Елордада мерейтойлық Қысқы қайырымдылық балына дебютанттарды іріктеу өтті

Астанада мерейтойлық XV Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты.

«Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуы және дарынды жастарды қолдау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару мақсатында 2012 жылдан бері Қысқы қайырымдылық балын өткізеді. Бұл – дәстүрлі түрде бизнестің, дипломатиялық корпустың, қоғамдық және саяси топтардың өкілдерін жинайтын өз тарихы бар Қазақстандағы жалғыз бал. 12 жыл бойы балдың қонақтары классикалық вальстен жалынды латиноға шейін дебютанттар биі, салтанатты кешкі ас, бағалы лоттар аукционы, сондай-ақ іс-шараның серіктестерінен жүлделер ұтыс ойыны бар ғажайып атмосфераға бөленеді.

Мерейтойлық Қысқы қайырымдылық бал іс-шараларының басталуы, атап айтқанда дебютанттар кастингі «Hilton Astana» қонақ үйінде өтті. Мерейтойлық XV Қысқы қайырымдылық балының дебютанты атанудың құрметі үшін 300-ге жуық адам тартысты. Дебютанттар – Қысқы қайырымдылық балының бетке ұстары, жауһары. Барлық жылдар ішінде дебютанттар кастингіне 6 300-ден астам адам қатысты. Балға 178 жұп дебютант қатысты.  

Осы жылы кастингке 400-ден астам тіркелді. Іріктеудің екі кезеңінен: хореографиялық байқаудан және ұйымдастырушылармен әңгімелесуден сәтті өткен 40 үміткер дебютант атанды. Үш ай бойы олар балда орындайтын әр түрлі кәсіби бал билерін үйренеді. Дебютанттарды биге Қысқы қайырымдылық балдарын қоюшы-хореограф, Қазақ ұлттық хореография академиясының хореография факультеті деканының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар ұйымы президиумының мүшесі, ҚР спорттық би федерациялар ассоциациясының төрешісі Евгений Моисеев жаттықтырады.

– Қысқы қайырымдылық бал – бұл жай ғана мәдени шара емес, бұл біздің қайырымдылық жобаларымызды жүзеге асыруға көптеген қамқор адамдардың, меценаттардың және компаниялардың қосар үлесі. Балдарды өткізіп келе жатқан 12 жыл ішінде 164-тен астам демеуші мен серіктес тартылып, 900 миллион теңгеден астам қаржы жиналды. – деді «Болашақ» корпоративтік қорының директоры Азамат Божақ. – Біздің қор аутизм бар және басқа да даму ерекшеліктері бар балалардың мектепте оқуы, балабақшаға баруы, спортпен айналысуы, сондай-ақ кәсіптерді меңгеруі үшін белсенді жұмыс жасауда. Жыл сайын өткізілетін балдың арқасында біз Қазақстанда және шетелде өтетін шығармашылық байқауларға, зияткерлік және спорттық жарыстарға қатысуға жеткілікті қаражаты жоқ дарынды жастарды қолдаймыз.

Жиналған қаражат «Болашақ» қорының ерекше қажеттіліктері бар балалар мен дарынды жастарға арналған «Әр бала мектепке баруға лайықты» және «Жол жүру гранттары» қайырымдылық бағдарламаларына бағытталды.

Кастинг «Hilton Astana» қонақ үйі мен «AMANAT» партиясының қолдауымен өтті.

Мерейтойлық XV Қысқы қайырымдылық балы 2024 жылғы 13 желтоқсанда «Hilton Astana» қонақ үйінде өтеді.

XIV Қысқы қайырымдылық балының есептік бейнебаяны: https://www.youtube.com/watch?v=KI6vtQ8ksxk.

Анықтама:

Балдар өткізілген 12 жыл ішінде қор 164-тен астам демеуші мен серіктес тартып,  931 миллион теңгеден астам қаражат жинады.

Түскен қаражатқа:

- 85 мамандандырылған оңалту мекемесі ашылды және жарақтандырылды, оның ішінде бүкіл Қазақстан бойынша 61 инклюзияны қолдау кабинеті. Аутизм және дамуында басқа ерекшеліктер бар 800-ден астам бала мектепке баруға мүмкіндік алды;

- 3 500-ден астам маман оқытылды;

- 500-ден астам жұмыс орны құрылды;

- аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 135-тен астам білім беру және жол жүру гранттары берілді.

Қайырымдылық қаражатын пайдаланудың ашықтығын сақтау мақсатында қордың www.bolashakcharity.kz сайтында жыл сайын қаржылық есептер жарияланады.

«Болашақ» қоры инклюзивті білім беруді дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне 80-нен астам сапалы ұсыныстар мен түзетулер енгізді.

OI SANA жобасы аясында ерекше балалардың тағы 40 ата-анасы мен ЕБбҚ бар балалармен жұмыс істейтін мамандар қолдау алды 

Ерекше балалардың ата-аналары мен мамандарға арналған «Эмоционалды шаршау» тақырыбындағы алғашқы 4 психологиялық қолдау тобының жұмысы 2023 жылдың қарашасында басталды. Жобаға 40-тан астам адам қатысты, оның ішінде аутизм және басқа менталдық бұзушылықтар бар балалардың ата-аналары, сондай-ақ ассистент-педагогтар, дефектологтар, АВА-терапистер, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін жеке қорлардың мамандары. Топтардың тренерлері топтық кеңестерді өткізу тәжірибесі бар кәсіби психологтар, психотерапевтер болды.

OI SANA – «Болашақ» корпоративтік қорының менталдық денсаулық туралы жобасы, 2024 жылдың көктемінде топтардың екінші ағынын бастау жоспарланып отыр. Екінші ағынды бастаудың егжей-тегжейі қордың Instagram парақшасында (@bolashakcharity) жарияланатын болады.

Анықтама үшін телефон: 8 7172 500 618.

1000 теңгеге қайырымдылық жасап, «Барыс» хоккейклубының өз алаңындағы ойындарын VIP-ложадан көруге мүмкіндік алыңыз

«Болашақ» корпоративтік қорының «Bolashak Bright» жобасы аясында қайырымдылық ұтыс ойыны басталды. Бұл – акция аясындағы төртінші ұтыс ойыны. «Bolashak Bright» – бұл bolashakbright.kz онлайн қайырымдылық платформасы, мұнда әрбір адам Қазақстанның қайырымдылық қорларына 1000 теңгеден бастап қайырымдылық жасап, бағалы жүлделер мен сыйлықтар ұтысының қатысушысы бола алады. Мақсат – халық арасында қайырымдылықты кеңінен насихаттау. Жиналған қаражат еліміздегі қайырымдылық қорларының жобаларына бағытталады. Жарналар 2023 жылғы 25 қазанға дейін www.bolashakbright.kz сайтында қабылданады.  

Жиналған қаражат Жамбыл облысының балалар үйлерінің балаларына арналған білім беру саяхатын ұйымдастыру үшін «Союз Жаса» қорына жолданатын болады. Бір жыл ішінде қор балалар үйлерінің балаларына арналған 10-нан астам саяхат ұйымдастырды. 550-ден астам баланың арманы орындалып, олар Алматы, Ақтау қалаларын, Байқоңыр ғарыш айлағын және еліміздің үлкен қалалары мен көрнекі жерлерді көріп қайтты.

Қайырымдылық жарналарын салғандардың барлығы жүлделер мен сыйлықтар ұтысына қатысады. Бас жүлде – «Барыс» ХК-ның VIP-ложасында өз алаңындағы екі ойынын тамашалау. VIP-ложа 13 адамға арналған, жеңімпаз туыстары мен достарын шақыра алады. Тағы бірнеше жарна салушы «Барыс» хоккей клубының аты жазылған джерси күртесін, клуб мүшелерінің қолтаңбасы қойылған клюшка және ойынға билеттер ұтатын болады.

«Bolashak Bright» жобасы 2023 жылдың ақпан айында танымал «Ninety One» музыкалық тобымен бірлескен жұмыстан басталды.

Алғашқы қайырымдылық жинау кезінде 1 118 918 теңге жиналды, ал жеңімпаз танымал Q-pop тобының мүшелерімен ланч кезінде кездесуге мүмкіндік алды. Жиналған қаражат буллезді эпидермолизге шалдыққан 8 жасар ұл баланың саусақтарын ажырату үшін ота жасауға «Kobelek Balalar» қорына жіберілді.

Келесі қайырымдылық жинаулардан түскен қаражат ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған спорттық құрал-жабдықтарды сатып алу үшін «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорына, №95 мектеп-лицейінде аутизм және басқа да ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинетін ашу үшін «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасына бағытталды. «Bolashak Bright» акциясының қайырымдылық жасаушылары қатарынан ұтыс жеңімпаздары қолтаңбасы қойылған олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың футболкасын, «TECHNODOM» компаниясынан тау велосипедін, «Coffeeday» кофеханалар желісінен жылдық кофе қорын және басқа да сыйлықтарды ұтып алды.

ABLLS-R құралы Қазақстанда сатып алу үшін қол жетімді болды

ABLLS-R жинағына (Нұсқаулық және Протокол) тапсырыс беруге болатынын хабарлауға қуаныштымыз. Бағалау құралын бүкіл Қазақстан бойынша қазақ және орыс тілдерінде сатып алуға болады.

ABLLS-R – үйрену дағдыларын бағалауға және аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар баланың ЖДБ (жеке дамыту бағдарламасын) құруға арналған үздік құралдардың бірі.

▶ ABLLS-R (Assessment of Basic Language and Learning Skills – Revised) – аутизм және дамуында басқа бұзылыстар бар бала дағдыларының дамуын бағалауға арналған құрал

▶ Әдістеменің авторы – Джеймс Партингтон (BCBA-D), Partington Behavior Analysts, Inc. орталығының директоры. Доктор Партингтон 1988 жылдан бастап АСБ бар балалардың мінез-құлқын түзету мен оқыту бойынша ғылыми зерттеулермен айналысып келеді.

▶ ABLLS-R балалар қоғамда өз бетінше өмір сүруге бейімделуі үшін қажетті дағдыларды бағалауды жан-жақты жүргізу мақсаттарына арналған.

▶ ABLLS-R қолдана отырып, Сіз баланың жеке дамыту бағдарламасын, оқу бағдарламасын өзіңіз жасай аласыз, баланың дағдыларды игеру динамикасын көріп байқай аласыз.

ABLLS-R бағалау құралы туралы толық ақпаратты біздің парақшамызда «ҚЫЗМЕТТЕР» – ABLLS-R айдарында қарай аласыз.

«OI SANA» – қордың психикалық денсаулық туралы подкасты барлық платформаларда қол жетімді

Подкаст қонақтарымен бірге біз өзімізге қамқорлықпен әрі сүйіспеншілікпен  қараудың маңыздылығы туралы сөйлесеміз. Барлық эмоцияларды – жағымдысы мен жағымсызын сезініп, бастан кешіру, жақын адамдардан көмек сұраудан қорықпау, өз өмірімізді кейінге қалдырмау маңыздылығы туралы және басқасы туралы сөз қозғаймыз. OI SANA подкастының «Аутизм бар баланың диагнозын қабылдау» тақырыбындағы бірінші шығарылымында біз аутизм бар балаларды тәрбиелеу, диагнозды қабылдау және онымен өмір сүру туралы, психиатрға бару неліктен маңызды екендігі, келіспеушілік, ашу-ыза, күйіну сезімдері  қалыпты нәрсе екендігі туралы ашық және шынайы әңгімелестік. Подкаст қонақтары: Мансия Абулгазина, ұлы Рашид 18 жаста, аутизм; Динара Бекібаева, аутизм бар 14 жастағы егіздердің (ұл мен қыз) анасы, блогер, «Autism Talks» 2023 спикері; Мәдияр Әлдибеков, ұлы Әділхан 11 жаста, балалық шақтағы аутизм, 2-топтағы мүгедектік, Астана қаласының №3 арнайы мектептің 3-сынып оқушысы.

Маусым айында өткен «Аутизм: диагностикалаудың және түзетудің тиімді әдістері» тақырыбындағы подкасттың екінші шығарылымына жоғары категориялы балалар психиатры Татьяна Дегтярь қатысты.

Менталдық және психикалық денсаулық туралы «OI SANA» подкастының үшінші шығарылымы шілде айында шықты. «Тәуелділік: түрлері, пайда болу себептері» тақырыбында «SANASEZIM» психологиялық көмек орталығының клиникалық психологы, туыстармен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Эльмира Абдугалеевамен және кеңесші-аддиктолог, «SANASEZIM» психологиялық көмек орталығының маманы Алмас Сафуровпен сұхбаттастық. Біз тәуелділік туралы: оның түрлері, пайда болу себептері, гендерлік және мәдени ерекшеліктері, тәуелділіктермен қалай жұмыс істеу керектігі, аддиктолог  деген кім және олардың саны неліктен аз және тағысын тағы туралы ашық та шынайы айтып бердік.

Подкаст жүргізушісі – «Болашақ» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан. Подкаст аудио және бейне форматтарында қордың Youtube арнасында және 5-тен астам аудио-алаңдарда қолжетімді.

«Bolashak Bright» үшінші қайырымдылық ұтысының қорытындысы бойынша 700 мыңнан астам теңге жиналды

Акцияға қатысушылар барлығы 781 748 теңге жинады. Қайырымдылық қаражатты Қазақстаннан, Ресейден, Грециядан, Франциядан және Армениядан 307 адам аударған. Барлық қаражат біздің «Әрбір бала мектепке баруға лайықты» жобамыз аясында №95 елордалық мектепте аутизм бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинетін жарақтандыруға жұмсалады. Кабинетте аутизм және дамуында басқа ерекшеліктер бар 10 баладай оқиды.
Дәстүр бойынша қайырымдылық жасаушылар арасында жүлделер мен сыйлықтар ойнатылды. Бас жүлдеге COFFEEDAY әлемдік кофеханалар желісінен кофенің жылдық қоры тігілді. Бас жүлдені Астана қаласының тұрғыны Гүлдана Сакиева иеленді. Жолы болған тағы 10 қатысушы жұбаныш сыйлықтарын (фирмалық термостар мен сертификаттар) алды.
«Bolashak Bright» бұл – bolashakbright.kz қайырымдылық онлайн платформасы, мұнда әр адам Қазақстанның қайырымдылық қорларына арнап қайырымдылық жарнасын салып, бағалы жүлделер мен сыйлықтардың ұтыс ойынына қатыса алады. Мақсаты – халық арасында қайырымдылықты танымал ету.

Енді Kaspi.kz арқылы қорымызға қайырымдылық жасауға болады!

Жақсылық жасау оңайырақ болды!

Енді сіз kaspi.kz қосымшасы арқылы қорымызға өз қайырымдылықтарыңызды оңай және ыңғайлы жасай алатыныңызды хабарлауға қуаныштымыз! Төлемдер > Қайырымдылық > «Болашақ» қоры бөлімінде. Қайырымдылық жасау арқылы Сіз ерекше балаларға мектепке баруға, сондай-ақ дарынды жастарға жарыстар мен байқауларға қатысуға мүмкіндік сыйлайсыз.

Біздің жобаларға үлес қосу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Бірге біз көп нәрсеге қол жеткізе аламыз!

«Bolashak Bright» ұтыс ойынының жеңімпазы «Ninety One» солистерімен кездесті

Астаналық Шолпан Бекешева түскі ас үстінде «Ninety One» музыкалық тобының солистерімен кездесті. Шолпан «Bolashak Bright» жобасы аясында алғашқы қаражат жинауға қатысты. Жанашыр адамдардың арқасында біз «Kobelek Balalar» қорына 1 118 918 теңге жинадық. Қаражат буллезді эпидермолизге шалдыққан 8 жасар Тимур Сидировқа саусақтарын ажырату ота жасауға жұмсалды.

«Bolashak Bright» – бұл bolashakbright.kz онлайн қайырымдылық платформасы, мұнда әркім Қазақстанның қайырымдылық қорларына қайырымдылық жасай отырып, бағалы жүлделер мен сыйлықтардың ұтыс ойынына қатыса алады. Мақсаты – қайырымдылықты халық арасында насихаттау.  

Әлемді өзгертетін бастамаларды қолда! Қайырымдылыққа қатыс та, «Ninety One» тобының солистерімен кездесуге мүмкіндік ал!

23 ақпанда Астанада «Ninety One» музыкалық тобының солистерінің қатысуымен «Bolashak Bright» қайырымдылық платформасының тұсаукесері өтті. «Bolashak Bright» — бұл bolashakbright.kz онлайн қайырымдылық платформасы, мұнда кез келген адам Қазақстанның Қайырымдылық қорларына жәрдем беру арқылы бағалы жүлделер мен сыйлықтардың ұтыс ойынына қатыса алады. Жиналған қаражат Қазақстанның қайырымдылық қорларының жобаларын іске асыруға жұмсалады. Мақсаты — қайырымдылықты халық арасында насихаттау. Жобаны ұйымдастырушы — «Болашақ» корпоративтік қоры.

«Bolashak Bright» аясында ай сайын www.bolashakbright.kz сайтында ниет білдіргендердің барлығынан 1000 теңгеден бастап және одан жоғары қайырымдылық жарналары жиналатын болады. Айдың соңында қайырымдылық жасаушылар арасында ұтыс ойыны өткізілетін болады. Жеңімпаз бағалы жүлде алады немесе атақты адаммен ланч үстінде кездесу мүмкіндігіне ие болады. Ай сайын қаражат бағытталатын қор/жоба, сондай-ақ шақырылған қонақ/ұтыс жүлдесі өзгереді. Әр процесс ашық болады, оның әрқайсысын жоба сайтынан немесе әлеуметтік желілерде бақылауға болады.

Қаражаттың алғашқы жиналуы 23 ақпан мен 23 наурыз аралығында өтеді. Бірінші ұтыс ойынының жеңімпазы танымал «Ninety One» музыкалық тобының мүшелерімен ланч үстінде кездесуге мүмкіндік алады. Алғашқы жиналған қаражат буллезді эпидермолизбен ауыратын 8 жасар Тимур Сидировқа екі қолдың саусақтарын ажырату бойынша ота жүргізу үшін «Kobelek Balalar» қорына бағытталады. Қаражаттың жұмсалуы туралы есептер жобаның сайтында жарияланады.

Ұйымдастырушыларды осы жобаны жасауға 2016-2017 жылдары өткізілген «Болашақ» Қауымдастығының «Bolashak lunch» қайырымдылық акциясының сәтті тәжірибесі шабыттандырды. Ұтыс ойындарының жеңімпаздары Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левитпен, әнші Қайрат Нұртаспен, «Барыс» хоккей клубының форвардымен Найджел Доуспен және басқалармен кездесті. Түскен қаражат ЦСА және аутизм бар балаларды оңалтуға бағытталды.

Дүниежүзілік қайырымдылық индексінде 2022 жылы Қазақстан 2021 жылмен салыстырғанда бес саты жоғары көтеріліп, 119-дан 93-ші орынды иеленді. Салыстыру үшін 2010 жылы Қазақстан 121-орында, 2018 жылы 96-орында, ал 2021 жылы 98-орында болды. Қазақстанда ондаған әлеуметтік маңызды бастамаларды жүзеге асыратын 40-қа жуық қайырымдылық ұйымдары бар. Бірақ қайырымдылық әлі де кең таралмағанҚазақстандық қайырымдылық қорларын бірнеше түрге бөлуге болады: қайырымдылықты дамыту, әлеуметтік жобалар, денсаулық сақтауды, мәдениетті және білім беруді қолдау, балаларға көмек, аз қамтылған отбасыларға көмек, заңгерлік және әлеуметтік көмек, қарттарға көмек, жануарларға көмек. Көбінесе олар меценаттардың, қамқоршылардың қаражаты есебінен істеп тұрады.

«Кеше, 22 ақпанда біздің қорымызға 12 жыл болды. Осы жылдар бойы біз елімізде қайырымдылықты жүйелі түрде дамытып келеміз. Соңғы жылдары біз басқа қорлардың жүйелі дамуына қалай көмектессек, оларға қалай қолдау көрсетсек деп жиі ойланатынмыз. Біз қайырымдылық мәдениетін дамытып, барлығына қайырымдылық оңай екенін көрсеткіміз келеді. «Bolashak Bright»-тың арқасында жанашыр азаматтармен бірге біз тамаша бастамалар мен жобаларды қолдай алатынымызға сенімдіміз. Жобаның артықшылығы – әрбір қайырымдылық жасаушы бағалы сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Еліміздегі қайырымдылық ұйымдарынан қорға барлығы 20 ондықтан астам өтініш келіп түсті. Біз бірінші болып «Kobelek Balalar» қорын таңдадық, себебі бірнеше жылдан бері олармен бірге жұмыс істеп келе жатырмыз, қалай жұмыс істейтінін білеміз», - деді «Болашақ» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

Тұсаукесерге жобаның ұйымдастырушылары, «Ninety One» тобының мүшелері, серіктестер, қайырымдылық қорларының басшылары, блогерлер, журналистер қатысты. Тұсаукесер шегінде «Ninety One» тобының концертіне
2 билет ойнатылады.

Жоба серіктестері: «Ninety One» тобы, «FlyArystan» компаниясы, «Myd Production» компаниясы, «A-Event» компаниясы, «Sxodim Group» медиахолдингі, «Технодом» компаниясы, «Turkish Airlines» компаниясы, «Sheraton Astana» қонақ үйі, «Барыс» хоккей клубы, «KAZGUU» бизнес мектебі, «Global Coffee» кофеханалар желісі, «Болашақ» қауымдастығы, «Кефир» шығармашылық агенттігі, «The Sun» компаниясы.

 Анықтама

«Kobelek Balalar» қоры туралы

«Kobelek Balalar» қоры 2017 жылы құрылған. Бүгінгі таңда елде Ихтиозбен (терінің жоғарғы (мүйізді) қабатының қабыршақтануының бұзылуымен сипатталатын дерматоздар тобы) ауыратын 600-ден астам пациент бар және олардың барлығы сапалы медициналық көмекке мұқтаж.

Қор медициналық, атаулы, ақпараттық, заңгерлік және консультациялық көмек көрсетеді. Сондай-ақ өңірлік дәрігерлер үшін оқыту семинарларын өткізеді, қордың мамандары дерматологиялық конференцияларда сөз сөйлейді. Қордың арқасында 99 пациент жан-жақты көмек алып отыр.

8 жасар Тимур Сидировқа екі қолдың саусақтарын ажырату бойынша ота Санкт-Петербург қаласында Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің Н.И. Пирогов ат. жоғары медициналық технологиялар клиникасының «RecOrt» реконструктивті ортопедия орталығында жоспарланы отыр. Операцияның құны
1 млн 198 000 теңгені құрайды.

Бұған дейін «Болашақ» қоры 2020-2022 жылдары Халықаралық генетикалық дерматоздар қауымдастығына қолдау көрсеткен болатын. Қордың қолдауы арқасында Қазақстаннан бір балаға саусақтарын ажырату отасы жасалды; Қазақстаннан 10-нан астам бала генетикалық диагностикадан өтті; Қазақстаннан 18 дәрігер «Туа біткен буллезді эпидермолизге шалдыққан науқастардың сыртқы терапиясы үшін Мёлнлике Хелс Кеа компаниясының таңғыштарын қолдану» семинарына қатысты; Қазақстаннан 60 маман Debra International Congress 2021 халықаралық конгерссіне қатысты.

Фонд «Болашақ» выиграл премию для НПО

Мы стали лауреатами премии Министерства информации и общественного развития РК для неправительственных организаций! Наш проект «Каждый ребенок достоин школы» стал лучшим в номинации «Достижение целей в области образования, науки, информации, физической культуры и спорта»! Поздравляем всю команду проекта – это победа каждого специалиста!

Премия для НПО является механизмом поддержки неправительственных организаций государством с 2017 года. Ежегодно премии присуждаются по 15 направлениям за вклад в решение социальных вопросов на республиканском, отраслевом и региональном уровнях.

Ассоциация «Болашақ» также получила премию в номинации «Развитие культуры и искусства». Эта премия присуждается с 2017 года по 15-ти направлениям за вклад в решение социальных вопросов и развитие страны.