«Болашақ » қоры ерекше білімі беру қажеттіліктері бар жасөспірімдерді кәсіби оқыту мақсатында Астана қ. «Менеджмент, бизнес және білім» колледжі негізінде «Сәндік-қолданбалы өнер» курсын іске қосты. Курс «Болашақ» корпоративтік қоры жүзеге асыратын Астана қаласының ерекше білімі беру қажеттіліктері бар 8-11 сынып оқушыларына арналған «Оқу-өндірістік комбинаттар» (ОӨК) жобасы шеңберінде басталды.
Бастапқы топқа аутизм бар 9 жасөспірім қатысады және оқыту 5 ай бойы жалғасады. Курстың арқасында балалар графикалық сауаттылыққа, кеңістікті шығармашылықпен ұйымдастыруға, папье-маше техникасын пайдалана отырып безендіруге, балшықпен жұмыс істеуге, аппликация және батик техникаларын және т.б. үйренеді.
Курсты аяқтаған соң әр қатысушы арнайы куәлік алады, ал ең бастысы одан әрі арнаулы орта білім алуға немесе шеберханаларда жұмысқа орналасуға және т.б. мүмкіндіктерге ие болады.
Ағымдағы жылы Астана қ. «Қоғамдық тамақтандыру және сервис» колледжі негізінде оқытуды бастау жоспарлануда. Жалпы жоба аясында келесі мамандықтар бойынша оқыту жоспарланып отыр: «Интерьер дизайны», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Тігін өндірісі және киімді модельдеу», «Тамақтандыруды ұйымдастыру-аспаз», «Тамақтандыруды ұйымдастыру-кондитер».
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы Жакупова және «Даму» қорының басқарма төрайымы Гаухар...
10 желтоқсанда Дүниежүзілік адам құқықтары күні Астанада «UNI Football League» инклюзивті футбол лигасы секциясының ашық жаттығуы өтті....
Астанада мерейтойлық XV Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты. «Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар...