Астана мен Алматы қалаларында Алисаның айнаның арғы бетіндегі хикаяларының қазақ тіліндегі алдын-ала көрсетілімі өтті.

26 мамырда Қазақстан кинотеатрларында Disney студиясының «Алиса в Зазеркалье» / «Алиса айнаның арғы бетінде» атты көркем фильмі қазақ тілінде жарық көрді.

 Әлемдік тұсаукесер қарсаңында, 25 мамыр күні Астана мен Алматы қалаларында Кэррол Льюисстің кейіпкері Алисаның жарқын, әрі ұмытылмас хикаясының экранизацияланған нұсқасының алдын-ала көрсетілімі өтті. 

Картина режиссері Джеймс Бобин, Тим Бертон жандандырған «Алиса Ғажайыптар елінде» атты фильмдегі әлемге жаңаша бір серпіліс әкелді. Сценарийді Льюисс Кэррол кейіпкерлерінің негізінде Линда Вулвертон жазды.

Қазақ тіліндегі нұсқаның дубляж режиссері Айжан Жамшитова, бұрын «Джунгли кітабы», «Күлбике», «Малефисента» фильмдерінің, «Көліктер» анимациялық фильмінің және т.б. жобалардың дубляжына қатысқан.  

Айжан Жамшитова өз әсерлерімен бөлісуде: «Бұл фильм уақыт, отбасылық құндылықтар, достық, кешірімшіл болу жайында. Мұны Тим Бертон жақсы көрсеткен. Дубляжға қатысқан шығармашылық топтың жұмысы мақтауға тұрарлық. Біздің актерлар фильмнің тұпнұсқасындағы көңіл-күйді бұлжытпай бере білді. Алисаның хикаясы, оның қиялы сияқты ғажайыпқа толы, соның арқасында ол мәселелерін шешіп, өткенге сапар шегіп, ұмытылмас шытырман оқиғаны бастан кешіреді.

 

Өткенде «уақыт» өзін ұмытуға жол бермейді. Хикаяның баулап алғаны соншалық, жұмыс барысында мен уақыт жайлы ұмытып, қайда екенімді білмей қалатынмын. Уақыттың қаншалықты құнды екенін бағалай бастадым. Фильмде Уақыт біздің алдымызға адам кейпінде шығады, үнемі «мені бекерге кетірмеңдер», «уақыт зымырайды», «уақытты созбаңдар», «мені қайтара алмайсың» деп ескертіп отырады. Уақытпен өзім сөйлескендей болдым. Алисаның өмірі шахмат ойыны іспеттес. Оны ойнап отырып, шынымен де шахмат тақтасында тұрған сияқтысың және соңында «Шах пен мат» қойдық. Фильмнің соңғы бөліміндегі сөздер ерекше жаныма жақын болды: «Адамнан кейін қалатын жалғыз нәрсе – игі істері». Фильмді балалармен, ата-анамен, достармен, жақын адамдармен көруге болады. Бұл хикая адамдарды бір-біріне жақындатып, ғажайып әсерлер сыйлайды». 

Картинаның дубляжына жиырмадан аса қазақстандық әртістер тартылды. «Алиса айнаның арғы бетінде» фильмнің бас кейіпкерлеріне келесі әртістер өз дауыстарын сыйлады: Назерке Серікболқызы (Алиса Кингсли), Нартай Сауданбекұлы (Уақыт), Дәурен Серғазин (Қалпақшы Таррант Хайтоп), Айнұр Бермұхамбетова (Ирацебета), Сәнді Қаршалова (Мирана), Майра Омар (Хелен Кингсли), Данияр Сванқұлов (Хамиш), Бекболат Құрманғожаев (Вилкинс), Сағаділдә Үсіпбалиев (Заник Хайтоп), Бейбіт Құсанбаев (Мактвисп), Қымбат Тілеуова (Мальямкин), Шах-Мұрат Ордабаев (Тэкири).

 

Наурыздық қоян (Тэкери) рөліндегі Шах-мұрат Ордабаев: «Менің кейіпкерім Тэкири жігерлі, ессіз және әзілқой болып шықты. Алисаның шытырман оқиғасының дубляжына қатысқаныма қуаныштымын. Бұл менің «Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» және «Джунгли кітабынан» кейінгі үшінші жобам. «Aray Мedia Group» студиясының жұмысы кезінде Алматыда бастау алған, ал қазір Астанада жалғасын тапқан классикалық және кәсіби дубляж мектебінің жандандыруда. Бұл тамаша!»

   

 

Кеш қонақтарын Кэррол Льюистың кейіпкерлері қарсы алды, ал ғажайып әлемінің декорациялары Айнаның арғы бетіне түскендей әсер қалдырды.

«Алиса айнаның арғы бетінде» фильмінің алдын-ала көрсетіліміне жоба идеясының авторы, «Болашақ» қауымдастығының Құрметті мүшесі, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, «Болашақ» қауымдастығының мүшелері, дубляж актерлері, шығармашылық интеллигенция өкілдері, сондай-ақ блогерлер, жастар ұйымдарының өкілдері, БАҚ өкілдері және басқа да қонақтар қатысты.

Жобаның ұйымдастырушылары: «Болашақ» Қауымдастығы, «Меломан» компаниясының қолдауымен.

Жобаның демеушілері: АО «Bank RBK», ТОО «Exclusive Strоy».

Кинокартинаның алдын-ала көрсетілімі Астана және Алматы қалаларында «Нұр Отан» партиясының, Алматы қаласының әкімшілігінің қолдауымен өткізіледі.

Льюисс Кэррол кейіпкерлерінің шытырман оқиғаларының табынушыларының барлығын 26 мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында Алисамен бірге Айнаның арғы бетіндегі жарқын, әрі ғажайып әлемге сапар шегуге шақырамыз! Сеанстар кестесін ҚР кинотеатрларының ақпараттың ресурстарынан және  www.kino.kz сайтынан алуға болады.

Анықтама үшін:

Disney ұсынған «Алиса айнаның арғы бетінде» шытырман оқиғалы фильмі көрермендерді Льюис Кэррол қаламының астынан шыққан сүйікті кейіпкерлермен қайта қауыштырады. Досы Ессіз Қалпақшыны құтқару үшін Алисаға Уақыт кеңістігіне сапар шегіп, күтпеген ғажайып оқиғаларға тап болады. «Алиса Ғажайыптар елінде» фильмінің жұлдызды тобының арқасында Жерасты патшалығының жарқын кейіпкерлері қайта жанданады.

 

Қосымша ақпарат:

Молдахметова Динара

8 7172 707 669, 8 705 417 53 78

d_moldakhmetova@bolashak.kz 

Исабекова Әсем

8 7172 707 697, 8 701 689 46 91

 a_issabekova@bolashak.kz