Әлемді өзгертетін бастамаларды қолда! Қайырымдылыққа қатыс та, «Ninety One» тобының солистерімен кездесуге мүмкіндік ал!

24.02.23

23 ақпанда Астанада «Ninety One» музыкалық тобының солистерінің қатысуымен «Bolashak Bright» қайырымдылық платформасының тұсаукесері өтті. «Bolashak Bright» — бұл bolashakbright.kz онлайн қайырымдылық платформасы, мұнда кез келген адам Қазақстанның Қайырымдылық қорларына жәрдем беру арқылы бағалы жүлделер мен сыйлықтардың ұтыс ойынына қатыса алады. Жиналған қаражат Қазақстанның қайырымдылық қорларының жобаларын іске асыруға жұмсалады. Мақсаты — қайырымдылықты халық арасында насихаттау. Жобаны ұйымдастырушы — «Болашақ» корпоративтік қоры.

«Bolashak Bright» аясында ай сайын www.bolashakbright.kz сайтында ниет білдіргендердің барлығынан 1000 теңгеден бастап және одан жоғары қайырымдылық жарналары жиналатын болады. Айдың соңында қайырымдылық жасаушылар арасында ұтыс ойыны өткізілетін болады. Жеңімпаз бағалы жүлде алады немесе атақты адаммен ланч үстінде кездесу мүмкіндігіне ие болады. Ай сайын қаражат бағытталатын қор/жоба, сондай-ақ шақырылған қонақ/ұтыс жүлдесі өзгереді. Әр процесс ашық болады, оның әрқайсысын жоба сайтынан немесе әлеуметтік желілерде бақылауға болады.

Қаражаттың алғашқы жиналуы 23 ақпан мен 23 наурыз аралығында өтеді. Бірінші ұтыс ойынының жеңімпазы танымал «Ninety One» музыкалық тобының мүшелерімен ланч үстінде кездесуге мүмкіндік алады. Алғашқы жиналған қаражат буллезді эпидермолизбен ауыратын 8 жасар Тимур Сидировқа екі қолдың саусақтарын ажырату бойынша ота жүргізу үшін «Kobelek Balalar» қорына бағытталады. Қаражаттың жұмсалуы туралы есептер жобаның сайтында жарияланады.

Ұйымдастырушыларды осы жобаны жасауға 2016-2017 жылдары өткізілген «Болашақ» Қауымдастығының «Bolashak lunch» қайырымдылық акциясының сәтті тәжірибесі шабыттандырды. Ұтыс ойындарының жеңімпаздары Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левитпен, әнші Қайрат Нұртаспен, «Барыс» хоккей клубының форвардымен Найджел Доуспен және басқалармен кездесті. Түскен қаражат ЦСА және аутизм бар балаларды оңалтуға бағытталды.

Дүниежүзілік қайырымдылық индексінде 2022 жылы Қазақстан 2021 жылмен салыстырғанда бес саты жоғары көтеріліп, 119-дан 93-ші орынды иеленді. Салыстыру үшін 2010 жылы Қазақстан 121-орында, 2018 жылы 96-орында, ал 2021 жылы 98-орында болды. Қазақстанда ондаған әлеуметтік маңызды бастамаларды жүзеге асыратын 40-қа жуық қайырымдылық ұйымдары бар. Бірақ қайырымдылық әлі де кең таралмағанҚазақстандық қайырымдылық қорларын бірнеше түрге бөлуге болады: қайырымдылықты дамыту, әлеуметтік жобалар, денсаулық сақтауды, мәдениетті және білім беруді қолдау, балаларға көмек, аз қамтылған отбасыларға көмек, заңгерлік және әлеуметтік көмек, қарттарға көмек, жануарларға көмек. Көбінесе олар меценаттардың, қамқоршылардың қаражаты есебінен істеп тұрады.

«Кеше, 22 ақпанда біздің қорымызға 12 жыл болды. Осы жылдар бойы біз елімізде қайырымдылықты жүйелі түрде дамытып келеміз. Соңғы жылдары біз басқа қорлардың жүйелі дамуына қалай көмектессек, оларға қалай қолдау көрсетсек деп жиі ойланатынмыз. Біз қайырымдылық мәдениетін дамытып, барлығына қайырымдылық оңай екенін көрсеткіміз келеді. «Bolashak Bright»-тың арқасында жанашыр азаматтармен бірге біз тамаша бастамалар мен жобаларды қолдай алатынымызға сенімдіміз. Жобаның артықшылығы – әрбір қайырымдылық жасаушы бағалы сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Еліміздегі қайырымдылық ұйымдарынан қорға барлығы 20 ондықтан астам өтініш келіп түсті. Біз бірінші болып «Kobelek Balalar» қорын таңдадық, себебі бірнеше жылдан бері олармен бірге жұмыс істеп келе жатырмыз, қалай жұмыс істейтінін білеміз», - деді «Болашақ» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

Тұсаукесерге жобаның ұйымдастырушылары, «Ninety One» тобының мүшелері, серіктестер, қайырымдылық қорларының басшылары, блогерлер, журналистер қатысты. Тұсаукесер шегінде «Ninety One» тобының концертіне
2 билет ойнатылады.

Жоба серіктестері: «Ninety One» тобы, «FlyArystan» компаниясы, «Myd Production» компаниясы, «A-Event» компаниясы, «Sxodim Group» медиахолдингі, «Технодом» компаниясы, «Turkish Airlines» компаниясы, «Sheraton Astana» қонақ үйі, «Барыс» хоккей клубы, «KAZGUU» бизнес мектебі, «Global Coffee» кофеханалар желісі, «Болашақ» қауымдастығы, «Кефир» шығармашылық агенттігі, «The Sun» компаниясы.

 Анықтама

«Kobelek Balalar» қоры туралы

«Kobelek Balalar» қоры 2017 жылы құрылған. Бүгінгі таңда елде Ихтиозбен (терінің жоғарғы (мүйізді) қабатының қабыршақтануының бұзылуымен сипатталатын дерматоздар тобы) ауыратын 600-ден астам пациент бар және олардың барлығы сапалы медициналық көмекке мұқтаж.

Қор медициналық, атаулы, ақпараттық, заңгерлік және консультациялық көмек көрсетеді. Сондай-ақ өңірлік дәрігерлер үшін оқыту семинарларын өткізеді, қордың мамандары дерматологиялық конференцияларда сөз сөйлейді. Қордың арқасында 99 пациент жан-жақты көмек алып отыр.

8 жасар Тимур Сидировқа екі қолдың саусақтарын ажырату бойынша ота Санкт-Петербург қаласында Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің Н.И. Пирогов ат. жоғары медициналық технологиялар клиникасының «RecOrt» реконструктивті ортопедия орталығында жоспарланы отыр. Операцияның құны
1 млн 198 000 теңгені құрайды.

Бұған дейін «Болашақ» қоры 2020-2022 жылдары Халықаралық генетикалық дерматоздар қауымдастығына қолдау көрсеткен болатын. Қордың қолдауы арқасында Қазақстаннан бір балаға саусақтарын ажырату отасы жасалды; Қазақстаннан 10-нан астам бала генетикалық диагностикадан өтті; Қазақстаннан 18 дәрігер «Туа біткен буллезді эпидермолизге шалдыққан науқастардың сыртқы терапиясы үшін Мёлнлике Хелс Кеа компаниясының таңғыштарын қолдану» семинарына қатысты; Қазақстаннан 60 маман Debra International Congress 2021 халықаралық конгерссіне қатысты.

👁 286
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Министрге ерекше балаларға арналған «Оқу-өндірстік комбинаты» жобасын көрсеттік

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы Жакупова және «Даму» қорының басқарма төрайымы Гаухар...

Қазақстандааутизм және Даун синдромы бар 100-ден астам бала футбол секциясына тегін қатысады

10 желтоқсанда Дүниежүзілік адам құқықтары күні Астанада «UNI Football League» инклюзивті футбол лигасы секциясының ашық жаттығуы өтті....

Елордада мерейтойлық Қысқы қайырымдылық балына дебютанттарды іріктеу өтті

Астанада мерейтойлық XV Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты. «Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар...

1 2 3 25

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram