Басты бет

АВА-терапиясына
кіріспе курсы

2015 жылдан бастап біз ерекше балаларды АВА әдістерін қолдана отырып оқыту тәжірибесін енгізіп келеміз
Курсқа жазылу
Басталу уақыты: Мамыр 2024 жыл
▷ Жұмыс істеген 6 жыл ішінде біз 3000-нан астам ата-ана, педагог және басқа да мамандарды АВА-терапиясы әдістеріне үйреттік
▷ Біз тәжірибемізді жинақтап, 2021 жылы АВА-терапиясы бойынша педагогтерге арналған Қазақстандағы алғашқы біліктілікті арттыру курсын жасадық

Курс туралы

▶ Курс ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге арналған негізгі білімді қамтиды.

▶ ABA-терапиясы – адамның мінез-құлқына, мінез-құлықты қолданбалы талдау принциптеріне негізделген қолданбалы ғылым.

▶ ABA-терапиясы аутизм бар балаларға арналған араласудың алтын стандарты болып табылады, себебі оның тиімділігі көптеген ғылыми зерттеулерде дәлелденген.

Ұзақтығы: 72 академиялық сағат
Оқыту тілдері: қазақ, орыс
Бағасы: 59 000 теңге

Кімдерге арналған

▸ Педагог-ассистенттер
▸ Психологтар
▸ Дефектологтар
▸ Логопедтер
▸ Әлеуметтік педагогтер
▸ Ата-аналар
▸ Әлеуметтік қызметкерлер
▸ Әдіскерлер
▸ Ерекше балалармен жұмыс істейтін басқа да мамандар

Курс бағдарламасы

1. Аутизм және мінез-құлықты қолданбалы талдау

Сабақта тыңдаушылар мінез-құлықтық бұзушылықтары, оның ішінде аутизм, СДВГ (гиперактивтілік және назар жетіспеушілігі синдромы) бар балалардың және дамуында басқа да ерекшеліктері бар балалардың даму ерекшеліктерімен, мінез-құлықты қолданбалы талдаудың негізін қалаушы ұғымдармен танысады.

2. Мінез-құлық

Сабақ «мінез-құлық» түсінігін анықтауға және оның сипаттамаларына арналған, мінез-құлық тәсілдеменің, мотивациялық жағдайлар және дискриминативті ынталандыру принциптері түсіндіріледі.

3. Мінез-құлықты таңдау және сипаттау

Сабақ «мақсатты мінез-құлық» түсінігін анықтауға арналған. Тыңдаушылар мінез-құлықты өлшеу принциптерін, ABC кестесімен және Scatter-Plot диаграммасымен жұмыс істеуді үйренеді.

4. Мінез-құлық функциялары

Сабақта тыңдаушылар қауіпті мінез-құлық түрлерімен және мінез-құлық функцияларының сипаттамаларымен танысады.

5. Мінез-құлық салдары

Сабақта тыңдаушылар мінез-құлық принциптерімен және мінез-құлықтың күшеюіне және әлсіреуіне әсер ететін факторлармен танысады.

6. Жағымсыз мінез-құлықты түзету әдістері

Сабақ жағымсыз мінез-құлықты түзету әдістеріне, NCR процедурасын (noncontingent reinforcement – шартсыз күшейту), көрнекі әдістер мен дифференциалды (таңдап) күшейтудің түрлеріне арналған.

7. Басқаруды бақылау

Сабақта тыңдаушылар басқарушылық бақылауды орнатудың қадамдық техникасымен танысады.

8. Қалауларды тестілеу

Сабақ мінез-құлықты күшейту түрлеріне, қалауларды бағалауға және ынталандыру әдістеріне арналған.

9. Вербалды мінез-құлық

Сабақта тыңдаушылар вербалды мінез-құлық формаларымен және вербалды операнттармен танысады.

10. Дағдыларды тестілеу

Сабақта тыңдаушылар ABLLS-R және VB-MAPP дағдыларды бағалау құралдарымен танысады және оларды жұмыста қолдануды үйренеді.

11. Оқыту әдістері

Сабақ «мінез-құлық тізбегі» түсінігін анықтауға және мінез-құлықты қолданбалы талдауда қолданылатын оқыту әдістеріне арналған: жеке блоктар әдісі, аралас блоктар әдісі, мінез-құлықты қалыптастыру (шейпинг).

12. Көмек түрлері

Тыңдаушылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу кезінде көмекті қолдану қағидаларымен танысады.

13. Бағдарламалар мен протоколдар жасау

Сабақта тыңдаушылар жеке даму бағдарламаларын әзірлеу, сабақ хаттамаларын жасау және қолдану принциптерімен танысады.

14. Мәліметтерді визуалды бейнелеу

Сабақта тыңдаушылар баланың даму динамикасын, жаңа дағдылардың игерілуін және өсуін, жағымсыз мінез-құлықтың азаю деңгейін көрсететін графиктермен танысады және оларды құруды үйренеді.

15. Ерекше бағдарламалар

Сабақта тыңдаушылар күшейтудің жетондық жүйесін енгізу қағидаларымен танысады.

16. Сарқылу

Сабақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу кезіндегі жоғары психоэмоционалды жүктеме салдарынан педагогтерде пайда болатын кәсіби сарқылудың алдын алу әдістеріне арналған.

17. Этика

Сабақта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеген кезде, педагогтер ұстануға тиіс этикалық нормалар түсіндіріледі.
Бағдарламаны толығымен көрсету

Курс артықшылықтары

Мінез-құлық талдаушыларын сертификаттау жөніндегі халықаралық комиссияның (ВАСВ) базалық деңгейдегі мамандарға арналған стандарттарын (RBT) ескере отырып әзірленген
8 жылдан астам тәжірибесі бар халықаралық сертификат алған мінез-құлық талдаушылары оқуды жүргізеді
ҚР БҒМ-мен келісілген біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының тізіміне енгізілген
Курстан кейінгі сүйемелдеуді қамтиды

Курс оқытушылары

Айнұр Уәлиханқызы Нұрова

Педагогика ғылымдарының магистрі, сертификатталған ВСВА, IBA мінез-құлық талдаушысы және CВА-S супервизоры, "Болашақ" КҚ-ның мінез-құлық бағдарламаларының кураторы

Жанара Ескенқызы Қалиева

Педагогика ғылымдарының магистрі, сертификатталған мінез-құлық талдаушысы және CВА-S супервизоры, "Болашақ" КҚ-ның мінез-құлық бағдарламаларының кураторы

Елена Сергеевна Смолыгина

Педагогика және психология ғылымдарының магистрі, мінез-құлық талдаушысы, "Болашақ" КҚ-ның мінез-құлық бағдарламаларының кураторы

Назгүл Жамбылқызы Нұрмағанбетова

Педагог-психолог, мінез-құлық талдаушысы, "Болашақ" КҚ-ның мінез-құлық бағдарламаларының кураторы

Курстан білетініңіз

Мінез-құлықты қолданбалы талдау принциптері

Дағдыларды бағалау құралдары

Дағдыларды қалыптастыру әдістері

Ерекше балалардың проблемалы мінез-құлқының себептері

Жағымсыз мінез-құлықты түзету әдістері

Прогрессті бақылау әдістері

Отзывы

  • «Я мама особенной дочки, ей три года и 5 месяцев. Я записалась на курс повышения квалификации фонда, чтобы получить базовые знания по прикладному анализу поведения и применять на практике в работе со своим ребенком и в дальнейшей работе, так как серьезно интересуюсь темой коррекции детей с РАС и в будущем хочу работать в этом направлении. Мне очень понравился курс, все было доступно, понятно. Полученные знания я уже применяю в наших занятиях с дочкой. В основном использую метод обучения в естественной среде. За пару месяцев приучила дочку к туалету, она выучила алфавит, поведение улучшилось, дочь стала чаще выполнять инструкции. Благодарю вас за ваш труд, это очень нужное и полезное для общества дело. Знания, полученные на курсе, помогают мне даже в моей работе фитнес-тренером. Я стала лучше понимать поведение людей, их мотивы. Применяю методы вмешательства в улучшении поведения и выработки определенных навыков».
    Дэлия Ромеро, г. Капчагай, Алматинская область.
    Слушательница курса повышения квалификации фонда по прикладному анализу поведения.
  • «Я социальный работник. Посещаю на дому 10-летнюю девочку с особыми образовательными потребностями. На курсе повышения квалификации фонда для меня почти все было новым. Если рефлексы со школы знакомы, то с поведением - как его правильно описать, посчитать, понять, сформулировать, а тем более как исправить – я не знала. После обучения, приходя к ребенку, я уже по-другому стала воспринимать ее капризы. Оказывается, все можно объяснить. Девочка не говорит. Даже ее игнорирование, отказ сотрудничать теперь понятен, и стало ясно как правильно себя вести с ребенком. Я стала замечать, когда девочка устала, когда надо переключиться. А когда ее нежелательное поведение связано с недомоганием, а не просто избегание. И, оказывается, важна физическая имитация. И поощрение должно быть своевременно. Легче стало сотрудничать с ребенком».
    Екатерина Каленых, с. Бузулук, Акмолинская область.
    Слушательница курса повышения квалификации фонда по прикладному анализу поведения.
  • «Обучение на курсе совпало с моим выходом на работу в качестве педагога-ассистента. Обучение дало мне и другим слушателям очень много полезной теоретической и практической информации. К примеру, я почти год работала репетитором девочки, готовила ее к школе. Когда мама привела ее впервые, то сказала, что дочь не такая как все, но что именно с ней она не понимает. Девочка была очень замкнутой, плохо шла на контакт и не смотрела прямо в глаза. Так как у меня не было ранее опыта работы с детьми с особенностями развития, я успокоила родителей, сославшись на маленький возраст, сказав, что пройдет время, девочка станет старше и поведение изменится. Однако, пройдя курс, я поняла, что именно с ребенком. Поговорила с родителями. Оказалось, что они изучали информацию в интернете и пришли к выводу, что у их дочери черты аутизма. Посоветовавшись, родители отдали дочь в наш кабинет поддержки инклюзии. Мы надеемся и верим, что при должном подходе, стараниях педагогов и родителей, возможно, уже через год девочка сможет пойти в обычный общеобразовательный класс».
    Ольга Беспалова, г. Рудный, Костанайская область
    Слушательница курса повышения квалификации фонда по прикладному анализу поведения.
  • «Благодаря полученным знаниям я стала уверена в завтрашнем дне, надеюсь у меня получится помочь моему сыну стать полноценным членом общества. Большое спасибо кураторам за их труд и советы. Все лекции были безумно интересными. Особенно нужными и важными для меня оказались темы о поведении, его функции и последствиях, руководящий контроль. Тестирование предпочтений очень полезная тема – теперь я знаю, как правильно определить высоко предпочитаемые подкрепления. Вербальное поведение довольно сложная тема, но благодаря ей я поняла, что начинать обучение нужно с обучения просьбе. А тестирование навыков это самое первое, с чего нужно всё начинать. Ещё одна тема, которая очень пригодится в жизни и обучении сына, это методы обучения, думаю начать с метода отдельных блоков- условной дискриминации, т.к. уровень развития у нас низкий. Ещё теперь я знаю, как составлять протоколы занятий, оказывается с помощью протокола легче работать, все расписано поэтапно, каждый шаг и каждое действие – это вообще супер, я даже не знала о таком пока не прошла курс»
    Надежда Кривошеева, Акмолинская область Целиноградский район село Акмол
    Мама особенного ребенка

Курс туралы пікірлер

  • «Мен ерекше қыздың анасымын, ол 3 жас 5 айлық. Мен қордың біліктілікті көтеру курсына мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша базалық білім алу және оны баламмен жұмыс істегенде және болашақ жұмысымда іс жүзінде қолдану үшін жазылдым, өйткені мен АСБ бар балаларды түзету тақырыбына деген қызығушылым шынайы және болашақта осы бағытта жұмыс істегім келеді. Курс маған қатты ұнады, барлығы түсінікті тілде жеткізілді. Алған білімімді қазірдің өзінде қызыммен сабақ істегенде қолданып жатырмын. Негізінен табиғи ортада оқыту әдісін қолданамын. Бір-екі айдың ішінде қызымды жуынуға үйреттім, ол әліпбиді жаттады, мінез-құлқы жақсарды, қызым нұсқауларды жиі орындайтын болды. Еңбектеріңізге рахмет, бұл – қоғамға аса қажетті әрі пайдалы іс. Курста алған білімім тіпті фитнес-жаттықтырушы ретіндегі менің жұмысымда да көмектеседі. Мен адамдардың мінез-құлқын, олардың ниеттерін жақсы түсіне бастадым. Мен мінез-құлықты жақсарту және нақты дағдыларды қалыптастыру үшін араласу әдістерін қолданамын».

    Дэлия Ромеро, Алматы облысы, Қапшағай қ.

    Қордың мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша біліктілікті көтеру курсының тыңдаушысы.
  • «Мен әлеуметтік қызметкермін. Мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар 10 жасар қыз балаға барып жүремін. Қордың біліктілікті көтеру курсында мен үшін барлығы дерлік жаңалық болды. Егер рефлекстер туралы мектеп кезінен білгеніміз болса, ал міне-құлық туралы, оны дұрыс сипаттауды, есептеуді, түсінуді, тұжырымдауды және әсіресе оны қалай түзетуге болатынын мен білмедім. Оқудан кейін балаға келгенде, мен оның қыңырлығын басқаша қабылдай бастадым. Барлығын түсіндіруге болады екен. Қыз бала сөйлемейді. Тіпті оның елемей отыруы, ынтымақтастықтан бас тартуы енді түсінікті болды және баламен өзіңді қалай дұрыс ұстау керектігі түсінікті болды. Мен қыздың қашан шаршағанын, қашан әрекетті ауыстыру керектігін байқай бастадым. Ал оның жағымсыз мінез-құлқы жай ғана қашу емес, өзін нашар сезінумен байланысты болатынын да. Сондай-ақ физикалық еліктеу де маңызды екен. Уақытында ынталандырып отыру керек екен. Баламен ынтымақтастық жасау әлде қайда оңай болды».

    Екатерина Каленых, Ақмола облысы, Бұзылық а.

    Қордың мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша біліктілікті көтеру курсының тыңдаушысы.
  • «Курста оқу менің педагог-ассистент болып жұмысқа тұруыммен тура келді. Оқыту маған және басқа тыңдаушыларға көптеген пайдалы теориялық және практикалық ақпарат берді. Мысалы, мен бір жылға жуық қыз баланың репетиторы болып, оны мектепке дайындадым. Анасы оны бірінші рет әкелгенде, қызының басқаларға ұқсамайтынын, бірақ оған не болғанын түсінбейтінін айтты. Қыз өте тұйық, қатынас жасауға нашар, көзге тіке қарамайтын. Дамуында ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істеу тәжірибем бұрын болмағандықтан, қызыңыз әлі кішкентай, уақыт өте келе ол есейіп, мінез-құлқы әлі өзгереді деп, ата-анасын жұбаттым. Алайда курсты бітіргеннен кейін мен балаға нақты не болғанын түсіндім. Ата-анасымен сөйлестім. Белгілі болғандай, олар интернеттен ақпаратты зерттеп, қыздарында аутизм сипаттары бар деген ойға келген екен. Ата-анасы ақылдасып, қыздарын біздің инклюзияны қолдау кабинетімізге берді. Біз тиісті тәсілдеменің, мұғалімдер мен ата-анасының ыждағат етуі арқасында, мүмкін бір жылдан кейін қыз бала кәдімгі жалпы білім беретін сыныпқа бара алады деп үміттенеміз және сенеміз».

    Ольга Беспалова, Қостанай облысы Рудный қ.,

    Қордың мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша біліктілікті көтеру курсының тыңдаушысы.
  • «Алған білімімнің арқасында мен ертеңгі күнге сеніммен қарайтын болдым, ұлыма қоғамның толыққанды мүшесі болуға көмектесе аламын деген үміттемін. Кураторларға олардың жұмысы мен кеңестері үшін көп рахмет. Барлық дәрістер өте қызықты болды. Мен үшін мінез-құлық, оның функциялары мен салдары, басқарушылық бақылау туралы тақырыптар әсіресе қажетті және маңызды болды. Артықшылықты тестілеу – өте пайдалы тақырып, енді мен асыра қажет болған күшейтуді қалай дұрыс анықтау керектігін білемін. Вербалды мінез-құлық өте күрделі тақырып, бірақ оның арқасында мен оқуды сұрауды үйренуден бастау керек екенін түсіндім. Ал дағдыларды тестілеу – бәріне бастау болатын ең бірінші нәрсе. Өмірде және ұлымның оқуында өте пайдалы болатын тағы бір тақырып – оқыту әдістері, менің ойымша, біздің даму деңгейіміз төмен болғандықтан жеке блоктар-шартты дискриминация әдісінен бастаймын. Енді мен сабақ хаттамаларын қалай жасау керектігін білемін, хаттаманың көмегімен жұмыс істеген оңайырақ екен, әр қадам мен әр әрекеттің барлығы кезең-кезеңмен жазылған, өте керемет. Курстан өтпей тұрғанда, ол туралы білмеппін»

    Надежда Кривошеева, Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылы

    Ерекше баланың анасы

Курсқа жазылу

Ұзақтығы: 72 академиялық сағат

Басталу уақыты: Мамыр 2024 жыл

Оқыту тілдері: қазақ, орыс

Бағасы: 59 000 теңге

Оқуыңызды бастаңыз

    crossmenu