда инклюзияны қолдау бойынша 43 кабинет ашылды. Бұл аутизм, Даун синдромы және басқа да даму ерекшеліктері бар 600-ден астам бала, олар күн сайын мектепке баруға мүмкіндік алды. Ағымдағы жылдың басында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында ҚР Үкіметіне инклюзивті білім беруді дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Барлық бастамалардың сапалы және жедел орындалуы өте маңызды. Біздің жобамыздың ерекшелігі инклюзияны қолдау кабинеттерін әдістемелік сүйемелдеу-курация. Қордың курациясымен Қазақстанның 22 мектебінде 59 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді. Биылдан бастап Қазақстанның көптеген өңірлерінің жергілікті атқарушы органдары инклюзияны қолдау кабинеттерінің курациясын қамтамасыз ету бойынша жауапкершілікті өз мойнына алды. Жақын арада барлық өңірлер бұл бастаманы қолдайды деп үміттенеміз, - деп атап өтті "Болашақ" корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Чайжунусова. 

Кездесу "Кедергісіз келешек – Будущее без барьеров" партиялық жобасы аясында өтті. "Әр бала мектепке лайықты" жобасы "Nur Otan" партиясының қолдауымен жүзеге асырылуда.

👁 365
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Министрге ерекше балаларға арналған «Оқу-өндірстік комбинаты» жобасын көрсеттік

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы Жакупова және «Даму» қорының басқарма төрайымы Гаухар...

Қазақстандааутизм және Даун синдромы бар 100-ден астам бала футбол секциясына тегін қатысады

10 желтоқсанда Дүниежүзілік адам құқықтары күні Астанада «UNI Football League» инклюзивті футбол лигасы секциясының ашық жаттығуы өтті....

Елордада мерейтойлық Қысқы қайырымдылық балына дебютанттарды іріктеу өтті

Астанада мерейтойлық XV Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты. «Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар...

1 2 3 25

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram