2025 жылғы 27 тамызда Астана қаласындағы Chaplin Cinemas кинотеатрында
«Инклюзивті киносеанс: ерекше қажеттіліктері бар көрермендерге қолайлы орта құру» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Іс-шараны ұйымдастырған – «Bolashak Charity» қоғамдық қоры, он жылдан бері аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларды қолдаумен, сондай-ақ инклюзивті білім беруді дамытумен айналысып келеді.
Тренингке 48 қызметкер – кассирлер, қауіпсіздік қызметінің өкілдері мен әкімшілік қызметкерлер қатысты.
Оқыту процесін қордың АВА мамандары, мінез-құлық талдаушылары, кураторлар мен супервизорлар жүргізді. Олар келесі тақырыптарды қамтыды:
Тренингтің маңызды бөлігі – практикалық жұмыс болды. Қатысушылар мамандармен бірге кинотеатрда орын алған немесе орын алуы мүмкін нақты жағдайларды талқылап, оларды дұрыс шешудің жолдарын үйренді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен ақпараттық жадынамалар табысталды.
Сонымен қатар, қор мамандары кинотеатрға «әлеуметтік оқиға» атты арнайы нұсқаулық дайындап берді. Бұл – ерекше баланы кинотеатрға дайындауға арналған қадамдық нұсқаулық. Ол баланың алаңдаушылығын төмендетіп, киноға бару тәжірибесін бала мен айналасындағылар үшін мүмкіндігінше жайлы етуге көмектеседі.
Тренинг «Bolashak Charity» қоғамдық қоры мен Chaplin Cinemas кинотеатры арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында өтті.
«Біздің қор аутизм және даму ерекшеліктері бар балаларға арналған инклюзивті білім беруді дамыту бағытында 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Біз балабақшадан бастап колледжге дейінгі білім беру мекемелерін қамтитын жүйе қалыптастырдық. Дегенмен, ерекше балалар саны жыл сайын артып келеді – бұл тек Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша байқалып отырған үрдіс. Қордың басты мақсаттарының бірі – ерекше балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Біз қоғамға ерекше жандарға көмектесуді, күйзелісті жеңуге қолдау көрсетуді және мысалы, кино көруге жағдай жасауды үйреткіміз келеді» – деді «Bolashak Charity» қорының бағдарламалар үйлестірушісі Самал Әлбілекова.

19 қараша күні елордалық №59 «Аққанат» балабақшасында Run for Autism жыл сайынғы қайырымдылық жүгіруінің қаражатына жабдықталған инклюзияны...

«Әрбір жаңа қабілет біздің балалар үшін үлкен еңбектен келеді. Бірақ жаттықтырушы әркімге жекелей жол табады, біз баланың...

2025 жылғы 27 тамызда Астана қаласындағы Chaplin Cinemas кинотеатрында«Инклюзивті киносеанс: ерекше қажеттіліктері бар көрермендерге қолайлы орта құру»...