1000 теңгеге қайырымдылық жасап, «Барыс» хоккейклубының өз алаңындағы ойындарын VIP-ложадан көруге мүмкіндік алыңыз

13.10.23

«Болашақ» корпоративтік қорының «Bolashak Bright» жобасы аясында қайырымдылық ұтыс ойыны басталды. Бұл – акция аясындағы төртінші ұтыс ойыны. «Bolashak Bright» – бұл bolashakbright.kz онлайн қайырымдылық платформасы, мұнда әрбір адам Қазақстанның қайырымдылық қорларына 1000 теңгеден бастап қайырымдылық жасап, бағалы жүлделер мен сыйлықтар ұтысының қатысушысы бола алады. Мақсат – халық арасында қайырымдылықты кеңінен насихаттау. Жиналған қаражат еліміздегі қайырымдылық қорларының жобаларына бағытталады. Жарналар 2023 жылғы 25 қазанға дейін www.bolashakbright.kz сайтында қабылданады.  

Жиналған қаражат Жамбыл облысының балалар үйлерінің балаларына арналған білім беру саяхатын ұйымдастыру үшін «Союз Жаса» қорына жолданатын болады. Бір жыл ішінде қор балалар үйлерінің балаларына арналған 10-нан астам саяхат ұйымдастырды. 550-ден астам баланың арманы орындалып, олар Алматы, Ақтау қалаларын, Байқоңыр ғарыш айлағын және еліміздің үлкен қалалары мен көрнекі жерлерді көріп қайтты.

Қайырымдылық жарналарын салғандардың барлығы жүлделер мен сыйлықтар ұтысына қатысады. Бас жүлде – «Барыс» ХК-ның VIP-ложасында өз алаңындағы екі ойынын тамашалау. VIP-ложа 13 адамға арналған, жеңімпаз туыстары мен достарын шақыра алады. Тағы бірнеше жарна салушы «Барыс» хоккей клубының аты жазылған джерси күртесін, клуб мүшелерінің қолтаңбасы қойылған клюшка және ойынға билеттер ұтатын болады.

«Bolashak Bright» жобасы 2023 жылдың ақпан айында танымал «Ninety One» музыкалық тобымен бірлескен жұмыстан басталды.

Алғашқы қайырымдылық жинау кезінде 1 118 918 теңге жиналды, ал жеңімпаз танымал Q-pop тобының мүшелерімен ланч кезінде кездесуге мүмкіндік алды. Жиналған қаражат буллезді эпидермолизге шалдыққан 8 жасар ұл баланың саусақтарын ажырату үшін ота жасауға «Kobelek Balalar» қорына жіберілді.

Келесі қайырымдылық жинаулардан түскен қаражат ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған спорттық құрал-жабдықтарды сатып алу үшін «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорына, №95 мектеп-лицейінде аутизм және басқа да ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинетін ашу үшін «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасына бағытталды. «Bolashak Bright» акциясының қайырымдылық жасаушылары қатарынан ұтыс жеңімпаздары қолтаңбасы қойылған олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың футболкасын, «TECHNODOM» компаниясынан тау велосипедін, «Coffeeday» кофеханалар желісінен жылдық кофе қорын және басқа да сыйлықтарды ұтып алды.

👁 355
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Елордада мерейтойлық Қысқы қайырымдылық балына дебютанттарды іріктеу өтті

Астанада мерейтойлық XV Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты. «Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар...

Ерекше қажеттіліктері бар 30-дан астам жасөспірім колледждерде кәсіби дайындық бойынша сынамалы жоба шегінде өз оқуларын аяқтады

Астанада «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар жасөспірімдерге арналған оқу-өндірістік комбинаттар» сынамалы жобасының түлектеріне куәлік беру рәсімі өтті....

Астанада аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған Инклюзивті футбол лигасының тұсаукесері өтті

Ирландияның футболдан құрама командасының жартылай қорғаушысы Джеймс Макклин мен ағылшын футболшысы Джон О’Кейннің қайндай ортақ тұстары бар...

1 2 3 24

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram