«Айтулы ауру», «модаға айналған балалар диагнозы»: Астанда ЗЖБГ бойынша бірінші республикалық конференция өтті

28.02.24

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйінсек бүкіл әлем бойынша шамамен балалардың 5%-да және ересек адамдардың 2,5%-да Зейін жетіспеушілігінің мен гипербелсенділіктің белгісі бар. Астанада «Зейін жетіспеушілігінің белгісі мен гипербелсенділік (ЗЖБГ) – диагностика және түзету әдістері» атты республикалық конференция өтті. Бұл – Қазақстандағы ЗЖБГ мәселелері бойынша тұңғыш ауқымды шара. Конференция Астанадағы балалар психиатрларының бастамасымен «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен өтті.

Іс-шараның мақсаты – ЗЖБГ-ны диагностикалаудың, емдеудің және түзетудің алдыңғы қатарлы әдістемелерін қолжетімді ету, тәсілдерді кеңейту  арқылы ЗЖБГ бар балалар мен ересектердің өмір сапасын жақсарту, осы жолда қызмет атқаратын мамандарды қолдау.  

ЗЖБГ – зейінді шоғырландыру және сақтау қиындықтары, шамадан тыс қозғалыс белсенділігі (гиперактивтілік) және ұстамсыздық (импульсивтілік) сияқты мінез-құлық бұзылыстарымен сипатталатын даму бұзылыстарының бірі. Ресми деректерге сәйкес балалардың 5-12% және ересектердің 5-8% ЗЖБГбар. Статистикаға сәйкес ЗЖБГқыздарға қарағанда ұлдарда 2-7 есе жиі кездеседі. Көрсеткіштер барлық елдерде шамамен бірдей, статистикадағы айырмашылық негізінен диагностикалық тәсілдердің айырмашылығынан туындайды. Сонымен қатар ЗЖБГбар ересектердің тек 20%-на ғана диагноз қойылған және қажетті көмек алады. Ұлттық психикалық денсаулық институтының (АҚШ, 2023) мәліметтері бойынша ЗЖБГбойынша ұсыныстар әдетте дәрі-дәрмек қолдануды, психотерапияны және/немесе психологиялық кеңестерді қамтиды.

- Біздің қор көп жылдар бойы инклюзивті білім беруді дамытумен айналысады, ең алдымен аутизм, Даун синдромы, алалия және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларды қамтиды. Алайда әлемдік статистикаға сәйкес орта есеппен балалардың 12%-да ЗЖБГ бар. Сондай-ақ дислексияға шалдыққан балалардың үлкен пайызы бар. Бір қарағанда, бұл күрделі диагноздар емес сияқты. Бірақ біздің білім беру жүйемізде әсіресе ЗЖБГ, дислексиясы бар балалар қатты қиналады. ЗЖБГ, әсіресе оның күрделі формасы бар балалар кемсітушілікке ұшырайды, мұғалімдер, мамандар тарапынан да, ата-аналар тарапынан да тиісті қолдау және түсіністік таба алмайды. Көп жағдайларда ЗЖБГ-ны нашар мінез-құлықпен, жалқаулықпен, жаман мінезбен шатастырады. Сондықтан да дәрігерлерге, мұғалімдерге білім беру, ағарту өте маңызды. Медициналық және педагогикалық кадрларды оқыту, осы мәселе бойынша олардың хабардарлығы мен құзыреттілігін арттыру үшін мүмкіндіктер жасау – біздер және білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жетекші уәкілетті орган ретінде ҚР Ағарту министрлігі үшін ортақ міндет, - деп атап өтті «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің Төрайымы Динара Гаплан.   

Конференцияда баяндама оқығандар: Татьяна Дегтярь – балалар психиатры, «АМУ» КеАҚ кафедра ассистенті, Ольга Лукша – балалар неврологі, Махаббат Шәріпова – жасөспірімдер психотерапевті, Виктория Прокофьева – дәрігер-психиатр, когнитивті-мінез-құлықтық психотерапевт, Ирина Огий – педагог-психолог, ата-ана-бала қарым-қатынасы бойынша маман, Аяжан Сұлтанова – когнитивті-мінез-құлықтық психолог, сертификатталған АВА инструкторы, «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің Төрайымы Динара Гаплан.

- ЗЖБГ «балалар ауруы» болып саналады, бірақ бұл бұзылыс ересек жаста да сақталады. ЗЖБГ бар балаларды тәрбиесіз балалар ретінде қабылдайды. Өкінішке орай ұшқалақтық, зейінсіздік, жоғары қозғалғыштық, импульсивтілік және нашар үйлесім сияқты мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты мұндай балалар ересектер тарапынан зорлық-зомбылыққа жиірек ұшырайды. Ал мектепте бұл проблемалық мінез-құлыққа, сыныптастар тарапынан да, мұғалімдер тарапынан да буллингке әкеледі. Кейінірек ЗЖБГ бар бала ЗЖБГ бар ересек адамға айналып, ол да проблемаларға тап болады.

Қазақстанда ЗЖБГ диагностикалау жүйесі нашар дамыған. Мысалы, Еуропа елдерінде балаларға, ата-аналарға, мұғалімдерге арналған түрлі сауалнамалар бар. Көптеген отандық мамандарда осы бұзылысты диагностикалау үшін құралдар жоқ. Диагностикасы қиын болғандықтан ЗЖБГ бар ересектер жиі алаңдаушылық пен депрессияны бастан кешіреді. Емдеуге арналған дәрі-дәрмектің жоқтығы тағы бір қиындық болып табылады, біздің елімізде ЗЖБГ бар адамдарға көмектесетін тиімді дәрілердің көбі тіркелмеген, - деді балалар психиатры, «АМУ» КеАҚ кафедра ассистенті Татьяна Дегтярь.

Іс-шараға Астана, Павлодар қалаларынан және де Ақмола облысынан 100-ден астам маман қатысты. Педагогтер, дефектологтар, логопедтер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер, педиатрлар, психологтар, психиатрлар, АВА-терапевтері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары конференцияға тыңдаушы ретінде қатысты.

Конференцияға қатысушылар ЗЖБГ-ға қатысты мәселелердің кең ауқымын – диагностика және емдеудің соңғы әдістерінен бастап, осы бұзылыс бар балаларды әлеуметтік бейімдеу және білім беру мәселелеріне дейін талқылауға қатысады. Мамандар арасында тәжірибе мен білім алмасу әрбір қатысушыға өз тәжірибесін байытып, ЗЖБГ мәселесіне анағұрлым кешенді әрі тиімді қарауға мүмкіндік берді.  

👁 238
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Министрге ерекше балаларға арналған «Оқу-өндірстік комбинаты» жобасын көрсеттік

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы Жакупова және «Даму» қорының басқарма төрайымы Гаухар...

Қазақстандааутизм және Даун синдромы бар 100-ден астам бала футбол секциясына тегін қатысады

10 желтоқсанда Дүниежүзілік адам құқықтары күні Астанада «UNI Football League» инклюзивті футбол лигасы секциясының ашық жаттығуы өтті....

Елордада мерейтойлық Қысқы қайырымдылық балына дебютанттарды іріктеу өтті

Астанада мерейтойлық XV Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты. «Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар...

1 2 3 25

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram