Аутизм бар жасөспірімдерді кәсіптік-техникалық оқыту бойынша бірінші эксперименталды топ өз жұмысын бастады

12.02.24

«Болашақ » қоры ерекше білімі беру қажеттіліктері бар жасөспірімдерді кәсіби оқыту мақсатында Астана қ. «Менеджмент, бизнес және білім» колледжі негізінде «Сәндік-қолданбалы өнер» курсын іске қосты. Курс «Болашақ» корпоративтік қоры жүзеге асыратын Астана қаласының ерекше білімі беру қажеттіліктері бар 8-11 сынып оқушыларына арналған «Оқу-өндірістік комбинаттар» (ОӨК) жобасы шеңберінде басталды.

Бастапқы топқа аутизм бар 9 жасөспірім қатысады және оқыту 5 ай бойы жалғасады. Курстың арқасында балалар графикалық сауаттылыққа, кеңістікті шығармашылықпен ұйымдастыруға, папье-маше техникасын пайдалана отырып безендіруге, балшықпен жұмыс істеуге, аппликация және батик техникаларын және т.б. үйренеді.

Курсты аяқтаған соң әр қатысушы арнайы куәлік алады, ал ең бастысы одан әрі арнаулы орта білім алуға немесе шеберханаларда жұмысқа орналасуға және т.б. мүмкіндіктерге ие болады.

Ағымдағы жылы Астана қ. «Қоғамдық тамақтандыру және сервис» колледжі  негізінде оқытуды бастау жоспарлануда. Жалпы жоба аясында келесі мамандықтар бойынша оқыту жоспарланып отыр: «Интерьер дизайны», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Тігін өндірісі және киімді модельдеу», «Тамақтандыруды ұйымдастыру-аспаз», «Тамақтандыруды ұйымдастыру-кондитер».

👁 585
просмотров

Ұқсас жаңалықтар

UNI Football League халықаралық UEFA Grassroots Awards байқауында қола жүлде жеңіп алды

«Bolashak Charity» қоғамдық қоры Қазақстан футбол федерациясымен бірлесіп және «Freedom Shapagat» қорының демеушілігімен жүзеге асырылып жатқан UNI...

Autism Talks. Біз туралы өзіміз айтамыз

Астанада аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балалардың ата-аналарына арналған төртінші жыл сайынғы Autism Talks-2026 кездесуі өтті. Іс-шара...

ЕЛДЕГІ БАСТЫ ИНКЛЮЗИВТІ ЖҮГІРУ:RUN FOR AUTISM АСТАНАДА МЫҢДАҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ БІРІКТІРЕДІ

Астанада IV жыл сайынғы қайырымдылық Run for Autism жүгіру жарысына арналған баспасөз конференциясы өтті. Run for Autism...

1 2 3 31

БАЙЛАНЫСУ ҮШІН АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Д.Қонаев к. 12/1,
411-офис
Пошта: charityfoundation@bolashak.kz
Телефон: +7 7172 500 618

БІЗ INSTAGRAM-ДА

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Әзірлеуші Санат Досаев

crossmenuchevron-upchevron-down linkedin facebook pinterest youtube rss twitter instagram facebook-blank rss-blank linkedin-blank pinterest youtube twitter instagram