Астанада 3 500 адам менталдық денсаулықты қолдап жүгірді

28.04.25

26 сәуірде Астанада үшінші рет жыл сайынғы «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі өтті. Жиналған 22 млн теңге қайырымдылық қаражат аутизм және басқа менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттерін ашуға бағытталатын болады. Іс-шараны «Болашақ» корпоративтік қоры Астана қаласы әкімдігінің және серіктестерінің қолдауымен ұйымдастырды.

Жыл сайынғы қайырымдылық жүгірістің мақсаты – аутизм туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттыру, аутизм бар адамдардың өмір сапасын жақсарту, олардың әлеуметтенуі және өз қабілеттерін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз ету. Іс-шара аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату айына орай өткізілді. Сонымен бірге 2025 жылғы Run for autism менталдық денсаулыққа – аутизм, депрессия, мазасыздық және басқа да ерекше менталдық күйдегі адамдарды қолдауға арналған.

Жүгіріс 1 км., 2,5 км., 5 км. және 10 км. төрт қашықтық бойынша өтті. Қатысу бағасы 6 990 теңгеден бастап 9 990 теңгеге дейін болды. Қайырымдылық жүгіріске Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Павлодар және басқа қалалардан барлығы 3 500 астам адам қатысты. Жүгіріске қатысушылар арасында кәсіби спортшылар, параспортшылар, сурдоспортшылар, ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандар, дамуында ерекшеліктері бар 120-дан астам бала, ата-аналар және т.б. болды. Лондон, Мәскеу, Ыстамбұл, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Павлодар, Жаңаөзен, Жезқазған, Орал, Петропавл қалаларынан 28 адам онлайн жүгіріске қатысты.

ҚР Парламентінің Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев дәстүрге сәйкес игілікті іске арнайы қатысып, ашылу салтанатында сөз сөйледі. Ол өз сөзінде бұл жарыс саламатты өмір салтын дәріптейтін және ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауды көздейтін маңызды қоғамдық бастамаға айналып келе жатқанын айтты.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев инклюзияны дамыту мәселесіне үнемі баса мән беріп келеді. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында ерекше қажеттіліктері бар балаларды жан-жақты қолдауға арналған жаңа заң әзірлеуді тапсырды. Қазір осы бастама бойынша тиісті жұмыстар қолға алынды. Аталған заң шын мәнінде азаматтарға пайдалы болуы үшін сенаторлар қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен және сарапшылармен бірге бұл бағытта қандай басымдықтарға назар аудару керектігін жан-жақты талқылап, белсенді жұмыс жүргізуде», – деді Мәулен Әшімбаев.

Іс-шара шегінде дәстүр бойынша аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар балаларға арналған «Көңілді старттар» спорттық-ойын эстафетасы өткізілді. Оған аутизм бар, психикалық және сөйлеу тілі дамуы тежелген, Даун синдромы және т.б. бар 5-14 жас аралығындағы 200-дей бала қатысты. Эстафета аяқталған соң балаларға іс-шараның серіктестерінен сыйлық табысталды.  

«Run for autism – бұл аутизм бойынша зерттеулерді қолдау үшін қаражат жинауға арналған халықаралық бастама. Ол әлемнің ең ірі қалаларында өткізіледі: Нью-Йорк, Лондон, Берлин, Чикаго, Питсбург және т.б. Қазақстанда «Run for Аutism»-ді алғаш рет «Болашақ» қоры 2023 жылы өткізді. Бірінші жылы қатысқандар саны 1300 адам болса, бүгінгі күні қатысушылар саны 3000-ға жетті және 300-дей адам іс-шараны ұйымдастыруға қатысты. Қатысушылар саны көбейіп жатқаны қуантады, өйткені бұл аутизм және жалпы менталдық бұзылыстар туралы білетін адамдар саны артып келе жатыр деген сөз. Биыл біз жүгірісті жалпы менталдық денсаулық тақырыбына арнаймыз. Бүгін біз инклюзия, алуан түрлілік, стигмасыз өмір, мазасыздықпен, депрессиямен өмір сүріп жатқандар үшін деген мақсатпен жүгіреміз. Өкінішке орай, әркім осындай хәлге ұшырауы мүмкін, сондықтан да мәселені көз жұма салмай, мойындап, уақытылы кәсіби көмекке жүгінген маңызды», - деп атап өтті «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің Төрайымы Динара Гаплан.

Көптеген басқа қатысушылар сияқты Елдос Иманбаев жүгіріске аутизм бар 16 жасар ұлы Бекназармен бірге келді. Бекназар 2,5 км қашықтық жүгіріске қатысты.

«Ұлым екеуміз Run for Autism жүгірісіне қатысуды ұйғарған себебіміз: бұл тақырып бізге жақын. Біз әрбір бала өзін қабылданған, қажет және бағаланған болып сезінетін инклюзивті орта құру қаншалықты маңызды екенін білеміз. Бұл біздің ерекше адамдар қауымдастығын қолдау тәсіліміз. Бұл тек спорттық шара емес, бірлік, түсіністік пен шабыт беретін алаң. Ерекше балалар үшін кез келген іс-шара – өзін жеңіп, өз мүмкіндіктерінің шегінен аттап, жаңа эмоцияларды сезіну мүмкіндігі екенін түсінген маңызды» - деді Елдос Иманбаев.

Мәреге жеткен барлық қатысушылар естелік медальдарға ие болды, ал әр қашықтық бойынша жеңімпаздар дипломдар мен медальдармен марапатталды. Әрбір жүгірушіге шоппер, футболка, жүгіріске арналған нөмір, ұтыс ойыны үшін нөмірі, тамаққа талон, бағдарлама, спорттық батончиктен және пайдалы «чиабатта» нанынан тұратын жинақ табысталды. Ниет білдіргендер жүгірістен басқа, жүгірістің брендік таңбалары бар өнімдер және серіктестерден сертификаттар салынған арнайы боксты сатып алып, іс-шараны қолдай алды.

Жүгіріске халықаралық компаниялардың, шетел елшіліктері, оның ішінде Жапония, Ұлыбритания, Испания, Түркия, Үндістан, Чех Республикасы, Польша, Беларусь Республикасы елшіліктері қатысты.

«Ұлымда Даун синдромы бар. Жүгіріс менің ұлым сияқты ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдайтындықтан оған қатыспақ болдым. Іс-шараның мақсаты өзіме жақын» - Хироаки Фуната, Қазақстандағы Жапония Елшілігінің штат қызметкері.

Жүгіріске қатысушылар арасында Дубайға екі кісіге жолдама, «World Class» фитнес-орталығынан ⁠жылдық абонементтер, «Hilton Astana» қонақ үйінде тұруға, «M Clinic» клиникасында тексеруден өтуге сертификат, GALAXY S24 смартфоны, «Орлов моншаларына» сертификаттар және тағы басқа бағалы жүлделер ұтысы өткізілді.

Қайырымдылық жүгіріс Астана қаласы әкімдігінің, Eurasian Resources Group (ERG), «Еуразиялық банк» АҚ, «NAK» құрылыс холдингінің, «АLSTOM», «ECOSHOP Astana», «Жігер газ», «Shaurma Food» қазақстандық дәмді тағамдар желісі, «MYD Production» компанияларының, «G-life» ауыз суы, «Astana Production» ивент-агенттігінің, «M Clinic» клиникасы, «K-cell», «Argymaq» премиалды брендінің, «World Class Ботанический» фитнес-орталығы, «Ocean Love» туристік фирмасы, «Hilton Astana» қонақ үйі, «Marwin» компаниясы, «New Level» жарнама-өндірістік компаниясы, «Sundar Yoga» йога студиясы, бургерной «All off Burger» бургерлер, «Орлов моншалары» компаниясы, «Anta» спорт дүкені, «Моя ферма», «Полезный хлеб» компаниялары, «WOW swim» жүзу мектебі, «Ailand» сауық орталығы, «Солнечный мир» ҚҚ, мастерской детских праздников «Lim-po-po» балаларға арналған мерекелер шеберханасы, «РИКА» экспресс поштасы, «Nomad Triathlon Club» триатлон клубы, «My Start», «Super Kyz», «CleverMarket» онлайн-дүкені, «TOOBA» компаниясының қолдауымен өткізілді. Ақпараттық серіктестер: «Qazsport TV», «Qazaqstan TV», «Jibek joly», «Silk Way» телеарналары, «Love radio», «Радио Дача», «Той Думан» радиостанциялары, «ҚазАқпарат» ХАА, медиа «Город24», «Mustafin Magazine», «AMANAT Group» медиахолдингі.

Анықтама:

Аутизм және менталдық денсаулық бойынша статистика

АИБбД ҰҒПО-ның (2024 ж.) деректеріне сәйкес Қазақстанда 15 000-нан астам бала тұрады, оның 7 мыңдайы мектеп жасына дейінгі балалар. Ал бейресми деректерге сәйкес еліміздегі аутизм бар балалар саны 35 000-нан асады. ДДҰ 100 баланың біреуінде аутизм спектрінің бұзылуы бар, ал АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығында (CDC) бұл көрсеткіш 31 баланың біреуінде бар деп  есептейді.

ДДҰ деректеріне сәйкес психикалық бұзылыстар дүние жүзінде 10-19 жас аралығындағы әрбір жетінші адамда кездеседі; бұл осы жас тобындағы аурулардың әлемдік санының 15% құрайды. Депрессия, мазасыздық және мінез-құлық бұзылыстары жасөспірімдер арасындағы ауру мен мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының (РПДҒПО) мәліметі бойынша 2023 жылы динамикалық бақылаудағы психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар науқастардың жалпы саны 198,4 мың адамнан асты.

Ресми деректерге сәйкес Қазақстанда 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша психикалық мінез-құлық бұзылыстары (аурулары) бар 296,7 мың адам, оның ішінде 92,5 мың адам психоактивті заттарды (ПАЗ) қолдану салдарынан динамикалық бақылауда тұр. Countrycassette халықаралық тәуелсіз онлайн-журналының мәліметі бойынша 2024 жылы депрессияның таралуы бойынша Қазақстан 180 елдің арасында 93-ші орынға шықты.

«Болашақ» қорының инклюзивті білім беруді дамыту бағдарламасының нәтижелері туралы

2015 жылдан бері «Болашақ» қоры Қазақстанның 24 қаласында 71 инклюзияны қолдау кабинетін ашты. Қор балалар үйлеріндегі 2000 балаға және аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар балалары бар 10 000-нан астам отбасын қамтыды, аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар 800-ден астам баланы үйде оқытудан шығарды, 4 000 маманды және ата-ананы оқытты, сондай-ақ 139 білім беру және жол жүру грантын берді. Аутизм, Даун синдромы және дамуында басқа ерекшеліктері бар 200-ге жуық бала кәсіби және спорттық білім алып жатыр. «Болашақ» қоры аутизм бар жасөспірімдерді кәсіптік оқыту жобасын елімізде бірінші болып іске қосты. Бүгінгі таңда «Наубайшы», «Кондитер» және «Тігінші» мамандықтары бойынша 54 жасөспірім білім алып, қазір тағы 20 бала білім алуда. Менталдық денсаулықты қолдау аясында Қор ата-аналар мен ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандарға психологиялық қолдау топтарының жұмысын ұйымдастырды, 40-тан астам адамға көмек көрсетілді.

«Run for autism» жүгірісі туралы

2023-2024 ж.ж. жүгірістерге 3 351 адам қатысты, оның ішінде 200-ден астам ерекше бала. 20 млн-нан астам қайырымдылық қаражат жиналды, осы қаражатқа Астана қ. 10 балабақшасында (№54, №60, №66, №35, №24, №63, №77, №80, №86, №98) инклюзияны қолдау кабинеттері ашылып, жабдықталды. Күн сайын 100-ден астам ерекше бала балабақшаға барып жүр.

👁 7
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Астанада 3 500 адам менталдық денсаулықты қолдап жүгірді

26 сәуірде Астанада үшінші рет жыл сайынғы «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі өтті. Жиналған 22 млн теңге...

Autism Talks-2025 Алматыда: жүректерді біріктіретін шабытты әңгімелер

6 сәуірде Алматыда 3.4 Аймағының Азия чемпионаты шеңберінде Autism Talks үшінші жыл сайынғы кездесуі өтті, онда барлығы...

Астанада Аutism Talks – АСБ бар балалар ата-аналарының жыл сайынғы кездесуі өтті

Астанада аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балалар ата-аналарының «Аutism Talks: ерекше балалы ата-аналардың шабыттандырар әңгімемелері» атты жыл...

1 2 3 27

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram