БАҚ САЙЫСЫ ЕРЕЖЕСІ

«Әр бала мектепке лайықты» атты

БАҚ өкілдері, медиа мамандары және әуесқойлар арасындағы инклюзивті білім берутуралыең үздік материалдарға жарияланған II конкурстың

ЕРЕЖЕСІ

Конкурстың мақсаты:

Инклюзивті қоғамды және ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін тең мүмкіндіктерқалыптастыру;

Конкурстың міндеті:

  • аутистикалық спектрдің ауытқуларына ұшыраған балаларға қоғамның төзімді қарым-қатынасын қалыптастыру
  • халықты инклюзивті білім берудің міндеттері мен басымдықтары туралы хабардар ету;
  • аутистикалық спектрдің ауытқуларына ұшыраған балалармен жұмыстың нәтижелі тәжірибесін және әлеуметтік бейімделу практикасын жариялау;
  • қазақстандық сапалы, инклюзивті, тең құқылы білім берудің барлық: мектепке дейінгі, бастауыш, орта, жоғары және техникалық білім беру деңгейлері туралы ақпарат тарату.

Ұйымдастырушы:

«Болашақ» корпоративтік қоры.

Жүлде қоры 750 000 (жеті жүз елу мың) теңге:

- Ең үздік телевизиялық жұмыс – 250 000 (екі жүз елу мың) теңге.

- Баспасөз бетіндегі ең үздік мақала – 100 000  (жүз мың) теңге.

- Ең үздік фотожұмыс – 100 000 (жүз мың) теңге.

- Ең үздік интернет жарияланым - 100 000 (жүз мың) теңге.

- Ең үздік әлеуметтік ролик - 200 000 (екі жүз мың) теңге.

Конкурс шарттары:

- Қатысушы бір номинация бойынша Конкурстық жұмысты 2017 жылғы 18 маусымнан кешіктірмей жіберуге міндетті;

- барлық номинациялар бойынша конкурстық материалдар ағымдағы жылдың 2 сәуірінен бастап 18 маусымға дейін жасалған болуы тиіс;

- жұмыстар техникалық сипаттамаға сәйкес келуі және Қатысушының ақпараттық ресурстарында (телеарна, ақпараттық порталдар, мерзімді баспасөз, ресми сайттар, әлеуметтік желілер және т.б.) орналастырылуы тиіс;

- «Ең үздік фотожұмыс», «Ең үздік интернет жарияланым» және «Ең үздік әлеуметтік ролик» номинацияларындағы жұмыстарконкурстың «Әр бала мектепке лайықты» атты ресми атауымен және #КаждыйРебенокДостоинШколы #ӘрБалаМектепкеЛайықты #EveryChildWantsToBeIncluded #Bolashakcharity #Аутизм #WCB2015 хештегтерімен белгіленуі тиіс;

- өтінім толтырылған форманы және материалдарды жолдаған күннен бастап қабылданған деп есептеледі;

- Конкурсқа жекелеген жеке тұлғалармен қатар Авторлық топтардың да қатысуға құқығы бар. Авторлық топ бір Конкурсқа қатысушы ретінде қарастырылады;

- Конкурсты өткізу мерзімі ұзартылған жағдайда, Ұйымдастырушы қосымша ақпаратты «Болашақ» КҚ-ның  www.bolashakcharity.kz атты ресми сайтында жариялайды;

- Конкурсқа қатысуға арналған өтінім Конкурсқа қатысушының осы Ереженің талаптарымен және шарттарымен келісімін білдіреді;

- 2017 жылғы 18 маусымнан кейін түскен өтінімдер қарастырылмайды;

- Конкурстың шарттарымен және техникалық сипаттамаларымен сәйкес келмеген жағдайда Өтінім қарастырылмайды;

- өтінімдер рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.

Конкурс кезеңдері:

1-кезең – Конкурсқа арналған өтінімдерді (материалдарды) техникалық сипаттамаға сәйкес іріктеу – 2017 ж. 2 сәуір – 18 маусым;

ІІ-кезең – Қазылар алқасының материалдарды қарауы  - 2017 ж. 19 – 21 маусым;

ІІІ-кезең – Жеңімпаздардың тізімін қалыптастыру – 2017 ж. 21 – 22 маусым;

ІV-кезең – Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау – 2017 ж. 23 маусым.

Техникалық сипаттама:

1

Ең үздік телевизиялық жұмыс

ҚР жетекші республикалық және өңірлік телеарналарында шығарылған,хронометраж ы 5 минуттан кем болмайтын телевизиялық жанр жұмыстары, (репортаждар, ток-шоу, деректі кино) қабылданады

2

Баспасөз бетіндегіең үздік мақала

ҚР БАҚ –да жарияланған, көлемі 1500 символдан кем емес мақалалар қабылданады

3

Ең үздік

фотожұмыс

JPЕG, PNG, PDF пішімдеріндегі, кеңеюі 1124*768 пиксельден кем болмайтын фотосуреттер қабылданады

4

Ең үздік интернет жарияланым

Меншікті интернет-платформаларда, әлеуметтік желілерде #КаждыйРебенокДостоинШколы #ӘрБалаМектепкеЛайықты

#EveryChildWantsToBeIncluded#Bolashakcharity

#Аутизм #WCB2015 хештегтерімен орналастырылған көлемі 1 000 символдан кем емес посттар қабылданады

5

Ең үздік әлеуметтік ролик

Телеарналарда, меншікті интернет-платформаларында, әлеуметтік желілерде #КаждыйРебенокДостоинШколы #ӘрБалаМектепкеЛайықты

#EveryChildWantsToBeIncluded#Bolashakcharity#Аутизм

#WCB2015хештегтерімен орналастырылған, Mp4, AVI, MPEG-TS, HDRip пішіміндегі роликтер (2-3 минуттық хронометраж) қабылданады

Материалдарды бағалау критерийлері:

- материалдардың жаңалығы және бірегейлігі (идеяның креативтілігі);

- материалдардың әлеуметтік маңыздылығы;

- мақсатты аудитория, атаулылығы;

- көркемдік тәсілі.

Конкурстың Қазылар алқасы:

- Конкурсты ұйымдастырушы және серіктестері өкілдерінен;

- «Әр бала мектепке лайықты» жобасыСарапшы кеңесінің мүшелерінен;

- Беделді БАҚ өкілдері және қоғам қайраткерлерінен қалыптастырылады.

Өтінім мен материалдар «Болашақ» корпоративтік қорының ақпараттық ресурсы: www.bolashakcharity.kz ресми сайты арқылы қабылданады,  charityfoundation@bolashak.kz электронды адресі арқылы, почтаға және/немесе мекенжай арқылы қабылданады: 010000,  Астана қ, Д. Қонаев көшесі, 12/1 , 412 офис, тел. 8 7172 707 697.