Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады

18.06.25

Еңбек мамандықтарының жылы аясында Астанада «Ерекше білім беру қажеттілігі бар жасөспірімдер мен ересектерге арналған оқу-өндірістік комбинаттар» жобасының түлектеріне сертификат тапсыру рәсімі өтті. 28 ерекше білім беру қажеттілігі бар жасөспірім «Наубайшы», «Кондитер», «Тігінші» мамандықтары бойынша білім алды.

Жоба «Bolashak Charity» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Астана қаласы әкімдігі, «AMANAT» партиясы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылды.

Жобаның мақсаты — ерекше білім беру қажеттілігі бар жасөспірімдерге кәсіби білім алу, әлеуметтену және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ұсыну.

Бағдарламаға 12-18 жас аралығындағы аутистикалық спектр бұзылыстары, жеңіл және орташа деңгейдегі ақыл-ой кемістігі, психикалық даму тежелуі, Даун синдромы, нейросенсорлық есту қабілетінің төмендеуі, СДВГ жасөспірімдер мен дамуында ауытқулары бар ересектер қатысты.

Оқу 6 ай бойы аптасына екі рет, әр сабақ 3 сағаттан, Астана қаласының Қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету колледжінің базасында жүргізілді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар жасөспірімдер тігін, мата және тігін машиналарымен жұмыс, тағам дайындау, аспаздық және санитарлық негіздер, кондитерлік іс саласында практикалық дағдыларды меңгерді. Сабақ барысында қатысушылар өз бетінше жұмыс істеуге, өзіне деген сенімділікті арттыруға және болашақ мамандығына дайындалуға мүмкіндік алды.

Жоба 2024 жылы «Bolashak Charity» қорының Қысқы қайырымдылық балында жиналған қаражат есебінен басталды. 2024 жылы курсты 34 жасөспірім аяқтады, олардың 10-ы колледжге түсіп, білім алуды жалғастыруда, 8 жасөспірім түрлі ұйымдарда тағылымдамадан өтті, олардың үшеуі жұмысқа орналасты.

Іс-шараға «Bolashak Charity» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан, Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, Қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету колледжінің директоры Зауре Клышбаева, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар жасөспірімдер, олардың ата-аналары, мамандар, әлеуметтік кәсіпкерлер және басқа да қатысушылар қатысты.

«Біздің қор 10 жылдан бері инклюзивті білім беруді дамытуда — балабақшалардан бастап мектептер мен колледждерге дейін жұмыс істеп келеді. Бүгінде менталды бұзылыстары бар жасөспірімдерге кәсіби білім беру мәселесі өзекті болып отыр: 9 сыныптан кейін олар бейімделмеген бағдарламалар салдарынан мектепте оқуын жалғастыра алмайды. Осыған байланысты өткен жылдың басында біз колледждер базасында оқу-өндірістік комбинаттарын іске қостық, онда ерекше білім беру қажеттілігі бар жасөспірімдер мен ересектер практикалық сабақтар арқылы мамандық меңгеруде. Бір жарым жыл ішінде шамамен 70 адам оқытылды, және біз олардың тәуелсіз болуға, өзіне сенімді болуға және болашақ мамандығына дайындалуға мүмкіндік алғанын байқадық. Менталды бұзылыстары бар адамдардың ерекшеліктерін ескере отырып, колледждерде оқу бағдарламаларын бейімдеу, оларды практикалық бағытта жасау және теориялық бөлігін қысқартса үлкен көмек болар еді. Қазақстандағы инклюзияны дамытудағы келесі қадам — менталды бұзылыстары бар адамдардың жұмысқа тұрып, сәтті еңбек ете алуы үшін оларды сүйемелдеушінің болуын қамтамасыз ету. Бұл үшін уәкілетті ұйымдар нормативтік-құқықтық актілер аясында барлық жағдайды жасауы өте маңызды», — деп атап өтті «Bolashak Charity» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

«Тігінші» бағыты бойынша УПК түлегі MaxMara халықаралық бренді бутигінде маркетолог көмекшісі болып жұмысқа орналасты. Бұл инклюзивті білім берудің дамуында ерекше қажеттілігі бар жасөспірімдер үшін нақты перспективаларды ашатын шабыттандыратын мысал болып табылады.

«Ыңғайлы атмосфера, педагогтардың қолдауы және түсінікті нұсқаулар ұлымның өзін көрсетуіне көмектесті. Ол тек тағам пісіруді үйреніп қана қоймай, адамдармен қарым-қатынас жасау, нұсқауларды орындау сияқты өмірлік маңызды тәжірибе алды. Әсіресе дайын өнімді қолына алу сәті ұнады. Бұл жоба тек оқыту туралы емес, тең мүмкіндіктер туралы. Бұл мектеп пен ересек өмір арасындағы көпір, дербестікке қарай тағы бір қадам», — деді Бекназар, аутизммен ауыратын жасөспірімнің әкесі Елдос Иманбаев.

Іс-шара Hilton Garden Inn Astana қонақ үйі мен «Kulki» гүл студиясының қолдауымен өтті.

👁 232
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Run for Autism» жыл сайынғы қайырымдылық жүгірулерінің қаражатына 25 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

19 қараша күні елордалық №59 «Аққанат» балабақшасында Run for Autism жыл сайынғы қайырымдылық жүгіруінің қаражатына жабдықталған инклюзияны...

Футбол — үміт сыйлайтын спорт: UNI Football League ерекше балалардың өмірін қалай өзгертіп жатыр

«Әрбір жаңа қабілет біздің балалар үшін үлкен еңбектен келеді. Бірақ жаттықтырушы әркімге жекелей жол табады, біз баланың...

Елорда кинотеатрының қызметкерлері аутизм және даму ерекшеліктері бар адамдармен жұмыс істеу бойынша оқытудан өтті

2025 жылғы 27 тамызда Астана қаласындағы Chaplin Cinemas кинотеатрында«Инклюзивті киносеанс: ерекше қажеттіліктері бар көрермендерге қолайлы орта құру»...

1 2 3 29

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram