Біздің «Болашақ» корпоративтік қорымыз Қоғамдық қорға айналғанын қуана хабарлаймыз

01.04.25

Біздің «Болашақ» корпоративтік қорымыз Қоғамдық қорға айналғанын қуана хабарлаймыз. Бұл шешім біздің жаңа мүмкіндіктерге және өз қызметіміздің өрісін кеңейтуге деген ұмтылысты көрсетеді.
Ақпан айында біздің қор жұмыс істегеніне 14 жыл толды. Осы жылдар ішінде біз 120-дан астам жоба мен іс-шараны жүзеге асырдық, балалар үйінен 2000 баланы және аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар балалары бар 10 000-нан астам отбасыны қамтыдық. Біз ҚР заңнамалық актілеріне 100-ден аса ұсыныс енгіздік, аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар 800-ден астам баланы үйден оқытудан шығардық, 4000 маман мен ата-ананы оқытып шықтық, сондай-ақ 139 білім беру және жол жүру грантын бердік.
29 наурызда Астана қаласында «Bolashaq» Қауымдастығының Жалпы жиналысы өтті, оған онлайн және офлайн форматында Кеңестің құрметті мүшелері, қордың Қамқоршылық кеңесінің мүшелері және «Болашақ» бағдарламасының түлектері қатысты. 14 жыл бойы атқарған жұмысымыздың нәтижесімен бөлістік. Толығырақ карусельден қараңыз! 📊
Біздің инклюзивті білім беру моделіміз Қазақстан Республикасында Инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі эксперименттік алаңдар желісіне және білім беру ұйымдарының тізіліміне енді, ал біздің үлгі бойынша құрылған 1500 инклюзияны қолдау кабинеті бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істейді.
Біз тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да инклюзивті білім беру саласындағы сарапшы болдық.
Біз тұрақты даму мақсаттарын ұстанамыз және БҰҰ-ның Жаһандық шартына мақтанышпен қосылдық: Қор БҰҰ Жаһандық шартының Орталық Азиядағы аймақтағы инклюзия мәселелері бойынша SDG Ambition білім беру бағдарламасының серіктесі болды.
Аймақтағы жаңа міндеттер мен қызметіміздің кеңеюін ескере отырып, «Bolashaq» Қауымдастығының Жалпы жиналысында «Bolashaq» Қауымдастығы құрылтайшылар құрамынан шығатыны, қорды корпоративтік қордан Қоғамдық қор болып қайта тіркеу туралы шешім қабылданды.
Біз «Bolashaq» Қауымдастығына қорды құрғаны, оның қалыптасуына көмектесіп, қолдау көрсеткені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Қоғамдық қор болсақ та, біз Қауымдастықпен серіктестікті және әлеуметтік маңызды бағдарламаларымыз бен бастамаларымызды дамытуды жалғастырамыз.

👁 289
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Run for Autism» жыл сайынғы қайырымдылық жүгірулерінің қаражатына 25 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

19 қараша күні елордалық №59 «Аққанат» балабақшасында Run for Autism жыл сайынғы қайырымдылық жүгіруінің қаражатына жабдықталған инклюзияны...

Футбол — үміт сыйлайтын спорт: UNI Football League ерекше балалардың өмірін қалай өзгертіп жатыр

«Әрбір жаңа қабілет біздің балалар үшін үлкен еңбектен келеді. Бірақ жаттықтырушы әркімге жекелей жол табады, біз баланың...

Елорда кинотеатрының қызметкерлері аутизм және даму ерекшеліктері бар адамдармен жұмыс істеу бойынша оқытудан өтті

2025 жылғы 27 тамызда Астана қаласындағы Chaplin Cinemas кинотеатрында«Инклюзивті киносеанс: ерекше қажеттіліктері бар көрермендерге қолайлы орта құру»...

1 2 3 29

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram