Ерекше балалардың ата-аналары мен мамандарға арналған «Эмоционалды шаршау» тақырыбындағы алғашқы 4 психологиялық қолдау тобының жұмысы 2023 жылдың қарашасында басталды. Жобаға 40-тан астам адам қатысты, оның ішінде аутизм және басқа менталдық бұзушылықтар бар балалардың ата-аналары, сондай-ақ ассистент-педагогтар, дефектологтар, АВА-терапистер, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін жеке қорлардың мамандары. Топтардың тренерлері топтық кеңестерді өткізу тәжірибесі бар кәсіби психологтар, психотерапевтер болды.
OI SANA – «Болашақ» корпоративтік қорының менталдық денсаулық туралы жобасы, 2024 жылдың көктемінде топтардың екінші ағынын бастау жоспарланып отыр. Екінші ағынды бастаудың егжей-тегжейі қордың Instagram парақшасында (@bolashakcharity) жарияланатын болады.
Анықтама үшін телефон: 8 7172 500 618.
2025 жылғы 8 шілдеде Астанада ерекше спорт мерекесі өтті — Астана мен Қарағандыдан келген ерекше білім беру...
Еңбек мамандықтарының жылы аясында Астанада «Ерекше білім беру қажеттілігі бар жасөспірімдер мен ересектерге арналған оқу-өндірістік комбинаттар» жобасының...
2025 жылғы 12 маусымда Атырау қаласында «UNI Football League» инклюзивті футбол секциясының қатысушыларына арналған шеберлік сабағы өтті....