Астанада Аutism Talks – АСБ бар балалар ата-аналарының жыл сайынғы кездесуі өтті

07.04.25

Астанада аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балалар ата-аналарының «Аutism Talks: ерекше балалы ата-аналардың шабыттандырар әңгімемелері» атты жыл сайынғы үшінші кездесуі өтті. Іс-шара аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар балалардың ата-аналарын және мамандарды қоса 400-ден асам қатысушының басын біріктірді. 2015 жылдан бері инклюзивті білім беру бойынша жобаларды іске асырып келе жатқан «Болашақ» корпоративтік қоры ұйымдастырушы болды.

Кездесу жыл сайын 2 сәуір күні аталатын Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне (World Autism Awareness Day) орай өткізілді. АИБбД ҰҒПО-ның (2024 ж.) деректеріне сәйкес Қазақстанда аутизм бар 15 000-нан астам бала тұрады, оның 7 мыңдайы мектеп жасына дейінгі балалар. Ал бейресми деректерге сәйкес еліміздегі аутизм бар балалар саны 35 000-нан асады. ДДҰ деректеріне сәйкес әлемде шамамен 100 баланың біреуінде аутизм спектрінің бұзылуы бар, ал АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) деректеріне сәйкес бұл көрсеткіш 36-ның 1-уі. Аутизм диагнозы қыздарға қарағанда ұлдарға төрт есе жиі қойылады.

Ted Talk форматында өткен іс-шарада аутизм бар балалардың ата-аналары өз әңгімелерімен бөлісті. Олар диагноз қойылғаннан кейін мойынсұнбай, білім беру және әлеуметтік жобаларды қалай дамыта бастағандарын, сонымен қатар басқа ата-аналарға қалай көмектесетіндерін айтып берді. Ата-аналар сессиясында сөз сөйлегендер: инклюзивті футболды дамыту бойынша сарапшы, UEFА «А» санатындағы жаттықтырушы Шыңғыс Темерханов, ерекше жасөспірімнің анасы және Қарағандыдағы «Ерекше өнер» инклюзивті шеберханасының негізін қалаушы Екатерина Юртаева, IBA, MBP мінез-құлық талдаушысы, «Болашақ» қорының мінез-құлық бағдарламаларының кураторы және аутизм бар жасөспірімнің анасы Елена Смолыгина. Іс-шараның модераторы «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан болды.

«2022 жылдан бастап біз бұл шараны жыл сайын өткізіп келеміз және оның өзектілігі жыл сайын артып келеді. Уақыт пен ақшаны босқа кетірмеу үшін ата-аналардың қалай әрекет ету керектігі туралы дәлелді ақпаратқа қол жеткізуі өте маңызды. Биыл Autism Talks-ты алғаш рет біз Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен екі қалада: Астана мен Алматыда өткізіп отырмыз. Біз іс-шараның форматын өзгертіп, аутизм бар адамдар олар қалай өмір сүретіні және әлемді қалай түйсінетіні туралы сөз сөйлеуін қостық. 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағаны бәрімізге белгілі. Өткен жылдан бастап біз колледждерде ЕБбҚ бар жасөспірімдерді кәсіптік оқыту жобасын жүзеге асырып келеміз, ал бүгін Autism Talks аясында осы балалар жасаған пісірмелер, шопперлер және тағы басқа өнімдер Жәрмеңкесін өткізіп жатырмыз. Кездесуге келген ата-аналар ЕБбҚ бар балалардың мамандықты меңгеріп, еңбекке де, жалпы өмірге де бағалы дағдыларды меңгеріп, қоғамға пайдасын тигізе алатынына көз жеткізді», - деп атап өтті «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

Жобаға қатысушы Асылбек Сатиновтың анасы Алмагүл Сатинова: «Осыдан бірнеше жыл бұрын менің аутизм бар ұлым жұмыс істеп, белсенді қоғамның бір бөлігі болады деп елестете де алмайтынмын. «Болашақ» қорының оқу-өндірістік комбинатының арқасында ол кондитердің көмекшісі болып, колледжде оқуын жалғастыруда», - деп бөлісті.

Мамандармен сессияда сөз сөйлегендер: балалар психиатры Мадина Кенжебекова, балалар невролог дәрігері Ольга Лукша, сертификатталған мінез-құлық талдаушысы және супервизор (CBA-S), «Болашақ» қорының мінез-құлық бағдарламаларының супервизоры Күмісай Әлденова, Астана қаласы білім беру бөлімінің бас маманы Гүлшат Исинова, логопед-дефектолог Анара Ысқақова.

Диагностика және коррекция, мемлекеттік коррекция жүйесі мәселелері, АСБ бар балаларды коррекциялауда мінез-құлықты қолданбалы талдаудың құндылығы талқыланды. 

«Аutim Talks» алғаш рет 2022 жылғы сәуірде өтті, содан бері іс-шара көптеген ойларды қозғайтын жыл сайын өткізілетін шараға айналды. Іс-шараға «Кедергісіз келешек» бағдарламасы шегінде AMANAT партиясы, сондай-ақ серіктестер: «TASSAY» сауда маркасымен «ЮНИКС» ҚБ, «Hilton Astana» қонақ үйі, «Полезный хлеб» қолөнер наубайханасы, «Тамшылар» балалар орталығы қолдау көрсетті. 

Жыл сайын сәуір айында бүкіл әлемде аутизмге арналған ақпараттық науқандар өтеді. Аутизм мәселесі туралы хабардарлықты арттыру үшін «Болашақ» қоры 2025 жылдың сәуір айында бірқатар іс-шараларды жоспарлады, оның ішінде сынып сағаттары, конкурстар, «Run for Autism» қайырымдылық жүгіріс.

👁 3
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Autism Talks-2025 Алматыда: жүректерді біріктіретін шабытты әңгімелер

6 сәуірде Алматыда 3.4 Аймағының Азия чемпионаты шеңберінде Autism Talks үшінші жыл сайынғы кездесуі өтті, онда барлығы...

Астанада Аutism Talks – АСБ бар балалар ата-аналарының жыл сайынғы кездесуі өтті

Астанада аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балалар ата-аналарының «Аutism Talks: ерекше балалы ата-аналардың шабыттандырар әңгімемелері» атты жыл...

Біздің «Болашақ» корпоративтік қорымыз Қоғамдық қорға айналғанын қуана хабарлаймыз

Біздің «Болашақ» корпоративтік қорымыз Қоғамдық қорға айналғанын қуана хабарлаймыз. Бұл шешім біздің жаңа мүмкіндіктерге және өз қызметіміздің...

1 2 3 26

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram