2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм проблемасы туралы ақпаратты тарату күні!

2 сәуірде «KeruenCity» СОСО Дүниежүзілік аутизм проблемасы туралы ақпаратты тарату күніне арналған қайырымдылық науқаны өтті.

         Бес Қор мен қоғамдық ұйымдардың аутизмге шалдыққан бабалардың 50-ден аса ата-аналары ақпаратты тарату, халыққа аутизм проблемасы туралы хабарлау, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға және түсінуге тарту мақсатымен бірікті. Бүкіл әлемде аутизм шалдыққан 67 000 000 аса адам тұратынын білетіндер аз, әлемде әр 42 ер бала мен 189 қыз бала аутизмнің спектрінде тұр.

Науқан балаларға арналған музыка мен өнер аймағын ұйымдастыруды қамтиды: аквагрим, көркемдік шебер-класстары, скрапбукинг, мольберттерге сурет салу, спирографтар-рисоваторлар, тұзды қамырдан мүсіндеу, аниматорлардың көңіл көтеру бағдарламасы, қазақстандық эстраданың музыканттары мен әртістердің, «Сенім» орталығының, «Ерке» студиясының, ҚР әскерри-патриоттық орталығының тәрбиеленушілерінің орындауы және т.б. күтілуде.

Барлығы науқанға 1000 аса көк лента, 2000 ақпараттық флаерлер таратылды, 10 000 аса адамдар тартылды. Одан басқа, қонақтарға іс-шара уақытында 1000 тг-ден бастап қайырымдылық жарна беріп, өз дизайны мен жеке суреті бар сөмкені сатып алу мүмкіндігі ұсынылды. Барлық түскен қаражат «Болашақ» Корпоративтік қорының «Әр бала мектепке лайықты» жобасын жүзеге асыруға жіберілетін болады.

«Бүгінгі күн аутизм спектріндегі балалардың ата-аналары үшін ерекше күн. Ата-ана ретінде менің бір қалайтыным - қоғам «аутизм» дегенді естігенде оны бір ауру емес, ерекшелік ретінде қабылдаса деймін. Біздің бүлдіршіндер үйден оқыту мен жалғыздықта үйде отырып емес барлығымен бірдей мектепте білім алып, қоғамда өзінің үлесін қосып кәдімгі адамның өмірін сүру керек деп ойлаймын. «Аутизм» диагнозын естіген бетте басыңа жай түскендей болады екенсің, бар әлем саған қарсы шыққандай сезім оянады, өйткені біз де бұл жағдайдан хардар емес болдық қой, оның не екенін білмек түгіл не сор не бақ екенін айыра алмай жүрген кез де болды. Баламыздың 2,5 жасында ғаламтордың көмегімен «аутизм» бар екенін сезе бастадық. Бұның бәрін біз еретерек білгенде жағдай басқаша болатынына сенімдімін, себебі ерте қадағалаудың маңызы зор. Басты мақсат – халықты ақпараттандыру, адамдарға аутизмнің шын мәнінде не екенін түсіндіру, олардың кім екенін жеткізу және инклюзиялы қоғам құру. Және де ата аналарды - балалары тәрбиесіз ия болмаса тым ерке деп ойламаса екен, ол тек қана «ерекше», сонымен қатар кәдімгі өмірге лайықты екенін айтқым келеді. Біз «Әр бала мектепке лайықты» жобасы аясында жүріп, жалпы білім беретін сыныпта оқып жүгеніміз үлкен жеңіс екенін айта отырып «Болашақ» Корпоративтік қорына алғысымызды білдіргіміз келеді!» - бөліседі Шайкенова Қаламқас, Аймухамед Жақсыбектің анасы (8 жаста, «ерте бала аутизмі»).

Көк түс пен паззлдың бір бөлшегі бүкіл әлемде аутизмнің символикасы болып табылатынын еске сала кетейік. Көк түстің өзі «аутизмнің түсі» емес. Негізінде ол - Аutism Speaks атты үлкен қоғамдық ұйымның логотиптерінің символикасы, 2010-шы жылдан бастап, олар өз ұйымын дамыту және үлкен маркетингтік жұмыс ретінде «көк түсті жақ» атты науқаны жүргізіле басталды. 

«Бүгінгі күн қайырымдылық қорлар, қоғамдық ұйымдар, жекеменшік орталықтар, мамандар, ата-аналар мен балалардың бірігіп жасаған жұмыстың уздік үлгісі болып табылады. «Аутизм» диагнозы бар адамдардың тағдыры бізге бей-жай емес! Осы жерде әрбір адам үшін көптеген шығармашылық алаңдар ұйымдастырылған, біз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару үшін бірігтік! Даму ерекшелектері, я болмаса басқа факторларға қарамастан, біз үшін барлығы маңызды!» - дейді «Болашақ» КҚ (іс-шара ұйымдастырушылары) директоры Шайжүнісова Динара.

«Болашақ» КҚ 2 сәуірде инклюзивті білім беруді баяндау бойынша үздік материалдарға БАҚ өкілдері, медиа-мамандары және әуесқойлар арасында жыл сайынғы Сайысты бастайтынын және қатысам деушілерді шақыратынын белгілеп өту қажет. Сайыстың ережесің осы сілтеме бойынша ала аласыз.

Іс-шараны ұйымдастырушы: «Болашақ» Корпоративтік қоры.

Іс-шараның серіктестері: «Росток» сөйлеуді дамыту орталығы, «Тамшылар» абилитациялық орталығы, «Сенім» психологиялық-педагогикалық түзету орталығы, «Keruencity» ОСО, «Дорогою добра» қоғамдық қоры, «Ашық әлем» қоғамдық қоры.