Елордадағы Қысқы қайырымдылық балында 380 млн. теңгеден астам қаржы жиналды

18.01.20

«Болашақ» корпоративтік қорының бастамасымен жыл сайын   ұйымдастырылатын Қысқы қайырымдылық балы биыл да сән-салтанатымен өтті. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алу мәселелеріне қоғам назарын аудару және дарынды жастарға қолдау көрсетуді мақсат еткен мәдени іс-шара осымен ХІІ-ші рет өткізілуде. Түскен қаржы «Әр бала мектепте оқуға лайық», «Жол жүру гранты» жобаларына жұмсалады. 

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек атап өткендей, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Болашақ» бағдарламасының түлектері 2011 жылы дарынды балаларға арналған қайырымдылық және білім беру жобаларын жүзеге асыру үшін арнайы қайырымдылық қорын құрған-ды. 7 жыл ішінде қайырымдылық акциялары арқылы 400 миллионнан астам теңге жиналды.

Түскен қаражатқа еліміздің барлық 17 аймағында инклюзивті білім берудің 43 кабинеті, инклюзия саласына бейімделген 420 арнайы жұмыс орны ашылды. 1300 маман мен ата-ана инклюзивті білім беру және мінез-құлықты өзгертуге байланысты арнайы курстан өтті.  8 оңалту мекемесі және ерекше қажеттілігі бар балалар мен ересектердің 10 мамандандырылған мекемесіне арнайы жабдықтар сатып алынды.  «Нұр-Сұлтан» мен Бағанашыл ауылындағы екі балалар үйі күрделі жөндеуден өтті.

 «Отбасында ерекше қажеттілігі бар бала дүниеге келгенде, - ол, әрине, адамның тағдырына, өмірге деген көзқарасына әсер етеді. Көп жағдайда ондай ата-аналарға тағдыр тауқыметін жалғыз тартуға тура келеді. Сондықтан да біздің қоғамның мақсаты – оларға көмек қолын созу. Қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдардың көрсеткен көмегінің арқасында бұл мәселе іс жүзінде жүйелі шешімін табуда.  Ерекше қажеттілігі бар балалардың құқығын іске асыру үшін тек «Болашақ» қорының мүшелері 60-тан астам сапалы ұсыныстар мен инклюзивті білім беруді дамыту бөліміне қатысты заңнамалық актілерге түзетілер енгізді. «Әр бала мектепте оқуға лайық», «Жол жүру гранты» жобаларының аясында жастарға халықаралық деңгейдегі ғылыми, шығармашылық және спорт сайыстарына қатысу үшін 19 білім беру және 71 жол жүру гранты берілді. Сонымен бірге, Елбасы, «Nur Otan»-ның Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы іске асырылуда. Бүкіл еліміз бойынша 20 мың әлеуметтік-маңызды нысандар оңтайландырылып, заңнамаға 78 түзету енгізілді, құрылыс талаптары мен ережелері қайта қаралды. Аталған бағыттағы жұмысымызды одан әрі де күшейте береміз», - деп атап өтті  Бауыржан Байбек. 

«Болашақ» қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісованың айтуынша, жыл сайын балды ұйымдастыруға көмек көрсететін компаниялардың саны артып, олар өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін танытып келеді. Осы жылдар ішінде балды өткізуге 132 демеуші мен әріптес көмектесті.  

 «Бұл жай ғана бал емес. Бұл – ең алдымен, көптеген адамдар, меценаттар мен  компаниялардың қайырымдылық жобаларын іске асыруға қосқан сүбелі үлесі. Бұдан өзге, балда алты мыңнан астам алғаш рет өнер көрсетуші жас осындай сәнді де, мәнді іс-шараға қатысу арқылы ізгілікке жол салып, толеранттылық, өмірге құштарлық сияқты моральдық құндылықтарымызды дәріптейді. Мен осы іс-шараны өткізуге қолдау көрсетіп келе жатқан серіктестеріміз – «A+A Idea Fabric» продюсерлік орталығына, «Centrasia Group» холдингіне, сондай-ақ осы балдың бас демеушілері – АО «Alageum electric» мен «Hilton Astana» қонақ үйіне алғысымды білдіремін - , деді Динара Шайжүнісова.

«Болашақ» қоры ұйымдастырған сегізінші бал, түрлі музыкалық бағыттар,  классикадан бастап бүгінгі заман өнерін үйлестіретін фьюжн стилінде өтті. Кеш қонақтарының алдында қазақстандық танымал опера әншілері Азат Мәлік пен Зарина Алтынбаева, «Жаңа толқын» халықаралық конкурсының финалисі Адам, «Дауыс» конкурсының қатысушысы Мархаба Саби өнер көрсетті. Биылғы балда бірнеше ай бойы тәжірибелі хореографтармен жаттыққан 40 жұп алғаш рет өз өнерін көрсетті.

Бірегей лоттар – өнер бұйымдары, сирек кездесетін заттар және спорт атрибутика аукционы – балдың елеулі оқиғасы болды. Биылғы жылы аукционда «Томирис» фильмінде ойнаған бас кейіпкердің мойынға таққан алқасы, XIX ғасырдың соңы және XX ғасырдың ортасындағы қолмен тоқылған құнды кілемдер, Арнольд Шварцнегрдің қолтаңбасы бар футболка мен кепка, америкалық танымал орындаушы Алиши Киздің қолтаңбасы бар ноталық кітап және тағы да басқа заттар ұсынылды. Сондай-ақ, кеште қонақтарға арналып құнды сыйлықтардың ұтыс ойыны өткізілді.  

👁 251
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Ерекше қажеттіліктері бар 30-дан астам жасөспірім колледждерде кәсіби дайындық бойынша сынамалы жоба шегінде өз оқуларын аяқтады

Астанада «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар жасөспірімдерге арналған оқу-өндірістік комбинаттар» сынамалы жобасының түлектеріне куәлік беру рәсімі өтті....

Астанада аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған Инклюзивті футбол лигасының тұсаукесеріөтті

Ирландияның футболдан құрама командасының жартылай қорғаушысы Джеймс Макклин мен ағылшын футболшысы Джон О’Кейннің қайндай ортақ тұстары бар...

Disney және Pixar студияларының «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмі Disney-дің тікелей қолдауымен қазақ тіліне дубляждалды!

Естеріңізде болса «Ойжұмбақ» анимациялық фильмінің бірінші бөлімін осыдан 9 жыл бұрын біздің қорымыз қазақ тіліне дубляждаған болатын....

1 2 3 24

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram