«Дос-Мұқасан» ансамблі негізін қалаушысының гитарасы ХІІІ Қысқы қайырымдылық балының аукционына қойылады

24.11.22

Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы әрі тұңғыш жетекшісі Досым Сүлеев «Жан Досым» хиті шағарылған өзінің 1974 жылғы гитарасын, сондай-ақ топтың алғашқы хиттері жазылған бірегей винил күйтабағын ХІІІ Қысқы қайырымдылық балының аукционына табыстады. 

XIII Қысқы қайырымдылық балының тұсаукесерінде ұйымдастырушылар балдың аукционына қойылатын лоттар туралы ақпаратпен бөлісті: 1940-1950 жылдары қолдан тоқылған кілемдер, АҚШ-тың 14-ші президенті Франклин Пирс қол қойған жер телімін беру туралы 1856 жылғы құжат және басқа өнер заттары.

Естеріңізге сала кетейік, 8 желтоқсанда Астанада «Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім алу және дарынды жастарды қолдау мәселелеріне қоғамның назарын аудару мақсатында 2012 жылдан бері жыл сайын өткізіп келе жатқан XIII Қысқы қайырымдылық балы өтеді. Қысқы қайырымдылық балы – дәстүрлі түрде бизнестің, дипломатиялық корпустың, қоғамдық және саяси топтардың өкілдерін жинайтын өз тарихы бар Қазақстандағы жалғыз бал. Балдың бағдарламасында: дебютанттармен билеу, салтанатты кешкі ас, бағалы лоттар аукционы, қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсететін шоу-бағдарлама, сондай-ақ іс-шара серіктестерінен бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны. XIII Қысқы қайырымдылық балы «Hilton Astana», «BI Group», «А-Event KZ» компаниялардың және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Бал демеушілері: «Нұрбанк» АҚ және «Astana Business Aviation» компаниясы.

Журналистер алдында «Нұрбанк» АҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Данияр Қасенов, «Hilton Astana» қонақ үйінің басқарушы директоры Алан Стокер сөз сөйлеп, ал Қысқы қайырымдылық балдарының қоюшы-хореографы, Қазақстанның хореографтар одағының мүшесі Евгений Моисеев балдың дебютанттары мен балға дайындықтың ерекшеліктері туралы айтып берді.

«Болашақ» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан іс-шараның құндылығы және оның қоғам үшін маңызы туралы айтты:

«Қысқы қайырымдылық балы өзінің он жылдық тарихында елорданың ірі қайырымдылық және мәдени іс-шараларының біріне, сондай-ақ біз жыл сайын өткізетін қордың жүйелі жобасына айналды. Екі жылдық үзілістен кейін біз серіктестерімізбен бірге Қысқы қайырымдылық балдарын өткізу дәстүрін жалғастыруды ұйғардық.

Балдардан түскен қаражаттың арқасында біздің қор сонымен бірге ерекше балалары бар отбасылардың өмір сүру сапасын, инклюзивті білім беру саласындағы мамандарды даярлау сапасын және соның нәтижесінде инклюзивті білім беру саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыратын озық әлемдік тәжірибелерді, бүкіл әлемде қабылданған ғылыми дәлелденген тиімді әдістемелерді елімізде дамытуға мүмкіндік алдыҚысқы қайырымдылық балдарынан түскен қаражатқа біз бүкіл ел бойынша инклюзивті алаңдар желісін құрдық, соның арқасында аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар 700-ден астам баланы үйден оқытудан шығардық. Елдегі тұңғыш мінез-құлық талдаушыларын оқыттық, бүгінгі таңда олар ерекше балалармен жұмыс істейтін жүздеген педагогтер мен мамандарды үйретуде. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің сертификаттауынан өткен еліміздегі алғашқы ерекше балаларды оқыту бойынша біліктілікті арттыру курсын әзірлеп, іске қосып, еліміздегі мінез-құлықты қолданбалы талдауды дамытудың негізін қаладық. Ерекше балаларды оқыту бойынша әлемде ғылыми дәлелденген жалғыз әдістеменің негіздері туралы аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар балаларды оқыту бойынша қазақ тілінде тұңғыш кітапты шығардық. Бүкіл ел бойынша жүздеген мамандардың жұмысын сапалы сүйемелдеуді қамтамасыз етеміз. Біз одан да көп жасауға, одан әрі өрлей беруге әзірміз. Осы істе бізді қолдауға шешім қабылдаған серіктестерімізге мен бүгін алғыс айтқым келеді» - деп атап өтті Динара Гаплан.    

Жиналған қаражат «Болашақ» қорының ерекше қажеттіліктері бар балалар мен дарынды жастарға арналған «Әр бала мектепке баруға лайықты» және «Жол жүру гранттары» қайырымдылық бағдарламаларына бағытталды.

Қайырымдылық қаражатын пайдаланудың ашықтығын сақтау мақсатында қордың www.bolashakcharity.kz сайтында қаржылық есептер жарияланады.

XIII Қысқы қайырымдылық балының серіктестері: «Шаңырак-Медиа» АҚ, «The Сhef Group» компаниясы, Алматы халықаралық әуежайы, «MYD Production» компаниясы, «BrandOn» коммуникациялық агенттігі, Астана қ. Халықаралық мектебі, «LUXURY HOUSE» сауда үйі, «Life Fitness» фитнесс-орталығы, «Doctor Dent» ЖШС, «Razzak Residence Clinic» компаниясы, «Doctor Clinic», Turkish Airline, «Bekesh textile» маталар үйі, «GrandPrix» денсаулық және сұлулық клубы, «OTAN сағаттар» қазақстандық сағаттар, «V-Flight» ойын-сауық орталығы. XIII Қысқы қайырымдылық балының ақпараттық серіктестері: «Хабар» агенттігі» АҚ, «Zakon.kz» АА, ҚР Президентінің телерадиокешені, «Sputnik Қазақстан» АА, «We Project», ҚР Ақапарат және қоғамдық даму министрлігі, «Sxodim Group» медиахолдингі,  «NUR Media» холдингі,  «QazContent» АҚ.

Анықтама: 

10 жыл ішінде Қысқы қайырымдылық балдарының арқасында 800 миллион теңгеден астам қаражат жинады. Түскен қаражатқа:

- 70-тен астам мамандандырылған оңалту мекемесі ашылды және жарақтандырылды;

- Қазақстан бойынша 46 инклюзияны қолдау кабинеті;

- аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктер бар 700-ден астам бала мектепке барды;

3000-нан астам маман оқытылды;

инклюзивті білім беру саласында 500-ден астам жұмыс орны құрылды;

- аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 100-ден астам білім беру және жол жүру гранттары берілді.

«Болашақ» қоры инклюзивті білім беруді дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне 70-тен астам сапалы ұсыныстар мен түзетулер енгізді.

👁 253
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Елордада мерейтойлық Қысқы қайырымдылық балына дебютанттарды іріктеу өтті

Астанада мерейтойлық XV Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты. «Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар...

Ерекше қажеттіліктері бар 30-дан астам жасөспірім колледждерде кәсіби дайындық бойынша сынамалы жоба шегінде өз оқуларын аяқтады

Астанада «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар жасөспірімдерге арналған оқу-өндірістік комбинаттар» сынамалы жобасының түлектеріне куәлік беру рәсімі өтті....

Астанада аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған Инклюзивті футбол лигасының тұсаукесері өтті

Ирландияның футболдан құрама командасының жартылай қорғаушысы Джеймс Макклин мен ағылшын футболшысы Джон О’Кейннің қайндай ортақ тұстары бар...

1 2 3 24

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram