Мақсатпен жүгіреміз: «Run for autism» екінші қайырымдылық жүгірісі

06.05.24

18 мамырда Астанада аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату мақсатымен екінші жыл сайынғы «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі өтеді.

Жүгіріске қатысу үшін кәсіби спортшылар, жүгірушілер, блогерлер, БАҚ өкілдері, ерекше балалар мен олардың ата-аналары шақырылады.

Жүгіріс төрт қашықтыққа өтеді:

•          1 км – 5 990 теңге.

•          2,5 км – 6 990 теңге.

•          5 км – 7 990 теңге.

•          10 км – 8 990 теңге.

Шарттар:

  • Әр қатысушы жарысқа тек бір қашықтықта қатыса алады.
  • Әр санатта бірінші, екінші және үшінші орын алған жарыс жеңімпаздары дипломмен марапатталады.
  • Мәреге жеткендердің барлығына жынысына, жасына және таңдаған қашықтығына қарамастан медаль беріледі.
  • Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері жүгіріске тегін қатысады.

Жиналған қаражат «Әрбір бала мектепке баруға лайықты» жобасы аясында аутизм және басқа менталдық бұзылыстары бар балаларды қолдауға бағытталатын болады.

Іс-шара аясында ерекше балаларға арналған «Көңілді старттар» спорттық-ойын эстафетасы өткізіледі.

Қашықтықтар бойынша жүгіріске тіркелу: https://runforautism.kz/sign-in 

«Көңілді старттар» эстафетасына тіркелу: https://forms.gle/TYDwPw39WFpATLMZ7   

Жүгіріске қатысушылар арасында екі Samsung Galaxy S 24 смартфоны, фитнеске жылдық абонемент, «Argymaq», «Coffee Day» компанияларының сертификаттары және тағы басқа бағалы жүлделер ұтысы өткізіледі.

Ұйымдастырушы:«Болашақ» Корпоративтік қоры Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен.

Демеушілер мен серіктестер: ERG Еуразиялық компаниялар тобы, «NAK» құрылыс холдингі, «Integra Construction KZ», «Myd Production», «K-cell» компаниялары, «SF» қазақстандық дәмді тағамдар желісі, «G-life» ауыз суы, «Argymaq» премиалды бренді, «Coffee Day» әлемдік кофеханалар желісі, «Templ» фитнесс орталығы, «Zavod», «Nomad Triathlon Club» компаниялары, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоры, «My Start» және басқалары.  

Орны мен күні: Астана қ., Триатлон паркі, 2024 жылғы 18 мамыр, басталуы сағ. 08:00-де. 

2023 жылы бірінші «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі қалай өткен: https://www.youtube.com/watch?v=7UrXkAI0KeI

👁 785
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

Run for Autism» жыл сайынғы қайырымдылық жүгірулерінің қаражатына 25 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

19 қараша күні елордалық №59 «Аққанат» балабақшасында Run for Autism жыл сайынғы қайырымдылық жүгіруінің қаражатына жабдықталған инклюзияны...

Футбол — үміт сыйлайтын спорт: UNI Football League ерекше балалардың өмірін қалай өзгертіп жатыр

«Әрбір жаңа қабілет біздің балалар үшін үлкен еңбектен келеді. Бірақ жаттықтырушы әркімге жекелей жол табады, біз баланың...

Елорда кинотеатрының қызметкерлері аутизм және даму ерекшеліктері бар адамдармен жұмыс істеу бойынша оқытудан өтті

2025 жылғы 27 тамызда Астана қаласындағы Chaplin Cinemas кинотеатрында«Инклюзивті киносеанс: ерекше қажеттіліктері бар көрермендерге қолайлы орта құру»...

1 2 3 29

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram