Инклюзивті білім беру мен дарынды жастарды қолдауға арналған қайырымдылық балда 80 миллион теңгеден астам қаражат жиналды

09.12.22

Елордада «Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алу мәселелеріне қоғамның назарын аудару және дарынды жастарға қолдау көрсету мақсатында жыл сайын ұйымдастыратын Қысқы қайырымдылық балы өтті. Түскен қаражат қордың «Әр бала мектепке баруға лайықты» және «Жол жүру гранттары» әлеуметтік жобаларына бағытталады. 

10 жыл ішінде қайырымдылық балдары арқасында 800 миллион теңгеден астам қаражат жиналды. Жиналған қаражатқа «Болашақ» қоры 70-тен астам мамандандырылған оңалту мекемесін, оның ішінде Қазақстанның 22 қаласында 46 инклюзияны қолдау кабинетін ашып, жарақтандырды. Инклюзия саласында 500-ден астам мамандандырылған жұмыс орындары құрылды. 3000 маман мен ата-ана инклюзивті білім беру және мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша оқудан өтті. Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 93 жол жүру және 17 білім беру гранты берілді.

Ерекше балалардың құқықтарын іске асыру үшін «Болашақ» қоры инклюзивті білім беруді дамыту бөлігінде ҚР заңнамалық актілеріне 70-тен астам сапалы ұсынымдар мен түзетулер енгізді.

Сондай-ақ қордың қолдауымен жыл сайын дислексия мен дисграфияға шалдыққан 500-ден астам бала білікті мамандардың көмегін алады. Гендік дерматоздар бойынша халықаралық қауымдастыққа оталар жүргізуге, арнайы косметика сатып алуға және қазақстандық дәрігерлерді буллезді эпидермолизбен ауыратын балалармен (көбелек балалар) жұмыс істеу ерекшеліктеріне үйретуге көмек көрсетілді.

«Біз, «Болашақ» қауымдастығының мүшелері, бағдарлама түлектері, бір кездері шетелде тамаша білім алу мүмкіндігіне ие болдық және бүгінгі таңда барлығына сапалы білім алу үшін мүмкіндіктер мен жағдайлар жасау біздің азаматтық парызымыз деп санаймыз. Инклюзия – бұл аутизм бар балалардың кәдімгі мектепте оқу құқығы жайында ғана емес, сонымен қатар бұл Даун синдромы, церебральды сал ауруы бар балалар, иммигранттардың балалары, қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар және басқа да көптеген балалар үшін сапалы білім алу құқығы жайында. ҚР Конституциясы бойынша және барлық адами заңдарға сәйкес әрбір баланың сапалы білім алып, дарындылығын дамытуға мүмкіндігі болуы керек. Білім – бұл нағыз көңіл аударарлық нәрсе, өйткені болашақты білімді ұлт жасайды. Егер де елімізде сапалы өзгерістер болсын десек, балаларымыздың сапалы білім алу мүмкіндігі болғаны өте маңызды» - деді «Болашақ» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.    

Жылдан жылға көптеген компаниялар өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп, балды ұйымдастыруға қолдау көрсетеді. Осы жылдар ішінде балды өткізуге 150-ден астам демеуші мен серіктес қосылды. XIII Қысқы қайырымдылық балын ұйымдастыру «Hilton Astana», «BI Group», «А-Event KZ» компанияларының және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтуде. Балдың демеушілері: «Нұрбанк» АҚ және «Astana Business Aviation», «Living Atmosphere» компаниялары.

Балдың шарықтау шегі – түрлі өнер нысандары антиквариат және спорттық атрибутика заттары қойылған аукцион болды. Биылғы жылы аукционда 1940-1950 жылдары қолдан тоқылған кілемдер, «Бөрте» спектаклінің кейіпкерінің сәукелесі, АҚШ-тың 14-ші президенті Франклин Пирс қол қойған жер телімін беру туралы 1856 жылғы құжат және т.б. ұсынылды. Айта кетейік, аукционға ұсынылған «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушысының гитарасы және топтың алғашқы хиттері жазылған винил күйтабағы 11 миллион теңгеге сатылды. Сондай-ақ кеш қонақтарын қор серіктестерінен бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны да қуантты.

30 жұп дебютанттардың жарқын қойылымдары бал қонақтарының көңілінен шықты. Қысқы қайырымдылық балдарын қоюшы-хореограф, Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасының би спорты федерациясының мүшесі Евгений Моисеевпен бірге мамандықтары әр түрлі жастар бірнеше ай бойы бар ықыласын салып жаттықты.

Жиналған қаражат «Болашақ» қорының ерекше қажеттіліктері бар балалар мен дарынды жастарға арналған «Әр бала мектепке баруға лайықты» және «Жол жүру гранттары» қайырымдылық бағдарламаларына бағытталды.

Қайырымдылық қаражатын пайдаланудың ашықтығын сақтау мақсатында қордың www.bolashakcharity.kz сайтында қаржылық есептер жарияланады.

Балдың серіктестері: «Шаңырак-Медиа» АҚ, «The Сhef Group» компаниясы, Алматы халықаралық әуежайы, «MYD Production» компаниясы, «BrandOn» коммуникациялық агенттігі, Астана қ. Халықаралық мектебі, «LUXURY HOUSE» сауда үйі, «Life Fitness» фитнесс-орталығы, «Doctor Dent» ЖШС, «Razzak Residence Clinic» компаниясы, «Doctor Clinic», Turkish Airline, «Bekesh textile» маталар үйі, «GrandPrix» денсаулық және сұлулық клубы, «OTAN сағат» қазақстандық сағаттар, «V-Flight» ойын-сауық орталығы.

Балдың ақпараттық серіктестері: «Хабар» агенттігі» АҚ, «Zakon.kz» АА, ҚР Президентінің телерадиокешені, «Sputnik Қазақстан» АА, «We Project», ҚР Ақапарат және қоғамдық даму министрлігі, «Sxodim Group» медиахолдингі, «NUR Media» холдингі,  «QazContent» АҚ.

 «Болашақ» қоры жобаларының бенефициарларының пікірлері:

«Біз инклюзияны қолдау кабинетінде бесінші жыл оқып жатырмыз. Бұған дейін сабақты үйден оқитынбыз. Біз «Болашақ» қорына «Әр бала мектепке баруға лайықты» бағдарламасы үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Керемет ештеңе болмаған сияқты: бала жай ғана мектепке барды. Бірақ шын мәнінде бүкіл отбасы үшін жақсы өзгерістер осыдан басталды. Бұл зор қолдау, біз ұлымыздың диагнозымен өмір сүруді үйрендік және күн сайын үйренудеміз, біз мінез-құлықпен қалай жұмыс істеу керектігін түсіне бастадық, мұнда жұмыс күнделікті жүргізіледі және әрине мұның бәрі нәтижелерден көрінеді. Ұлым дамып келеді және барған сайын ол қол жеткізген жетістіктері көбейіп барады, үйрету мүмкін емес болып көрінген  нәрселер қолынан келеді. Өзімізді-өзіміз дамытуға күш пайда болды, ойымыз, өмірдегі оқиғаларға деген көзқарас өзгерді».

Оксана Надршина, Александрдың анасыОрал қ

«Ұлым Әлихан «Әр бала мектепке баруға лайықты» бағдарламасының арқасында бірінші сыныпқа барды. Мен баламның басқалар сияқты мектепке барғанын армандадым. Басында мектепке барған кезде оның қалаусыз қылықтары көп болатын: сабақ кезінде сабақтан қашатын, орнынан тұрып терезеге қарайтын, кабинеттен қашып кететін, бейтаныс адамдардың телефондарын тартып алатын. Үйде де қиын болды: Әлихан өз киімін жинай алмайтын, дұпыс шайнай алмайтын және су ішпейтін, суару тостағанынан ішетін. Біз пәтер алуға батпай, ауылда жеке үйде тұрдық. Көршілер шағымданады деп қорықтық, өйткені Әлихан ұзақ уақыт бойы қабырғадан қабырғаға жүгіретін. Ештеңемен айналыспайтын, ойнамайтын. Инклюзияны қолдау кабинеті мамандарының арқасында біздің өміріміз өзгерді. Әлихан қазір бассейнге барады, біз басқа қалаларға қонаққа барамыз, үйде ол өзіне бутерброд жасай алады, тамақты жылыта алады, дүкенге бару керек болса, біраз уақыт жалғыз қалуы мүмкін. Прогресті мамандар да, туыстарымыз да атап өтеді. Бағдарламаға түскенімізге өте қуаныштымын».

Әсел Әбенова, Әлиханның анасы, Талдықорған қ. 

«Степан 2019 жылы педагог-ассистенттің сүйемелдеуімен сабаққа қатыса бастады. Бірінші күннен бастап оның мектепте болғанды ұнататыны байқалды. Оны біртіндеп оқу процесіне енгізді. Және ол сыныпқа үйрене бастады. Алғашқы күндерден-ақ бастап оның сыныпта досы пайда болды, онымен бірге ойнайтын, асханаға баратын, үзілісте сөйлесетін. ИҚК педагогі Стёпаға балалармен қарым-қатынас жасауға көмектесті, қасында болды, қолдады және толқуды жеңуге көмектесті. Қалаусыз мінез-құлықпен (сабақта сөйлесу) жұмыс істей бастады. Анасы ретінде мен Стёпаның көңіл-күйі өзгергенін көрдім, ол мектепке қуана баратын болды. ИҚК-де Стёпа және басқа балалар дағдылар бойынша диагностикадан өтті және содан кейін әр балаға жеке жоспар құрылатын оған сәйкес ИҚК педагогтері балалармен жұмыс істеді. Олар біздің балаларымызда қалыптаспаған дағдыларды қалыптастыруға көмектесті. Күн сайын педагог Стёпамен коммуникация парағын беріп тұрды,

онда қандай сабақтар болды, баланың мінез-құлқы, оның эмоционалдық жағдайы қандай болды және т.б. қысқаша сипатталған. Мен күн сайын коммуникация парағының екінші жағын толтырып отырдым, баланың үйдегі мінез-құлқын, оның эмоционалды жағдайын, дәрі-дәрмектерді қабылдау, ұйқысы, жағдайлар және т.б. сипаттадым. Осылайша біз тығыз әрекеттесіп жүргізген жұмысымыз өз жемісін әкелді...» 

Ольга Алексеева, Степанның анасы, Рудный қ. 

«Бағдарламаға кірген кезде Мақсат 5 жаста еді. Осыған дейін менің ұлым ешқашан жалпы білім беретін мекемелерге бармаған. Оның әлеуметтену, коммуникация және топта өзара әрекеттесу дағдылары болмады. Бүгінгі күні ұлымның сөйлеуді түсінуі жақсарды, оның пассивті сөздігі шамамен 50 сөзден тұрады – бұл заттарды, дене мүшелерін, туыстарын ажырату және 10-нан астам нұсқауларды орындау. Кеше ғана біз үшін бұл мүмкін емес болып көрінетін. Енді бала өз атына жауап бере бастады, сөйлеушінің дауысына жауап бере бастады. Ойын дағдылары қалыптасты және ол толығымен әлеуметтенді деп айтуға болады».

Сабира Ауелова, Мақсаттың анасы, Астана қ. 

«Павел бағдарлама бойынша оқуды 2019 жылдың қыркүйек айында Қарағандының №5 мектебінде бастады. Ол өте тұйық және бір орында отыра алмайтын бала еді. Өз атына кейде жауап бермейтін, жанап көз тастап, қысқа уақытқа қана көзге қарайтын. Ешқандай сұрақтарға дерлік жауап бермеді. Құрдастарымен араласпады. Ассистент-педагогтен қашып кететін, оны партаға отырғызу қиын болды.

2022 жылдың мамыр айында Паша ассистент-педагогтің сүйемелдеуінен шықты. Қазір Паша белсенді, көңілді, көпшіл бала, ол өткен оқиғалар туралы бәрін айта алады, кез-келген сұрақтарға жауап бере алады. Оны оқытуда қиындықтар әлі бар, бірақ ол толығымен өз бетінше жүре алатын болды, сыныптастарымен ойнайды және сөйлеседі, сабақтарда жауап береді. Мамандардың арқасында ол өз ортасында қоғамның толыққанды мүшесі болды».

Елена, Павел Ташимовтың ассистент-педагогі, Қарағанды қ

«Бағдарламаның арқасында Айдар үйде оқудан шығып, басқа балалармен бірге мектепке баруға мүмкіндік алды.

Үш жыл бойы ол ассистент-педагогтің сүйемелдеуімен жүрді. Осы кезеңде сыныптастары мен педагогтерімен қарым-қатынас жасауға, мектеп өміріне белсенді қатысуға үйренді. Қазір Айдар ағылшын тілін және мультфильм жасау техникасын жетік меңгерген, оларды өзінің ютуб арнасында белсенді жариялап отырады. Оның арнасына 2700 жазылушы және 683 жариялым бар, олардың барлығын Айдар ағылшын тілінде дыбыстаған. Біз Айдардың жетістіктерін мақтан тұтамыз және оның тәжірибесін басқаларға үлгі етеміз

Жанат Жангужина, Айдардың ассистент-педагогі, Рудный қ.

 «Ақпаратты үнемі іздеу мені «Болашақ» қорының сайтына алып келді. Біз хат жаздық және ата-аналар чаттарының бірінде куратор бізге жауап берді. Біздің қалада инклюзияны қолдау кабинеті пайда болуы үшін тура тоғыз ай қажет болды. Қор балаларымызда бәрі жақсы болады деген үміт берді. Біздің кураторымыз өте жақсы болды, оның әдістемелік қолдауынсыз бізге ата-аналарға дапедагогтерге де, балаларға да өте қиын болар еді. Уақыт өте келе, инклюзияны қолдау кабинетінде оқыған кезде баланың жақсы әлеуеті бар екендігі байқалды. Өткен жылы менің қызым төртінші сыныпты бітірді, оның достары бар, сүйікті пәндері бар. Балам ИҚК-де оқитыны арқасында оның болашағы бар екенін білемін. Иә, менің баламның бағыты басқа болады, бірақ ол дамиды, алға жылжиды. Ол әлемді көрді, адамдарды көрді және қазір қоғамда өзара әрекеттесуде. Алда үйренетін әлі көп нәрсе бар. Бірақ мен оған берілген мүмкіндік үшін ризамын. Басқа жағдайда менің қызым үйде қалып, көптеген мүмкіндіктерден айырылар еді... Бір кабинет көптеген отбасылардың, әсіресе біздің отбасымыздың өмірін өзгертті».

Екатерина Таженова, ерекше баланың анасы, Оралда ИҚК-ны ашудың бастамашысыОл қордың қолдауымен оқудан өтіп, мінещз-құлық талдаушысы болдыҚазір Екатерина Оралда, Атырауда және Ақтөбеде басқа кабинеттерге жетекшілік етеді.

«Расул лайықты қарсыластармен үш жекпе-жек өткізді, олардың әрқайсысында қара белбеу бар. Қарсыластары мықты болды. Расул оларды «сабаки» әдісімен жеңді, мұнда шапшаң әрі дер кезінде әрекет етіп, қарсыластың күші пайдаланылады. Расулдың техникасы мен жылдамдығы сондай жоғары деңгейде болған, ол чемпионат қазылар алқасының мүшелерін таң қалдырды, олар оны көрнекті жапон каратэ шеберлерімен салыстырды. Ересек адамдар, тәжірибелі жаттықтырушылар Расулдың жауынгерлік қасиетіне тәнті болды, атақты шеберлермен параллельдер жүргізді, оның бойынан асқан талантты көріп, оны феномен деп атады. Төрешілер Расулдың техникасы мен шеберлігін өзара талқылағанын көру өте қызықты болды, сонымен бірге мен бір мақтаныш сезімде болдым. Төрешілер Расулға қамқоршылық етіп, оның шеберлігін шыңдау үшін түрлі чемпионаттарға қатысуына көмек көрсетуімді сұрады. Қазақстаннан келген жас жігіт Расул Жапонияда каратэден өткен турнирдің жұлдызы болды деп сеніммен айта аламын»

Саят Пішенбаев, жаттықтырушы. Жол жүру грантының иегері 15 жасар Расул Боканов Фукуока қ. Эншин Каратэден «All Japan Sabaki Challenge» Жапонияның Ашық чемпионатында 1-ші орын алды

 «Бапкер маған қор туралы айтып берді. Мен қор сұраған құжаттарды жинадым. Мен тіпті бұл соншалықты оңай болады деп ойламадым. Әрине, басында сенбедім, бірақ грантты мақұлдаған кезде мен қатты қуандым.

Бұл халықаралық аренадағы алғашқы тәжірибем болғандықтан, жарыс мен үшін қиын болды. Мен қатты уайымдадым, бірақ жаттықтырушы мен достарымның арқасында мен кілемге алаңсыз шықтым.

Қорға шын жүректен алғыс айтамын, олар жастарға үлкен қолдау көрсетуде. Қордың арқасында біз, жас спортшылар, үшін жаңа көкжиектер ашылуда. Көмектесетін адамдар болғаны өте күшті. Қор өркендей берсін және ғұмыры ұзақ болсын деп тілеймін»

 17 жасар Альбина Қалдыбек, жол жүру грантының иегері, Абу-Дабиде (БАӘ) джиу-джитсудан өткен «WORLD JIU-JITSU Festival» Халықаралық фестивалінде қол медальді иеленді. 

👁 301
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Елордада мерейтойлық Қысқы қайырымдылық балына дебютанттарды іріктеу өтті

Астанада мерейтойлық XV Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты. «Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар...

Ерекше қажеттіліктері бар 30-дан астам жасөспірім колледждерде кәсіби дайындық бойынша сынамалы жоба шегінде өз оқуларын аяқтады

Астанада «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар жасөспірімдерге арналған оқу-өндірістік комбинаттар» сынамалы жобасының түлектеріне куәлік беру рәсімі өтті....

Астанада аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған Инклюзивті футбол лигасының тұсаукесері өтті

Ирландияның футболдан құрама командасының жартылай қорғаушысы Джеймс Макклин мен ағылшын футболшысы Джон О’Кейннің қайндай ортақ тұстары бар...

1 2 3 24

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram