1. Егер Сіз бөлмедегі қандай да бір затты нұсқасаңыз, балаңыз оған қарай ма? (мысалы, ойыншықты немесе жануарды нұсқасаңыз, балаңыз ойыншыққа немесе жануарға қарай ма?)
2. Бұрын-соңды балаңыздың құлағы естімеуі мүмкін деген ой келді ме?
3. Балаңыз болғансуды ұната ма? (мысалы, бос ыдыстан ішіп жатқан, телефонмен сөйлескен, қуыршақты немесе ойыншық жануарды тамақтандырған бола ма?)
4. Балаңыз заттардың үстіне мініп алғанды ұната ма? (мысалы, жиһазға, ойын алаңына, баспалдаққа?)
5. Балаңыз басы мен көздерінің маңында саусақтарымен әдеттен тыс қимылдар жасай ма? (мысалы, көздерінің жанында саусақтарын қозғалтады?)
6. Әлдебірдеңені сұрағысы келсе немесе көмек сұрап жүгінсе, балаңыз саусағымен нұсқайды ма? (мысалы, қолы жетпей тұрған дәмтатым немесе ойыншықты нұсқап көрсете ме?)
7. Балаңыз Сізге көрсеткісі келетін қызықты бірдеңені бір саусағымен көрсете ме? (мысалы, аспандағы ұшақ немесе жолдағы үлкен жүк көлік?)
8. Балаңыз басқа балаларға қызығушылық таныта ма? (мысалы, басқа балаларға қарай ма, күле ме немесе оларға жақындай ма?)
9. Балаңыз Сізге жай көрсін деп заттарды әкеле ме, оларды Сізге көмектессін деп емес, жай ғана Сізбен бөлісу үшін көрсете ме? (мысалы, Сізге гүлді, ойыншық жануарды, ойыншық жүк көлікті көрсете ме?)
10. Балаңыз Сіз оны атын атағанда жауап бере ме? (мысалы, Сізге қарай ма, сөйлей ме немесе былдырлай ма, өз атын естігенде өз істерін қоя тұра ма?)
11. Балаңызға күлімсіреп қарасаңыз, ол да Сізге қарап күлімсірей ме?
12. Балаңызды күнделікті шулар абыржыта ма? (Мысалы, шаңсорғыштың шуына немесе қатты музыка қосылғанда айқайлай ма немесе жылай ма?)
14. Балаңызбен сөйлескенде, ойнағанда немесе киіндіріп жатқанда, көзіңізге қарай ма?
15. Балаңыз Сіздің әрекеттеріңізді қайталауға талпына ма? (мысалы, қол бұлғау, алақан соғу, Сізден қайталап көңілді шулау)
16. Әлдебірдеңеге қарау үшін басыңызды бұрсаңыз, балаңыз Сіздің қайда қарағаныңызды көру үшін басын бұра ма?
17. Балаңыз Сізді өзіне қаратуға тырыса ма? (мысалы, балаңыз Сізге мақтау сөз есту, "қарашы" немесе маған қарашы" деп айту үшін қарай ма?)
18. Балаңызға бірдеңені істеуді айтқанда, ол Сізді түсіне ме? (мысалы, егер Сіз затты нұсқамасаңыз, балаңыз "кітапты орындыққа қой" немесе "маған көрпе әкеліп берші" деген сөздерді түсіне ме?)
19. Қандай да бір жаңа бірдеңе болып жатса, Сіздің бұған қатысты не сезінгеніңізді түсіну үшін балаңыз Сіздің жүзіңізге қарай ма? (мысалы, егер ол оғаш немесе қызықты шу естісе, немесе жаңа ойыншықты көрсе, ол Сіздің жүзіңізге қарай ма?)
20. Балаңыз қозғалмалы қимылдарды ұната ма? (мысалы, көтеріп лақтырғанда немесе тізеге салып тербеткенде)