Басты бет

ABLLS-R – Дағдыларды бағалау құралы және АСБ бар балаларға арналған бағдарламаларды құру бойынша нұсқаулық

ABLLS-R – үйрену дағдыларын бағалауға және аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар баланың ЖДБ (жеке дамыту бағдарламасын) құруға арналған үздік құралдардың бірі
ABLLS-R Нұсқаулығы мен Протоколын сатып алу
ABLLS-R жинағының (Нұсқаулық және Протокол) бағасы – 30 000 ₸
▷ ABLLS-R баланың дағдыларын 25 салада, соның ішінде: ынтымақтастық, визуалды қабылдау, өтініш дағдылары, диалог жүргізу және т.б. дағдыларды бағалауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, тест 544 дағдыны бағалайды.
▷ Бағалау ата-аналар мен мамандарға күнделікті өмірде функционалдық коммуникацияны қалыптастыруға және жаңа дағдыларды меңгеруге кедергі келтіретін проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді.

ABLLS-R бағалау құралы туралы

ABLLS-R (Assessment of Basic Language and Learning Skills – Revised) – аутизм және дамуында басқа бұзылыстары бар баланың дағдылары дамуын бағалау құралы

Оқу құралының авторы – Джеймс Партингтон (BCBA-D), PartingtonBehaviorAnalysts, Inc. орталығының директоры. Доктор Партингтон 1988 жылдан бастап АСБ бар балалардың мінез-құлқын түзету мен оқыту бойынша ғылыми зерттеулермен айналысып келеді.

ABLLS-R балалар қоғамда өз бетінше өмір сүруге бейімделуі үшін қажетті дағдыларды бағалауды жан-жақты жүргізуге мүмкіндік береді.

ABLLS-R бүкіл әлем бойынша педагогтар мен ата-аналармен дамуында ерекшеліктері бар балалар үшін жеке дамыту бағдарламаларын жасау үшін сәтті қолданылады.

ABLLS-R-ды пайдалану оңай, оны арнайы білімі жоқ ата-ана пайдалана алады

ABLLS-R кестелерін пайдалана отырып, сіз тестілеуден тестілеуге бала дағдыларының өсуін көріп, бақылай аласыз.

Қазақ немесе орыс тілінде қолжетімді (таңдауға қарай)
Жинақтың (Нұсқаулық және Протокол) бағасы: 27 500 теңге

Кімдер үшін

▸ Психологтар
▸ Дефектологтар
▸ Логопедтер
▸ Ассистент-педагогтар
▸ АВА-терапистер
▸ Ата-аналар
▸ Ерекше балалармен жұмыс істейтін басқа мамандар

ABLLS-R-ды қайда қолдануға болады:

▸ Инклюзияны қолдау кабинеттерінде (ИҚК)
▸ Түзету кабинеттерінде (ППТК)
▸ Түзету орталықтарында
▸ Оңалту орталықтарында
▸ Арнайы түзету мектептерінде
▸ Жалпы мектептерде
▸ Медициналық-әлеуметтік мекемелерде
▸ Үйде
▸ Дамуында ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істейтін әртүрлі орталықтарда

ABLLS-R дағдылар бағандары

A. Өзара әрекеттесу және күшейткіштің тиімділігі

Бұл баған күшейткіш заттар мен іс-әрекеттердің көмегімен баланы қаншалықты оңай ынталандыруға болатынын бағалайды. Сонымен қатар оқу процессінде оң күшейткіштерді пайдалану баланың тапсырмаларды орындау қабілетіне қаншалықты әсер ететінін бағалайды. 19 дағдыны қамтиды.

B. Визуалды қабылдау

Баған баланың көрнекі стимулдарды, мысалы, суреттерді немесе басқатырғыштарды «паззлдарды» түсіну қабілетін анықтайды. 27 дағдыны қамтиды.

C. Рецептивті тіл

Бұл бағанда айтқан сөзді естіп қабылдау және түсіну қабілеті бағаланады. 57 дағдыны қамтиды.

D. Қимыл-қозғалысқа еліктеу

Бұл бөлімде баланың қимыл-қозғалысты қайталау қабілеті бағаланады. 27 дағдыны қамтиды.

E. Вокалдық имитация

Бұл бағанда басқа адамның соңынан дыбыстарға немесе сөздердерге еліктеу қабілеті бағаланады. Мінез-құлықты қолданбалы талдауда осы дағдылар echoic (ағылш. echoic – дыбысқа еліктеу) деп аталады. 20 дағдыны қамтиды.

F. Сұрау/өтініш айту

Баланың әртүрлі өтініштерді сөз, ым-ишара немесе карточка арқылы білдіру қабілеті. Вербалды мінез-құлықты Скиннер бойынша классификациялауға сәйкес бұл дағдылар «манд» деп те аталады. 29 дағдыны қамтиды.

G. Атау

Баланың заттарды, олардың функцияларын, сапаларын және санаттарын атау қабілеті. Атау үшін сөйлеу тілі де, ым-ишара да қолданылуы мүмкін. 47 дағдыны қамтиды.

H. Интравербал тілі

Қоршаған ортада басқа адамның сөзі балаға сөйлесу (сөйлеу тілі немесе ым-ишара көмегімен) үшін жалғыз стимул болған жағдайда (қаланған заттардың немесе басқа күшейткіштердің көмегінсіз) қарым-қатынас жасау дағдылары. 49 дағдыны қамтиды.

I. Тосын вокализация

Сөйлеу тілін немесе оның элементтерін сыртқы көмексіз немесе басқа адамның талабынсыз пайдалану. 9 дағдыны қамтиды.

J. Синтаксис және грамматика

Бала сөздер мен сөз тіркестерін өзара қаншалықты дұрыс байланыстыратынын бағалайды. 20 дағдыны қамтиды.

K. Ойнау және бос уақыт

Баланың жалғыз өзі немесе құрдастар тобында өз бетінше ойнау қабілеті. 15 дағдыны қамтиды.

L. Әлеуметтік өзара қарым-қатынас жасау

Құрдастармен және ересектермен өзара қарым-қатынас жасау кезіндегі әлеуметтік дағдылар. 34 дағдыны қамтиды.

M. Топпен жұмыс істеу

Баланың құрдастармен бір топта оқып үйрену, соның ішінде фронталды нұсқауды қабылдау қабілеті. 12 дағдыны қамтиды.

N. Сыныптағы тәртіпті сақтау

Мектепте оқу кезінде ережелерді және күнделікті күн тәртібін сақтау қабілеті. 10 дағдыны қамтиды.

P. Дағдыларды жалпылау

Меңгерген материалды жалпылау және оны күнделікті немесе жаңа жағдайларда пайдалану қабілеті. 6 дағдыны қамтиды.

Q. Оқу

Әліпби әріптерін білу, оқуға дайын болу және оқу дағдылары. 17 дағдыны қамтиды.

R. Математикалық дағдылар

Сандар, реттік және есептік санау, математикалық түсініктерді білу, мысалы: артық, кем және тең, қосу және азайту операциялары. 29 дағдыны қамтиды.
Показать всю программу

S. Жазу дағдылары

Негізгі графикалық дағдылар, бояу, сурет салу, сызықтарды көшіру, қолмен жазу дағдылары. 10 дағдыны қамтиды.

T. Орфография

Сөзді әріптеп талдау дағдылары. 7 дағдыны қамтиды.

U. Киіну

Өз бетінше киіну және шешіну қабілеті. 15 дағдыны қамтиды.

V. Тамақтану дағдылары

Тамақты ішу және дайындау кезінде өзіне қызмет көрсетудің негізгі дағдылары. 10 дағдыны қамтиды.

W. Тазалану

Сыртқы келбетіне күтім жасау және жеке гигиенаның негізгі дағдылары. 7 дағдыны қамтиды.

X. Дәретхананы пайдалану

Ұқыптылықтың және дәретхананы пайдаланудың негізгі дағдылары. 10 дағдыны қамтиды.

Y. Ірі қимыл-қозғалыс дағдылары

Доп ойнау, еңбектеу, жүгіру, бір аяқпен секіру, әткеншекте тербелу, және т.б. 30 дағдыны қамтиды.

Z. Ұсақ қимыл-қозғалыс дағдылары

Парақтарды аудара алу, қайшымен қию, моншақтарды жіпке тізу, т.с.с. 28 дағдыны қамтиды.

ABLLS-R артықшылықтары

Бұл баланың жеке дамыту бағдарламасын жасамас бұрын оның психологиялық-педагогикалық профилін егжей-тегжейлі анықтауға мүмкіндік беретін баланың дағдыларын бағалауға арналған 544 дағдыны қамтитын егжей-тегжейлі тестердің бірі.
ABLLS-R тестін кез келген бейін маманы, сондай-ақ баланың ата-анасы жүргізе алады
ABLLS-R бағандарының көпшілігі баланың ауызша тілді пайдалануын талап етпейді және вербалды жауаптарды көздемейді, бұл осы нұсқаулықты сөйлемейтін балалармен жұмыс істеуде сәтті пайдалануға мүмкіндік береді.
Негізінен тестте баланың әрі қарай оқуға қабілетін анықтайтын негізгі үйрену дағдыларына назар аударылады. Бұл оқушының белгілі бір салаларда оқуын жалғастыруға бөгет жасайтын дағдыларындағы бұрын белгісіз олқылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

ABLLS-R бағалау құралының авторы

Джеймс Партингтон

Джеймс У. Партингтон, Ph.D, BCBA-D, лицензияланған психолог. Доктор Партингтонның ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу, ата-аналар мен мамандарға практикалық, ғылыми дәлелденген араласу процедураларын үйретуде 50 жылдан астам тәжірибесі бар. Мінез-құлық талдауы мен тілдік интервенциялардағы алдыңғы қатарлы зерттеулердің авторы. Ол “Аутизм және басқа да даму ерекшелетері бар балаларға сөйлеуді үйрету” кітабының бірлескен авторы, қайта қаралған “Негізгі сөйлеу мен үйрену дағдыларын бағалау” құралының (ABLLS-R®), «Оқу мотивациясы, іске кірісу және спектрдегі сәттілік». Сонымен қатар “Функционалды өмір дағдыларын бағалаудың” (AFLS®) бірлескен авторы.

ABLLS-R бағалау құралы не береді?

Баланың тілдік, әлеуметтік, тұрмыстық, тамақтану және т.б. көптеген дағдыларының дамуын бағалайды

Баланың жеке дамыту бағдарламасын бала дағдыларының даму деңгейін ескере отырып құруға мүмкіндік береді

Бақылауға алынған барлық дағдылардың кез келген прогресін бақылап отыруға көмектеседі

Сонымен қатар бала күн сайын жаңа тәжірибе ала отырып, табиғи ортада білім ала алады

Балаға қоғамда өз бетінше өмір сүруге бейімделуге мүмкіндік береді

Мамандарға дамыту бағдарламасын жасаған кезде оқу басымдықтарын анықтауға мүмкіндік береді

Отзывы

  • «Я мама особенной дочки, ей три года и 5 месяцев. Я записалась на курс повышения квалификации фонда, чтобы получить базовые знания по прикладному анализу поведения и применять на практике в работе со своим ребенком и в дальнейшей работе, так как серьезно интересуюсь темой коррекции детей с РАС и в будущем хочу работать в этом направлении. Мне очень понравился курс, все было доступно, понятно. Полученные знания я уже применяю в наших занятиях с дочкой. В основном использую метод обучения в естественной среде. За пару месяцев приучила дочку к туалету, она выучила алфавит, поведение улучшилось, дочь стала чаще выполнять инструкции. Благодарю вас за ваш труд, это очень нужное и полезное для общества дело. Знания, полученные на курсе, помогают мне даже в моей работе фитнес-тренером. Я стала лучше понимать поведение людей, их мотивы. Применяю методы вмешательства в улучшении поведения и выработки определенных навыков».
    Дэлия Ромеро, г. Капчагай, Алматинская область.
    Слушательница курса повышения квалификации фонда по прикладному анализу поведения.
  • «Я социальный работник. Посещаю на дому 10-летнюю девочку с особыми образовательными потребностями. На курсе повышения квалификации фонда для меня почти все было новым. Если рефлексы со школы знакомы, то с поведением - как его правильно описать, посчитать, понять, сформулировать, а тем более как исправить – я не знала. После обучения, приходя к ребенку, я уже по-другому стала воспринимать ее капризы. Оказывается, все можно объяснить. Девочка не говорит. Даже ее игнорирование, отказ сотрудничать теперь понятен, и стало ясно как правильно себя вести с ребенком. Я стала замечать, когда девочка устала, когда надо переключиться. А когда ее нежелательное поведение связано с недомоганием, а не просто избегание. И, оказывается, важна физическая имитация. И поощрение должно быть своевременно. Легче стало сотрудничать с ребенком».
    Екатерина Каленых, с. Бузулук, Акмолинская область.
    Слушательница курса повышения квалификации фонда по прикладному анализу поведения.
  • «Обучение на курсе совпало с моим выходом на работу в качестве педагога-ассистента. Обучение дало мне и другим слушателям очень много полезной теоретической и практической информации. К примеру, я почти год работала репетитором девочки, готовила ее к школе. Когда мама привела ее впервые, то сказала, что дочь не такая как все, но что именно с ней она не понимает. Девочка была очень замкнутой, плохо шла на контакт и не смотрела прямо в глаза. Так как у меня не было ранее опыта работы с детьми с особенностями развития, я успокоила родителей, сославшись на маленький возраст, сказав, что пройдет время, девочка станет старше и поведение изменится. Однако, пройдя курс, я поняла, что именно с ребенком. Поговорила с родителями. Оказалось, что они изучали информацию в интернете и пришли к выводу, что у их дочери черты аутизма. Посоветовавшись, родители отдали дочь в наш кабинет поддержки инклюзии. Мы надеемся и верим, что при должном подходе, стараниях педагогов и родителей, возможно, уже через год девочка сможет пойти в обычный общеобразовательный класс».
    Ольга Беспалова, г. Рудный, Костанайская область
    Слушательница курса повышения квалификации фонда по прикладному анализу поведения.
  • «Благодаря полученным знаниям я стала уверена в завтрашнем дне, надеюсь у меня получится помочь моему сыну стать полноценным членом общества. Большое спасибо кураторам за их труд и советы. Все лекции были безумно интересными. Особенно нужными и важными для меня оказались темы о поведении, его функции и последствиях, руководящий контроль. Тестирование предпочтений очень полезная тема – теперь я знаю, как правильно определить высоко предпочитаемые подкрепления. Вербальное поведение довольно сложная тема, но благодаря ей я поняла, что начинать обучение нужно с обучения просьбе. А тестирование навыков это самое первое, с чего нужно всё начинать. Ещё одна тема, которая очень пригодится в жизни и обучении сына, это методы обучения, думаю начать с метода отдельных блоков- условной дискриминации, т.к. уровень развития у нас низкий. Ещё теперь я знаю, как составлять протоколы занятий, оказывается с помощью протокола легче работать, все расписано поэтапно, каждый шаг и каждое действие – это вообще супер, я даже не знала о таком пока не прошла курс»
    Надежда Кривошеева, Акмолинская область Целиноградский район село Акмол
    Мама особенного ребенка

Пікірлер

  • ABLLS-R Нұсқаулығы мен Протоколы көмегімен балалардың дағдыларын дамыту динамикасын жүйелі түрде бақылау және ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту бағдарламасын бейімдеу мүмкін болды. ABLLS-R нұсқаулығының құрылымы өте ұйымдасқан және жүйелі. Бұл оқу үшін оңтайлы жағдай жасауға және әр оқушының даму деңгейіне сәйкес материалдарды пайдалануға көмектеседі. ABLLS-R нұсқаулығында ынталандырушы оқу ортасын құруға арналған көптеген практикалық кеңестер мен амалдар бар. Ойындар мен тапсырмалар жақсы құрылымдалған және оны балалар оңай қабылдайды. ABLLS-R нұсқаулығының материалдарын іс жүзінде қолдану педагог-ассистенттерге сабақ бойы оқушылардың қызығушылығы мен ынтасының жоғары деңгейін сақтауға көмектеседі.
    Бұл құрал қарапайым сынып мұғалімінің жұмысында да тиімді пайдаланылады, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың нақты мақсаттарын қоюға және пән сабақтарын тиімді өткізуге көмектеседі. ABLLS-R құралы заманауи педагогтың инклюзивті тәжірибесіндегі құнды ресурс болып табылады.

    Фролова Наталья Борисовна

    Рудный қ. № 17 орта мектебі
    директорының инклюзивті білім беру бойынша орынбасары, 
    инклюзияны қолдау кабинетінің педагог-ассистенті
  • Бұл құрал дамуында ерекшеліктері бар балалардың дағдыларының тапшылығын анықтауға көмектеседі. Мен оны өз тәжірибемде қолданамын және ол жұмысты құрылымдауға, әр бала үшін жеке даму жоспарын құруға, сонымен қатар даму және дағдыларды меңгеру барысын қадағалауға көмектеседі. ABLLS-R-дың көмегімен баламен жұмыстағы жетістіктерді көзбен көрнекі түрде қадағалап отыруға болады, мамандар да, ата-аналар да үшін өте ыңғайлы. ABLLS-R мақсаттары өте егжей-тегжейлі берілген. Дағдылардың күрделенуі де көрсетілген. Бұл ата-аналар мен мамандарға дағдыларды балаға біртіндеп күрделендіріп үйретуге көмектеседі. ABLLS-R дағдыларды қалай дамыту керектігі туралы нақты түсінік береді, белгілі бір тапсырманы (нұсқауды) орындау үшін бала нені білуі және істей алуы керек, ата-аналар мен мамандарға бағдарламаларда қарапайым нұсқаулардан (дағдылардан) күрделірек нұсқауларға өтуге мүмкіндік береді. ABLLS-R тестілеуінің көмегімен біз оқу мақсатын таңдай аламыз және баланың осы мақсатқа жетуі үшін пысықталуы қажет белгілі бір қосалқы дағдылардың тізімін анықтай аламыз.

    Сүлейманова Гүлбану

    мінез-құлық талдаушысы, ерекше баланың анасы
  • ABLLS-R тестілеуі әр санаттың басында пайда болатын дағдылардағы кемшіліктерді көруге көмектеседі, бұл жеке оқыту бағдарламасын құрастырған кезде сол олқылықтарды толтыру үшін қажетті дағдыларды үйретуге назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл ОРДА орталықтарындағы балалармен жұмысымыздың өте маңызды бөлігі.

    Жүнісбекова Күлдрайхан Қаныбековна

    ОРДА ҚБ орталықтарының әдіскері
  • ABLLS-R диагностикасы баланың дамуын әртүрлі қырынан зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл мектептегі логопедтің, арнайы педагогтың, психологтың диагностикасын біріктіретін жалғыз диагностикалық құрал десек те болады. Бұл құралда ойлаудың, логиканың, сөйлеудің және математикалық дағдылардың дамуын зерттеуге бағытталған диагностикалық тапсырмалар толықтырылып жинақталған. Сонымен қатар, бұл құралда үлкен және ұсақ моториканың дамуын бағалауға мүмкіндік беретін бөлімдер бар, бұл логопедке, арнайы педагогке және тіпті бейімделген дене шынықтыру мұғаліміне арналған бағдарламаларды құрастыруға көмектеседі.

    Воронецкая Полина Александровна

    Астана қ. № 91 мектеп-гимназиясының инклюзияны қолдау кабинетінің жетекшісі

ABLLS-R Нұсқаулығы мен Протоколына тапсырыс беру

Менеджерге тапсырыс жасау кезінде:
қазақ немесе орыс тіліндегі басылымды таңдаңыз

Бағасы: 30 000 теңге

Сатып алу үшін форманы толтырыңыз немесе бізге хабарласыңыз:
8 (777) 533-2771 (WhatsApp)
8 7172 500-618

ABLLS-R-ға тапсырыс беру

    crossmenu