Run for Autism» жыл сайынғы қайырымдылық жүгірулерінің қаражатына 25 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

19 қараша күні елордалық №59 «Аққанат» балабақшасында Run for Autism жыл сайынғы қайырымдылық жүгіруінің қаражатына жабдықталған инклюзияны қолдау кабинетінің ашылуы өтті. Бұл кабинет 2023–2025 жылдар аралығында Bolashak Charity қоғамдық қоры балабақшаларда, мектептерде және колледждерде ашып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен 25-кабинет болды.

№59 «Аққанат» бөбекжайындағы инклюзияны қолдау кабинетінде (ИКК) 2–5 жас аралығындағы аутизмі және басқа да менталдық ерекшеліктері бар 5 бала қолдау алады. Кабинетте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтенуі, сөйлеу, коммуникациялық және тұрмыстық дағдылары қалыптастырылады. Балалар негізгі уақытын өз құрдастарымен бірге жалпы топтарда өткізеді, ал бірнеше сағат бойы педагог-ассистенттермен бірге инклюзияны қолдау кабинетінде оқиды. Кабинет командасы 8 маманнан тұрады: куратор – мінез-құлық талдаушы, 5 педагог-ассистент, психолог және дефектолог.

Іс-шараға Run for Autism бастамасының демеушілері мен серіктестері, ата-аналар, блогерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының (2024) деректеріне сәйкес, Қазақстанда аутизмі бар 15 000-нан астам бала бар, олардың шамамен 7 мыңы – мектепке дейінгі жаста. Бейресми деректер бойынша, елдегі аутизмі бар балалардың жалпы саны 35 000-нан асады. Ресми мәліметтерге сәйкес, Астанада ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар 22 мыңнан астам бала тұрады. 2015 жылдан бері Bolashak Charity қоры елордада ЕБҚ бар шамамен 500 бала мен жасөспірімді инклюзивті біліммен қамтыды.

№59 «Аққанат» балабақшасындағы инклюзияны қолдау кабинеті 2023–2025 жылдардағы Run for Autism қайырымдылық жүгірулерінің қаражатына Bolashak Charity қоры ашқан және жабдықтаған 25 кабинеттің бірі болып табылады. Run for Autism — аутизм саласындағы зерттеулерді қолдауға бағытталған халықаралық бастама. Жүгірулер Нью-Йорк, Лондон, Берлин, Чикаго және Питтсбург сияқты әлемнің ең ірі қалаларында өткізіледі. Қазақстанда жоба алғаш рет 2023 жылы Bolashak Charity қорының бастамасымен ұйымдастырылды. Бастаманың мақсаты — қоғамның назарын аутизм мен менталдық денсаулық мәселелеріне аудару, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған білім беру бағдарламаларына қаражат жинау.

2023 жылдан бері Run for Autism жүгірулеріне 6 443 адам қатысты, олардың ішінде даму ерекшеліктері бар 200-ден астам бала болды. Үш жылда 42 348 444 теңге жиналып, осы қаражатқа Астана және өңірлердегі білім беру ұйымдарында 25 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Соның нәтижесінде 160-тан астам аутизмі, ДЦП, Даун синдромы және басқа да даму ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдер күн сайын қажетті қолдау алып отыр. Run for Autism шарасына Астана қаласы әкімдігі, Eurasian Resources Group (ERG), «NAK» құрылыс холдингі, «Еуразиялық банк» АҚ, «ALSTOM», «MYD Production», «Аrgymaq», «Пайдалы нан», «M Clinic», «G-life» қалалық суы, дәмді тағамның қазақстандық желісі «Shaurma Food», қазақстандық спортшылар одағы «Nomad Triathlon Club» және көптеген басқа да 79 демеуші мен серіктес қолдау көрсетті.

Жалпы, Bolashak Charity қоры 10 жыл ішінде Қазақстанның 24 қаласында 79 инклюзияны қолдау кабинетін ашып, 2 000-нан астам балалар үйінің тәрбиеленушісін және аутизмі мен даму ерекшеліктері бар 10 000-нан астам отбасын қолдау бағдарламаларымен қамтыды. Қор сонымен бірге 1 000-нан астам баланы үйден оқыту формасынан шығарып, инклюзивті ортаға кіруіне мүмкіндік берді.

Bolashak Charity қоғамдық қорының директоры Азамат Божақ атап өтті: «Run for Autism үш қайырымдылық жүгіруінің нәтижесінде жиналған қаражатқа біз Астана және Қостанай облысының Рудный қалаларында 21 инклюзияны қолдау кабинетін балабақшаларда, 2 кабинетті мектептерде және тағы 2 кабинетті колледждерде ашып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еттік. Осылайша 160-тан астам бала мен жасөспірімге сапалы инклюзивті білім алуға мүмкіндік туды. Біз балалардың дамуы мен оқуы үшін қажетті жабдықтарды, оқу материалдарын және инвентарь сатып алдық. Бұл кабинетте аутизмі, Даун синдромы және басқа да даму ерекшеліктері бар 5 бала білім алады. Мамандардың жұмысын қордың мінез-құлық талдаушысы сүйемелдейді. ИКК-де жүргізілетін сабақтар балалардың әлеуметтену және оқу дағдыларының жақсарғанын көрсетіп отыр.

Ерте қолдаудың маңызы өте зор, өйткені ол балаларды мектеп ортасына дайындайды. Балабақшадағы ерте көмек көрсетуден кейін ерекше балалардың мектепке келгенде педагог-ассистенттердің көмегінсіз-ақ оқуға бейімделе алған жағдайлары болды. Бұл инклюзияны қолдау кабинеттерін дәл мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ашудың маңыздылығын дәлелдейді.

Біз жүгіруге қатысушыларға, демеушілер мен серіктестерге шын жүректен алғыс айтамыз. Сондай-ақ 2026 жылғы сәуірде Астанада төртінші Run for Autism жүгіруі өтетінін қуана хабарлаймыз. Бұл бізге аутизмі бар одан да көп бала мен жасөспірімді қолдауға мүмкіндік береді».

Футбол — үміт сыйлайтын спорт: UNI Football League ерекше балалардың өмірін қалай өзгертіп жатыр

«Әрбір жаңа қабілет біздің балалар үшін үлкен еңбектен келеді. Бірақ жаттықтырушы әркімге жекелей жол табады, біз баланың дамып жатқанын көреміз. Бұл жоба біздің отбасылар үшін бақытты мүмкіндік» — Шымкенттен қатысушының анасы Динара Төлеғенова.

«Бұрын балаларымызды далада ойнауға шақырмайтын, тек доп әкеліп беруші болатын. Қазір менің ұлым — толық құқылы ойыншы. Ол сыртта емес — алаңда. Бұл — шынайы инклюзия. Бұл — бақыт» — Петропавл қаласынан қатысушының әкесі Владимир Янчевский.

«Ұлым бұрын жаттығуда жылаушы болатын — қалай гол соғуды түсінбейтін. Енді өзі соғады, үйде матчтарды қуанышпен тамашалайды. Достар тапты, сөйлесуді үйренді, өз бетімен әрекет етуге дағдыланды. Бұл шынайы әлеуметтену» — Өскемен қаласынан қатысушының анасы Елена Чернякова.

2025 жылғы 12 қазанда «Астана Арена» стадионында UNI Football League жобасының құрамындағы командалар арасында елімізде бірінші инклюзивті футбол турнирі өтті. Турнирге Аутизм, Дауна синдромы, ДЦП және басқа даму ерекшеліктері бар 95 бала мен жасөспірім қатысты, олар Қазақстанның 10 қаласынан келген: Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Петропавл, Тараз және Өскемен.

Ойындар 5+1 форматында өтті, матчтар уақыты — әрқайсысы 15 минут. Жеңімпаздар анықталған жоқ — барлық қатысушылар медальдар мен естелік сыйлықтар алды, өйткені турнирдің басты мақсаты — жарыс емес, қолдау, инклюзия және ойнаудан қуаныш алу. Жас футболшылардың ата-аналары жоба серіктестері мен демеушілерімен кездесті және оларға алғыс білдірді.

Турнир ерекше футболшыларды, олардың ата-аналарын, жаттықтырушыларды, волонтерларды, демеушілер мен БАҚ өкілдерін біріктірді. UNI Football League — теңдікке, қолжетімділікке және үмітке салынған еңбек. Жобаға жасалған әрбір инвестиция — бақытты балалық, сенімді болашақ және мықты қоғам құруға бағытталған. UNI Football League жай ғана секция емес — ерекшелігі бар балалар команда мен қоғамның бір бөлігі ретінде өзін сезінетін шынайы қауымдастық.

«Екі жыл бұрын мен, Чингис Темерхановпен бірге — Қазақстанның футбол федерациясындағы әлеуметтік жобалардың кураторы, Blind және ЦП футболының негізін қалаушы, ерекшелігі бар балаларға әлеуметтену үшін тағы бір мүмкіндік сыйлау мақсатында бұл жобаны бастаған едік. Сол кезде көптеген ата‑аналар балаларының футбол алаңына шығатынын, гол соғатынын, командамен ойнайтынын елестете де алмайтын. Бұл мүмкін емес көрінген. Ал бүгін, еліміздің басты спорт аренасында біз ондай балдардың шамамен 100‑ге жуық жиналғанын көрдік, футбол олардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды — бүкіл Қазақстандағы жүздеген отбасының қуаныш, мақтаныш және бақытының көзі. Бұл турнир — жүйелі қайырымдылықтың үлгісі, бизнестің ерекше балаларды қолдау үшін бірігуі. Бүгін бұл жерде 32 компания, 90 волонтер, жүзден астам ата‑ана, жаттықтырушылар, Астана қаласы әкімдігі, шетелдік елшіліктер бар. Баршаңызды турнир мен Лига ұйымдастыруға қолдау көрсеткендеріңіз үшін жүректен алғыс айтамын. UNI Football League — жай спорт ғана емес» — деп атап өтті «Bolashak Charity» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

«Бүгінгі турнир Қазақстандағы инклюзивті спорт дамуының жаңа кезеңін ашатын тарихи оқиға. «Freedom Шапағат» қоры үшін оны қолдау біздің әлеуметтік миссиямыздың ажырамас бөлігі. UNI FOOTBALL LEAGUE‑ды қолдап, әр баланың дамуына жағдай жасап, біз бірге инклюзивті, мейірімді және әділетті қоғам құрамыз» — деді «Freedom Шапағат» ҚФ президенті Баглана Мусина.

UNI Football League туралы

2023 жылы «Bolashak Charity» Қоғамдық қоры, Қазақстанның футбол федерациясы және «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету, инклюзив спортты дамыту және футбол арқылы өзара көмек пен ізгілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында UNI Football League атты ерекше әлеуметтік жобаны іске қосты. Астана қаласы әкімдігінің және Испания Корольдігі елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бұл жоба елімізде аутизм және басқа даму ерекшеліктері бар балаларды футбол әлеміне тартуға бағытталған алғашқы ауқымды бастама болды. Жобаға Қазақстанның 9 қаласынан жүзден астам бала қатысады. Жоба UEFA‑ның B, C және D санаттағы лицензиясы бар, инклюзия саласында тәжірибесі бар кәсіби жаттықтырушылар тобын қамтиды, оның ішінде арнайы мүмкіндіктері бар адамдар да бар.

«Мен өзім ДЦП диагнозымен өмір сүремін және спорттың өмірді қалай өзгерте алатынын білемін. Бұл балалар көз алдымызда өсіп келеді — физикалық тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да. Жоба оларға тек доп беріп қана қоймай, әлеуметтену мүмкіндігін сыйлайды» — деді Атыраудағы UNI Football League жаттықтырушысы Нұржан Қасанов.

Көптеген отбасылар үшін жобаға қатысу — баланың спорт арқылы әлеуметтенуі жолындағы алғашқы тәжірибе болды. UNI Football League жобасы дәлелдейді: спорт — потенциалды ашудың, денсаулықты нығайтудың және инклюзив қоғам құрудың қуатты құралы.

Турнирдің серіктестері мен демеушілері

Қазақстан футбол федерациясы, Астана қаласының әкімдігі, «AMANAT» партиясы,Италия елшілігі Қазақстанда, «ҚазЦинк» компаниясы, қолөнер нан пісіру шеберханасы «Gastronomy Lab», «M‑Tex» компаниясы, «A‑Event» компаниясы, Астананың Азаматтық бастамалар орталығы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жарнама агенттігі «MYD PRODUCTION», «G‑life» көгілдір су, Arbuz.kz интернет‑магазині, тәтті‑кафе бутигі «La Creme», кинотеатрлар желісі «Chaplin Cinema», отбасы интернет‑магазині «Marwin», Hampton by Hilton Astana Triumphal Arch қонақ үйі, «Vietjet Kazakhstan» әуе компаниясы, фитнес жабдықтарын сататын «Technogym», «Business Catering» компаниясы, футобл клубы «Астана».

Ақпараттық серіктестер: «Musan Group» медиа холдингі, «Qazsport», «Astana TV», «Almaty TV», «Qonaev Media», ЖШС «Айқын‑Литер» және басқалар.

Елорда кинотеатрының қызметкерлері аутизм және даму ерекшеліктері бар адамдармен жұмыс істеу бойынша оқытудан өтті

2025 жылғы 27 тамызда Астана қаласындағы Chaplin Cinemas кинотеатрында
«Инклюзивті киносеанс: ерекше қажеттіліктері бар көрермендерге қолайлы орта құру» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Іс-шараны ұйымдастырған – «Bolashak Charity» қоғамдық қоры, он жылдан бері аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларды қолдаумен, сондай-ақ инклюзивті білім беруді дамытумен айналысып келеді.

Тренингке 48 қызметкер – кассирлер, қауіпсіздік қызметінің өкілдері мен әкімшілік қызметкерлер қатысты.

Оқыту процесін қордың АВА мамандары, мінез-құлық талдаушылары, кураторлар мен супервизорлар жүргізді. Олар келесі тақырыптарды қамтыды:

Тренингтің маңызды бөлігі – практикалық жұмыс болды. Қатысушылар мамандармен бірге кинотеатрда орын алған немесе орын алуы мүмкін нақты жағдайларды талқылап, оларды дұрыс шешудің жолдарын үйренді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен ақпараттық жадынамалар табысталды.

Сонымен қатар, қор мамандары кинотеатрға «әлеуметтік оқиға» атты арнайы нұсқаулық дайындап берді. Бұл – ерекше баланы кинотеатрға дайындауға арналған қадамдық нұсқаулық. Ол баланың алаңдаушылығын төмендетіп, киноға бару тәжірибесін бала мен айналасындағылар үшін мүмкіндігінше жайлы етуге көмектеседі.

Тренинг «Bolashak Charity» қоғамдық қоры мен Chaplin Cinemas кинотеатры арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында өтті.

«Біздің қор аутизм және даму ерекшеліктері бар балаларға арналған инклюзивті білім беруді дамыту бағытында 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Біз балабақшадан бастап колледжге дейінгі білім беру мекемелерін қамтитын жүйе қалыптастырдық. Дегенмен, ерекше балалар саны жыл сайын артып келеді – бұл тек Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша байқалып отырған үрдіс. Қордың басты мақсаттарының бірі – ерекше балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Біз қоғамға ерекше жандарға көмектесуді, күйзелісті жеңуге қолдау көрсетуді және мысалы, кино көруге жағдай жасауды үйреткіміз келеді» – деді «Bolashak Charity» қорының бағдарламалар үйлестірушісі Самал Әлбілекова.

Рудный қаласында балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды

Eurasian Resources Group (ERG) қолдауымен ұйымдастырылған «Run for autism» 2025 қайырымдылық шарасы аясында Рудныйдағы №2 «Алтын күн» балабақшасы мен №1 мектепте инклюзияны қолдау кабинеттері ашылып, жабдықталды. Қала күні қарсаңында ашылған әр кабинет жыл сайын білім берудегі ерекше қажеттіліктері бар 10 балаға қолдау көрсете алады. Онда заманауи компьютерік жабдықтар, сенсорлы тынығу аймағы орнатылып, дамытушы ойыншықтар мен жиһаз жеткізілген.

Bolashak Charity қоры биыл Астанада осымен үшінші мәрте «Run for autism» атты жыл сайынғы қайырымдылық шарасын өткізді. Шараға жалпы саны 6 мың 500 адам қатысқан. Соның 300-ден астамы дамуында ерекшелігі бар балалар. Жиналған қаражаттың жалпы сомасы – 42,3 млн теңге. Биылғы шарадан түскені – 21,9  млн теңге.

Осыған дейін түскен қаражатқа Астананың 10 балабақшасында инклюзияны қолдау кабинеттері ашылған. Ол жыл сайын білім алуда ерекше қажеттілігі бар 100-ден астам балаға қызмет көрсетеді.

Bolashak Charity қорының инклюзивті білім беру мен дамуында ерекшелігі бар балаларды қолдаумен айналысып келе жатқанына 10 жылдан асты. Қор инклюзия кабинеттері – инклюзивті білім беру моделін әзірлеуші. Осы тәсілмен еліміздің әр тарабындағы балабақшаларда 1 500 кабинет ашылған. Қордың тікелей бастамасымен Қазақстанның 24 қаласындағы мектептер мен колледждерде 75 кабинет жарақталды.

 – Біз бүгін ERG компаниясының қолдауымен «Run for autism» атты үшінші қайырымдылық жүгірісінен түскен қаражат есебінен 2 жаңа инклюзияны қолдау кабинеттерін ашып жатырмыз. Қалған қаражатқа Астананың балабақшалары мен колледждерінде тағы 6 кабинет жарақтаймыз. Біз шараның бас демеулерінің бірі болған ERG компаниясына алғыс айтамыз. Ауқымды шараны ұйымдастыру мен аймақтардағы сапалы инклюзивті білім беруді қолдағандарыңыз үшін мың алғыс,- деді Bolashak Charity қорының директоры Азамат Божақ.

– Елімізде барлық балаларға бірдей мүмкіндіктер жасалады. Біз инклюзивті жобалар – сауықтыру кешендерінің құрылысы, туған қалаларымыздағы медициналық инфрақұрылымды жаңарту, бочча және басқа да спорт түрлерінен чемпионаттар өткізу сынды жобаларға тұрақты қолдау көрсетіп келеміз. Осылайша, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға нақты үлес қосып келеміз,- деді ERG-дің Қазақстандағы Бас директоры Серік Шахажанов. 

Инклюзия кабинеттерін ашу салтанатына ERG атынан «ССКӨБ» АҚ бас директоры  Сергей Кузьменко қатысты.

Денсаулық сақтау саласын қолдау – ERG-дің басым бағыттарының бірі. Компания облыстағы медицина саласы мамандарының біліктілігін арттыру ісін қызу қолдап келеді. Өз кезегінде бұл аймақтағы медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға сеп.

 ERG компаниясы еліміздің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға молынан инвестиция құйып келеді. Атап айтқанда: мектептер мен ауруханалар салу, оларды материалдық тұрғыда қамдау, спорт нысандарын салу. Қызметін бастағалы бері ERG-дің кәсіпорындары орналасқан өңірлерге құйған әлеуметтік инвестицияларының көлемі бүгінде 400 млрд теңгеге жуықтады. Жалпы алғанда ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлердің әкімдіктерімен  95 млрд теңгеден астам қаражатқа әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру туралы меморандумдар жасасқан.

Ресми мәліметтер бойынша Қазақстанда аутизм дертіне шалдыққан 15 мыңнан астам бала бар. Олардың 7 мыңнан астамы әлі мектеп жасына жетпеген бүлдіршіндер. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр 100 баланың бірінде аутистикалық спектрдегі ауытқушылықтар болатынын айтады.  Ал, АҚШ-тың аурулардың алдын алу мен бақылау орталығы (CDC) бұл әр 31 баланың бірінде кездеседі деген дерек келтіреді.

Бүгінде Қостанай облысында білім беруде ерекше қажеттіліктері бар 9 мыңнан астам бала бар. Оның 816-сы аутистикалық спектрдегі ауытқушылығы бар әлі 17 жасқа толмаған балалар.

Астана күніне орай елордада Астана мен Қарағанды командалары арасында инклюзивті футболдан жолдастық матч өтті

2025 жылғы 8 шілдеде Астанада ерекше спорт мерекесі өтті — Астана мен Қарағандыдан келген ерекше білім беру қажеттіліктері бар жасөспірімдер арасындағы жолдастық матч. Іс-шара Қазақстандағы аутизм, Даун синдромы және басқа да психикалық ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған алғашқы инклюзивті футбол лигасы — UNI Football League жобасы аясында ұйымдастырылды.

Бұл бірегей әлеуметтік жобаны іске асыру үшін «Bolashak Charity» қоғамдық қоры, Қазақстан футбол федерациясы және «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры күш біріктірді. Жобаның мақсаты — ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау, инклюзивті спортты дамыту және футбол арқылы өзара көмектесу мен мейірімділік құндылықтарын қалыптастыру.

UNI Football League жобасы 2023 жылы Астана қаласында Қысқы қайырымдылық балының қаражатына басталған болатын. Бүгінгі таңда Freedom Holding Corp. компаниясының қолдауымен және Freedom Шапағат корпоративтік қоры арқылы бұл Лигаға Қазақстанның 9 қаласынан 115 бала қатысуда: Астана, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Петропавл, Тараз және Өскемен.

Барлық қатысушылар спорттық киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген және ОБҚ бар балалармен жұмыс істеу бойынша арнайы дайындықтан өткен білікті жаттықтырушылардың басшылығымен жаттығады. Әр қалада жаттықтырушылардың UEFA-ның B, C және D санатындағы лицензиялары бар мамандары жұмыс істейді.

Жобаның мақсаты – ерекше балаларға тұрақты дене белсенділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беру және олардың әлеуметтенуіне қауіпсіз әрі қолдаушы орта құру.

Шабыттандыратын оқиғалар

Астаналық 18 жастағы Нұрсұлтан Әбдірахман Даун синдромымен өмір сүреді. Жобаға дейін үйден сирек шығатын, үйде оқитын бала болған.
«Футбол – ұлым баруға асыға күтетін жалғыз секция. Жаттығулар оған күш, сенімділік және өз-өзіне сену қабілетін берді. Ол шыдамдырақ, мақсат қоя білетін, қиындықтарды жеңуге үйренген балаға айналды. Үйлесімділігі, жалпы жағдайы жақсарды. Мұнда оны қабылдайды, қолдайды және бағалайды», – дейді анасы Айнұр Ажданова.

Ал аутизмі бар 17 жастағы Алдияр Жоламан да Астанадан. Жобаның басынан бері бірде-бір жаттығуды жібермеген.

«Ұлым үшін футбол жай ғана ойын емес. Ол бала кезінен “Астана” командасының матчтарын асыға күтетін, ешқашан тікелей эфирді жібермейтін, аулада басқа балалармен бірге ойнауға тырысатын. Бірақ бұрын футбол біздің балалар үшін қолжетімсіз болатын. UNI Football League жобасы іске қосылғаннан бері бәрі өзгерді. Бұл Алдияр мен аутизмі бар басқа да көптеген балалар үшін өзін көрсетуге, өзгелермен өзара әрекеттесуге, ережелерді сақтауға және өз күшіне сенуге мүмкіндік. Мұндай жобаның Қазақстанда іске асқаны – біз үшін нағыз керемет. Осы маңызды әрі қажет жобаны іске асырып, дамытып жүрген барша жандарға үлкен алғыс!», – деді анасы Алия Бейсембаева.

Қарағандылық 11 жастағы қақпашы Әбілмансұр Асаев тек футболда ғана емес, жеңіл атлетика, жүзу және хореография бойынша да байқаулардың жүлдегері.
«Осындай мүмкіндік барына біз өте қуаныштымыз. Балалар футбол арқылы дамып жатыр. Немеремнің мінез-құлқы, зейіні жақсарды, өз-өзіне сенімді және ашық бола бастады. Ең бастысы, балалар бір команда екенін түсінді. Әбілмансұр футболға қуана барады, оған футбол ойнау қатты ұнайды», – дейді әжесі Марзия Зарипова.

Жоба балаларға тек физикалық тұрғыда дамуға ғана емес, достар табуға, команданың бір бөлшегі болуға, қоғамның белсенді мүшесі ретінде сезінуге мүмкіндік береді.

Матчқа ерекше қажеттіліктері бар балалар, олардың ата-аналары, жаттықтырушылар, ұйымдастырушылар, серіктес ұйымдардың өкілдері қатысты. Қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етіліп, ата-аналар жобаның өкілдерімен сөйлесіп, алғыстарын білдірді.

Матчтың серіктестері: «A-Event KZ» компаниясы, «Додо Пицца» халықаралық пиццериялар желісі, «TASSAY» сауда белгісімен «ЮНИКС» ҚБ, және «Chunky Astana» ЖК.

«UNI Football League – Қазақстандағы инклюзивті спортты дамытудың маңызды қадамы. Біз Қазақстан футбол федерациясына, Freedom компаниясына, Испания Корольдігінің Елшілігіне және бізді қолдайтын барлық серіктестерге алғысымызды білдіреміз. Жоба 2023 жылы қорымыздың Қысқы қайырымдылық балы есебінен басталған болатын. Биыл біз 15-ші мерейтойлық Қысқы балымызды өткіземіз. Ондағы жиналған қаражат біздің бағдарламаларымызды дамытуға және, әрине, осы жобаны жалғастыруға жұмсалмақ», – деді Bolashak Charity ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

«Freedom Шапағат» корпоративтік қоры мен жалпы Freedom Holding Corp. үшін бұл жай ғана жоба емес. Бұл – БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге және әрбір бала, даму ерекшеліктеріне қарамастан, өзін көрсете алатын, команда мүшесі болып, белсенді де мазмұнды өмір сүре алатын инклюзивті қоғам құруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі», – деп атап өтті Freedom Шапағат КҚ президенті Баглана Мусина.

Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады

Еңбек мамандықтарының жылы аясында Астанада «Ерекше білім беру қажеттілігі бар жасөспірімдер мен ересектерге арналған оқу-өндірістік комбинаттар» жобасының түлектеріне сертификат тапсыру рәсімі өтті. 28 ерекше білім беру қажеттілігі бар жасөспірім «Наубайшы», «Кондитер», «Тігінші» мамандықтары бойынша білім алды.

Жоба «Bolashak Charity» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Астана қаласы әкімдігі, «AMANAT» партиясы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылды.

Жобаның мақсаты — ерекше білім беру қажеттілігі бар жасөспірімдерге кәсіби білім алу, әлеуметтену және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ұсыну.

Бағдарламаға 12-18 жас аралығындағы аутистикалық спектр бұзылыстары, жеңіл және орташа деңгейдегі ақыл-ой кемістігі, психикалық даму тежелуі, Даун синдромы, нейросенсорлық есту қабілетінің төмендеуі, СДВГ жасөспірімдер мен дамуында ауытқулары бар ересектер қатысты.

Оқу 6 ай бойы аптасына екі рет, әр сабақ 3 сағаттан, Астана қаласының Қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету колледжінің базасында жүргізілді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар жасөспірімдер тігін, мата және тігін машиналарымен жұмыс, тағам дайындау, аспаздық және санитарлық негіздер, кондитерлік іс саласында практикалық дағдыларды меңгерді. Сабақ барысында қатысушылар өз бетінше жұмыс істеуге, өзіне деген сенімділікті арттыруға және болашақ мамандығына дайындалуға мүмкіндік алды.

Жоба 2024 жылы «Bolashak Charity» қорының Қысқы қайырымдылық балында жиналған қаражат есебінен басталды. 2024 жылы курсты 34 жасөспірім аяқтады, олардың 10-ы колледжге түсіп, білім алуды жалғастыруда, 8 жасөспірім түрлі ұйымдарда тағылымдамадан өтті, олардың үшеуі жұмысқа орналасты.

Іс-шараға «Bolashak Charity» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан, Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, Қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету колледжінің директоры Зауре Клышбаева, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар жасөспірімдер, олардың ата-аналары, мамандар, әлеуметтік кәсіпкерлер және басқа да қатысушылар қатысты.

«Біздің қор 10 жылдан бері инклюзивті білім беруді дамытуда — балабақшалардан бастап мектептер мен колледждерге дейін жұмыс істеп келеді. Бүгінде менталды бұзылыстары бар жасөспірімдерге кәсіби білім беру мәселесі өзекті болып отыр: 9 сыныптан кейін олар бейімделмеген бағдарламалар салдарынан мектепте оқуын жалғастыра алмайды. Осыған байланысты өткен жылдың басында біз колледждер базасында оқу-өндірістік комбинаттарын іске қостық, онда ерекше білім беру қажеттілігі бар жасөспірімдер мен ересектер практикалық сабақтар арқылы мамандық меңгеруде. Бір жарым жыл ішінде шамамен 70 адам оқытылды, және біз олардың тәуелсіз болуға, өзіне сенімді болуға және болашақ мамандығына дайындалуға мүмкіндік алғанын байқадық. Менталды бұзылыстары бар адамдардың ерекшеліктерін ескере отырып, колледждерде оқу бағдарламаларын бейімдеу, оларды практикалық бағытта жасау және теориялық бөлігін қысқартса үлкен көмек болар еді. Қазақстандағы инклюзияны дамытудағы келесі қадам — менталды бұзылыстары бар адамдардың жұмысқа тұрып, сәтті еңбек ете алуы үшін оларды сүйемелдеушінің болуын қамтамасыз ету. Бұл үшін уәкілетті ұйымдар нормативтік-құқықтық актілер аясында барлық жағдайды жасауы өте маңызды», — деп атап өтті «Bolashak Charity» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

«Тігінші» бағыты бойынша УПК түлегі MaxMara халықаралық бренді бутигінде маркетолог көмекшісі болып жұмысқа орналасты. Бұл инклюзивті білім берудің дамуында ерекше қажеттілігі бар жасөспірімдер үшін нақты перспективаларды ашатын шабыттандыратын мысал болып табылады.

«Ыңғайлы атмосфера, педагогтардың қолдауы және түсінікті нұсқаулар ұлымның өзін көрсетуіне көмектесті. Ол тек тағам пісіруді үйреніп қана қоймай, адамдармен қарым-қатынас жасау, нұсқауларды орындау сияқты өмірлік маңызды тәжірибе алды. Әсіресе дайын өнімді қолына алу сәті ұнады. Бұл жоба тек оқыту туралы емес, тең мүмкіндіктер туралы. Бұл мектеп пен ересек өмір арасындағы көпір, дербестікке қарай тағы бір қадам», — деді Бекназар, аутизммен ауыратын жасөспірімнің әкесі Елдос Иманбаев.

Іс-шара Hilton Garden Inn Astana қонақ үйі мен «Kulki» гүл студиясының қолдауымен өтті.

«Атырау» футбол клубының ойыншылары инклюзивті футбол секциясының қатысушыларына шеберлік сабағын өткізді

2025 жылғы 12 маусымда Атырау қаласында «UNI Football League» инклюзивті футбол секциясының қатысушыларына арналған шеберлік сабағы өтті. Шараны кәсіби «Атырау» футбол клубының ойыншылары өткізді.

Бір жыл бұрын Атырау қаласында аутизм, Даун синдромы және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға арналған инклюзивті футбол секциясы ашылған болатын. Бұл бастама республикалық «UNI Football League» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда секцияда 10-нан 16 жасқа дейінгі аутизм, РАС, Даун синдромы және ДЦП диагнозы бар 10 жасөспірім жаттығуда.

Жобаның ұйымдастырушылары – «Bolashak Charity» қоғамдық қоры және Қазақстан футбол федерациясы. Бас демеуші – «Freedom Holding Corp.» компаниясы, қайырымдылықты «Freedom Шапағат» қоры арқылы жүзеге асырады.

«UNI Football League» – аутизм мен Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған инклюзивті футбол жобасы, ол Қазақстанда екі жылдан бері табысты іске асырылып келеді. Жоба арнайы әзірленген оқу регламентіне негізделіп, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер үшін қолайлы жағдай жасайды. Жобаның басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге сапалы спорт бағдарламасына қолжетімділік беру және олардың футбол арқылы әлеуметтік бейімделуіне көмектесу.

Жоба 2023 жылдың қарашасында Астана қаласында өткен «Bolashak Charity» қорының Қысқы қайырымдылық балы аясында басталды. Қазіргі уақытта жобаға еліміздің 9 қаласынан (Астана, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Петропавл, Тараз, Өскемен) 111 бала қатысуда.

Жобаның міндеттері: балалар арасында өзара әрекеттесу, достық қарым-қатынас орнату және коммуникациялық дағдыларды дамыту арқылы олардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау; физикалық дамуды және қозғалыс үйлесімділігін жақсарту; ерекше қажеттіліктері бар балалардың белсенді және мағыналы қоғамдық өмірге араласуына қолдау көрсету. Ай сайын «Bolashak Charity» қорының мінез-құлық сарапшылары жаттықтырушылармен кездесіп, балалардың оқу барысын, жаттығулардың сапасын және жобаның жалпы тиімділігін бақылап отырады.

Жобаға әр қалада UEFA B, C, D санатындағы, инклюзивті білім беру курстарынан өткен, ерекше балалармен жұмыс тәжірибесі бар кәсіби жаттықтырушылар тартылған. Атырау қаласындағы секцияның жаттықтырушысы – UEFA C санатындағы сертификат иегері Нуржан Касанов. Ол 2015 жылдан 2023 жылға дейін есту қабілеті бұзылған балалармен футзал саласында жұмыс істеген.

Шеберлік сабаққа «Bolashak Charity» қорының өкілдері, «Атырау» кәсіби футбол клубының ойыншылары, «Freedom Bank» Атырау қаласындағы филиалының қызметкерлері, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың ата-аналары қатысты. Қонақтар балаларға сыйлықтар мен естелік бұйымдар табыстады.

«UNI Football League» – бұл тек спорттық жоба емес. Бұл – өзгеріс жасауға мүмкіндік беретін алаң. Мұнда ерекше балалар өз әлеуетін ашып, команда мен қоғамның бір бөлігі екенін сезінеді. «Bolashak Charity» қорында біз үшін инклюзия – бұл тең мүмкіндіктер қоғамын құруға бағытталған нақты қадамдар. Бұл жоба – БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесіміздің бір бөлігі. Қазақстан футбол федерациясына, «Freedom» компаниясына және «Атырау» футбол клубына қолдау көрсеткендері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Өйткені, футбол – ерекше балалар үшін жай ғана ойын емес. Бұл – қабылдауға апаратын жол»,деді «Bolashak Charity» қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

«Біз елімізде спорттың дамуына үлкен мән береміз, әсіресе халық арасында кең таралған футболды қолдауға ерекше назар аударамыз. Спортты қолдау – Freedom тобының жауапты инвестициялар мен БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын Қазақстанда жүзеге асырудағы үлесінің бір бөлігі. 2023 жылдың наурызында Freedom Holding Corp. жастар футбол лигасы QJ League-тің бас серіктесі және демеушісі болды. UNI Football League жобасын қолдау – балалар мен жасөспірімдер спортына бағытталған жұмысымыздың қисынды жалғасы. Мұндай жобалар аутизм, Даун синдромы және ДЦП бар балалардың әлеуметтенуіне және инклюзивті қоғам қалыптастыруға үлкен үлес қосатынына сенімдіміз»,деді «Freedom Bank Kazakhstan» АҚ Атырау қаласындағы филиалының директоры Бауыржан Молдашев.

«Менің ұлым Алихан 14 жаста. Оған аутизм диагнозы қойылған. Біз бұл секцияға бір жылдай уақыт қатысып жүрміз. Осы уақыт ішінде баламда үлкен өзгерістер болды: бұрын футболға қызығушылығы жоқ еді, ал қазір қуана-қуана ойнайды. Ол доп тебуді, жүгіріп ойнауды үйренді. Ерекше балалар үшін мұндай секциялар өте маңызды, өйткені олардың көбісі үйде отырып қалады, қоғаммен байланысы азаяды»,деп бөлісті Алиханның анасы Айсұлу Ескалиева.

Балаларды қорғау күніне орай «Ордабасы» футбол клубының мүшелері Шымкенттегі ерекше балаларға арналғанфутболдан шеберлік сабағын өткізді

2025 жылғы 27 мамырда Шымкент қаласында «UNI Football League» инклюзивті футбол секциясының қатысушыларына арналған шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағын «Ордабасы» футбол клубының мүшелері өткізді.

Дәл бір жыл бұрын Шымкент қаласында аутизм, Даун синдромы және басқа даму ерекшеліктері бар балаларға арналған инклюзивті футбол секциясы ашылған болатын. Бұл секция республикалық «UNI Football League» жобасы аясында жұмыс істейді. Қазіргі таңда секцияда 10-17 жас аралығындағы аутизм, аутизм секторының бұзылысы, Даун синдромы және ДЦП диагнозы қойылған 10 жасөспірім жаттығады.

Қазақстанда «UNI Football League» жобасы аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол жобасы ретінде екі жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл жоба арнайы оқу регламентіне негізделген, қатысушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, ойын үшін ең қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді және 10-18 жас аралығындағы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған. Жобаның мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге сапалы спорттық бағдарламаға қолжетімділікті қамтамасыз ету және футбол арқылы олардың әлеуметтік бейімделуін қолдау.

Жобаның ұйымдастырушылары: «Болашақ» корпоративтік қоры және Қазақстан футбол федерациясы. Жобаның бас демеушісі – «Freedom Holding Corp.» компаниясы арқылы «Freedom Шапағат» қайырымдылық қоры.

Жоба 2023 жылдың қараша айында Астанада «Болашақ» қорының Қысқы қайырымдылық балының қаражаты есебінен басталды. Жалпы жобаға Қазақстанның 9 қаласынан 111 бала қатысады: Астана, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Петропавл, Тараз және Өскемен.

Жобаның міндеттері: балалардың өзара әрекеттесуіне, жаңа достар табуына және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға жағдай жасау арқылы олардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету; физикалық даму және үйлестіру дағдыларын жетілдіру; ерекше балаларға белсенді және мазмұнды қоғамдық өмірге қатысуға көмектесу, оларды әлеуметтік және спорттық іс-шараларға тарту. Әр ай сайын «Болашақ» қорының мінез-құлық сарапшылары жаттықтырушылармен кездесулер өткізіп, жобаның тиімділігін қадағалайды: балалардың оқу прогресі, жаттығулар сапасын жетілдіру және т.б.

Жобаға білікті жаттықтырушылар тобы қосылды – әр қалада инклюзивті білім беру курстарынан өткен, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс тәжірибесі бар UEFA B, C, D санатындағы жаттықтырушылар жұмыс істейді. Шымкент қаласындағы секцияның жаттықтырушысы – Ерсултан Давлетьяров ерекше балаларға футбол үйрету бойынша арнайы курстардан өткен және Шымкент қаласындағы жеке түзету орталығында бейімделген дене шынықтыру жаттықтырушысы болып табылады.

Шеберлік сабағына «Болашақ» қорының өкілдері, кәсіби «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары, Шымкент қаласындағы «Freedom Bank» өкілдері, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың ата-аналары қатысты. Қонақтар жас футболшыларға сыйлықтар мен естелік бұйымдар тарту етті, ал футбол клубының өкілдері балалар мен олардың ата-аналарына клубтың барлық матчтарына қатысуға маусымдық абонементтер сыйлады. «Ордабасы» футбол клубы — Қазақстанның жетекші клубтарының бірі. Ол – Қазақстан чемпионы (2023), Қазақстан Кубогының екі дүркін иегері (2011, 2022), Қазақстан Суперкубогының иегері (2012). Клуб құрамынан шараға қатысқан ойыншылар: шабуылшы Лука Имнадзе (Грузия), сондай-ақ жергілікті футбол мектебінің тәрбиеленушілері – «Ордабасы» ФК қорғаушысы, Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен Сағадат Тұрсынбай және қақпашы Айдос Кемаладин.

«UNI Football League» жобасы еліміздегі инклюзивті футболдың дамуы үшін маңызды қадам болып табылады. Жоба ерекше балаларға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың қоғамдағы қабылдануына оң әсерін тигізіп, белсенді әлеуметтік өмірге интеграциялануына ықпал етеді. Жобаны қолдағаны үшін Қазақстан футбол федерациясына және «Freedom» компаниясына алғысымызды білдіреміз. «Ордабасы» футбол клубы сияқты кәсіби футбол қауымдастығының осы жобаны қолдап, жас ерекше спортшыларды тәрбиелеуі біз үшін қуаныш. Өйткені, ерекше балалар үшін футбол – тек спорт қана емес, өзін-өзі көрсету, өз жолын табу, әлеуетін ашу және өзіне сену мүмкіндігі», – деді «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

«Біз еліміздегі спорттың дамуына үлкен көңіл бөлеміз, оның ішінде футболды қолдау – ең халықтық спорт түрін қолдау. Спортты қолдау – «Freedom» тобының жауапты инвестициялау және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын Қазақстанда жүзеге асыруға қосқан үлесі. 2023 жылдың наурыз айында «Freedom Holding Corp.» компаниясы жастар футбол лигасы QJ League-тің бас серіктесі және спонсоры болды. «UNI Football League» инклюзивті футбол лигасын қолдау – компаниямыздың балалар спортына қолдау көрсету жөніндегі жұмысымыздың логикалық жалғасы. Біз жобаның аутизм және Даун синдромы бар балалардың әлеуметтік бейімделуіне және спортты сүюіне көмектесетініне сенімдіміз», – деді Шымкент қаласындағы «Freedom Bank Kazakhstan» АҚ филиалының директоры Рысбек Рахметов.

 «Біз секцияға ашылған күннен бастап қатысып келеміз, бір жыл болды. Ұлым футболды қатты жақсы көреді, ол қуана-қуана барады. Жеке өзіме жаттықтырушының балаларымызға деген қарым-қатынасы өте ұнайды. Әрине, ұлым осы бір жыл ішінде көп өзгерді: доп тебуді, командада ойнауды үйренді. Біздің балалар үшін әрбір, тіпті ең қарапайым қимылдың өзі үлкен еңбекті талап етеді, сондықтан әр жаңа үйренген дағды біз, ата-аналар үшін, зор қуаныш. Мен көптеген күрделі балаларды көрдім, бірақ біздің жаттықтырушымыз өзінің кәсібилігі мен сабырлылығының арқасында әр балаға жеке тәсіл таба біледі. Мен осы жобаны жасаушыларға шексіз алғысымды білдіремін», – деді Даун синдромы бар 12 жастағы Даниал Смаилдың анасы Динара Төлегенова.

Астанада 3 500 адам менталдық денсаулықты қолдап жүгірді

26 сәуірде Астанада үшінші рет жыл сайынғы «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі өтті. Жиналған 22 млн теңге қайырымдылық қаражат аутизм және басқа менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттерін ашуға бағытталатын болады. Іс-шараны «Болашақ» корпоративтік қоры Астана қаласы әкімдігінің және серіктестерінің қолдауымен ұйымдастырды.

Жыл сайынғы қайырымдылық жүгірістің мақсаты – аутизм туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттыру, аутизм бар адамдардың өмір сапасын жақсарту, олардың әлеуметтенуі және өз қабілеттерін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз ету. Іс-шара аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату айына орай өткізілді. Сонымен бірге 2025 жылғы Run for autism менталдық денсаулыққа – аутизм, депрессия, мазасыздық және басқа да ерекше менталдық күйдегі адамдарды қолдауға арналған.

Жүгіріс 1 км., 2,5 км., 5 км. және 10 км. төрт қашықтық бойынша өтті. Қатысу бағасы 6 990 теңгеден бастап 9 990 теңгеге дейін болды. Қайырымдылық жүгіріске Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Павлодар және басқа қалалардан барлығы 3 500 астам адам қатысты. Жүгіріске қатысушылар арасында кәсіби спортшылар, параспортшылар, сурдоспортшылар, ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандар, дамуында ерекшеліктері бар 120-дан астам бала, ата-аналар және т.б. болды. Лондон, Мәскеу, Ыстамбұл, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Павлодар, Жаңаөзен, Жезқазған, Орал, Петропавл қалаларынан 28 адам онлайн жүгіріске қатысты.

ҚР Парламентінің Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев дәстүрге сәйкес игілікті іске арнайы қатысып, ашылу салтанатында сөз сөйледі. Ол өз сөзінде бұл жарыс саламатты өмір салтын дәріптейтін және ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауды көздейтін маңызды қоғамдық бастамаға айналып келе жатқанын айтты.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев инклюзияны дамыту мәселесіне үнемі баса мән беріп келеді. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында ерекше қажеттіліктері бар балаларды жан-жақты қолдауға арналған жаңа заң әзірлеуді тапсырды. Қазір осы бастама бойынша тиісті жұмыстар қолға алынды. Аталған заң шын мәнінде азаматтарға пайдалы болуы үшін сенаторлар қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен және сарапшылармен бірге бұл бағытта қандай басымдықтарға назар аудару керектігін жан-жақты талқылап, белсенді жұмыс жүргізуде», – деді Мәулен Әшімбаев.

Іс-шара шегінде дәстүр бойынша аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар балаларға арналған «Көңілді старттар» спорттық-ойын эстафетасы өткізілді. Оған аутизм бар, психикалық және сөйлеу тілі дамуы тежелген, Даун синдромы және т.б. бар 5-14 жас аралығындағы 200-дей бала қатысты. Эстафета аяқталған соң балаларға іс-шараның серіктестерінен сыйлық табысталды.  

«Run for autism – бұл аутизм бойынша зерттеулерді қолдау үшін қаражат жинауға арналған халықаралық бастама. Ол әлемнің ең ірі қалаларында өткізіледі: Нью-Йорк, Лондон, Берлин, Чикаго, Питсбург және т.б. Қазақстанда «Run for Аutism»-ді алғаш рет «Болашақ» қоры 2023 жылы өткізді. Бірінші жылы қатысқандар саны 1300 адам болса, бүгінгі күні қатысушылар саны 3000-ға жетті және 300-дей адам іс-шараны ұйымдастыруға қатысты. Қатысушылар саны көбейіп жатқаны қуантады, өйткені бұл аутизм және жалпы менталдық бұзылыстар туралы білетін адамдар саны артып келе жатыр деген сөз. Биыл біз жүгірісті жалпы менталдық денсаулық тақырыбына арнаймыз. Бүгін біз инклюзия, алуан түрлілік, стигмасыз өмір, мазасыздықпен, депрессиямен өмір сүріп жатқандар үшін деген мақсатпен жүгіреміз. Өкінішке орай, әркім осындай хәлге ұшырауы мүмкін, сондықтан да мәселені көз жұма салмай, мойындап, уақытылы кәсіби көмекке жүгінген маңызды», - деп атап өтті «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің Төрайымы Динара Гаплан.

Көптеген басқа қатысушылар сияқты Елдос Иманбаев жүгіріске аутизм бар 16 жасар ұлы Бекназармен бірге келді. Бекназар 2,5 км қашықтық жүгіріске қатысты.

«Ұлым екеуміз Run for Autism жүгірісіне қатысуды ұйғарған себебіміз: бұл тақырып бізге жақын. Біз әрбір бала өзін қабылданған, қажет және бағаланған болып сезінетін инклюзивті орта құру қаншалықты маңызды екенін білеміз. Бұл біздің ерекше адамдар қауымдастығын қолдау тәсіліміз. Бұл тек спорттық шара емес, бірлік, түсіністік пен шабыт беретін алаң. Ерекше балалар үшін кез келген іс-шара – өзін жеңіп, өз мүмкіндіктерінің шегінен аттап, жаңа эмоцияларды сезіну мүмкіндігі екенін түсінген маңызды» - деді Елдос Иманбаев.

Мәреге жеткен барлық қатысушылар естелік медальдарға ие болды, ал әр қашықтық бойынша жеңімпаздар дипломдар мен медальдармен марапатталды. Әрбір жүгірушіге шоппер, футболка, жүгіріске арналған нөмір, ұтыс ойыны үшін нөмірі, тамаққа талон, бағдарлама, спорттық батончиктен және пайдалы «чиабатта» нанынан тұратын жинақ табысталды. Ниет білдіргендер жүгірістен басқа, жүгірістің брендік таңбалары бар өнімдер және серіктестерден сертификаттар салынған арнайы боксты сатып алып, іс-шараны қолдай алды.

Жүгіріске халықаралық компаниялардың, шетел елшіліктері, оның ішінде Жапония, Ұлыбритания, Испания, Түркия, Үндістан, Чех Республикасы, Польша, Беларусь Республикасы елшіліктері қатысты.

«Ұлымда Даун синдромы бар. Жүгіріс менің ұлым сияқты ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдайтындықтан оған қатыспақ болдым. Іс-шараның мақсаты өзіме жақын» - Хироаки Фуната, Қазақстандағы Жапония Елшілігінің штат қызметкері.

Жүгіріске қатысушылар арасында Дубайға екі кісіге жолдама, «World Class» фитнес-орталығынан ⁠жылдық абонементтер, «Hilton Astana» қонақ үйінде тұруға, «M Clinic» клиникасында тексеруден өтуге сертификат, GALAXY S24 смартфоны, «Орлов моншаларына» сертификаттар және тағы басқа бағалы жүлделер ұтысы өткізілді.

Қайырымдылық жүгіріс Астана қаласы әкімдігінің, Eurasian Resources Group (ERG), «Еуразиялық банк» АҚ, «NAK» құрылыс холдингінің, «АLSTOM», «ECOSHOP Astana», «Жігер газ», «Shaurma Food» қазақстандық дәмді тағамдар желісі, «MYD Production» компанияларының, «G-life» ауыз суы, «Astana Production» ивент-агенттігінің, «M Clinic» клиникасы, «K-cell», «Argymaq» премиалды брендінің, «World Class Ботанический» фитнес-орталығы, «Ocean Love» туристік фирмасы, «Hilton Astana» қонақ үйі, «Marwin» компаниясы, «New Level» жарнама-өндірістік компаниясы, «Sundar Yoga» йога студиясы, бургерной «All off Burger» бургерлер, «Орлов моншалары» компаниясы, «Anta» спорт дүкені, «Моя ферма», «Полезный хлеб» компаниялары, «WOW swim» жүзу мектебі, «Ailand» сауық орталығы, «Солнечный мир» ҚҚ, мастерской детских праздников «Lim-po-po» балаларға арналған мерекелер шеберханасы, «РИКА» экспресс поштасы, «Nomad Triathlon Club» триатлон клубы, «My Start», «Super Kyz», «CleverMarket» онлайн-дүкені, «TOOBA» компаниясының қолдауымен өткізілді. Ақпараттық серіктестер: «Qazsport TV», «Qazaqstan TV», «Jibek joly», «Silk Way» телеарналары, «Love radio», «Радио Дача», «Той Думан» радиостанциялары, «ҚазАқпарат» ХАА, медиа «Город24», «Mustafin Magazine», «AMANAT Group» медиахолдингі.

Анықтама:

Аутизм және менталдық денсаулық бойынша статистика

АИБбД ҰҒПО-ның (2024 ж.) деректеріне сәйкес Қазақстанда 15 000-нан астам бала тұрады, оның 7 мыңдайы мектеп жасына дейінгі балалар. Ал бейресми деректерге сәйкес еліміздегі аутизм бар балалар саны 35 000-нан асады. ДДҰ 100 баланың біреуінде аутизм спектрінің бұзылуы бар, ал АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығында (CDC) бұл көрсеткіш 31 баланың біреуінде бар деп  есептейді.

ДДҰ деректеріне сәйкес психикалық бұзылыстар дүние жүзінде 10-19 жас аралығындағы әрбір жетінші адамда кездеседі; бұл осы жас тобындағы аурулардың әлемдік санының 15% құрайды. Депрессия, мазасыздық және мінез-құлық бұзылыстары жасөспірімдер арасындағы ауру мен мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының (РПДҒПО) мәліметі бойынша 2023 жылы динамикалық бақылаудағы психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар науқастардың жалпы саны 198,4 мың адамнан асты.

Ресми деректерге сәйкес Қазақстанда 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша психикалық мінез-құлық бұзылыстары (аурулары) бар 296,7 мың адам, оның ішінде 92,5 мың адам психоактивті заттарды (ПАЗ) қолдану салдарынан динамикалық бақылауда тұр. Countrycassette халықаралық тәуелсіз онлайн-журналының мәліметі бойынша 2024 жылы депрессияның таралуы бойынша Қазақстан 180 елдің арасында 93-ші орынға шықты.

«Болашақ» қорының инклюзивті білім беруді дамыту бағдарламасының нәтижелері туралы

2015 жылдан бері «Болашақ» қоры Қазақстанның 24 қаласында 71 инклюзияны қолдау кабинетін ашты. Қор балалар үйлеріндегі 2000 балаға және аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар балалары бар 10 000-нан астам отбасын қамтыды, аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар 800-ден астам баланы үйде оқытудан шығарды, 4 000 маманды және ата-ананы оқытты, сондай-ақ 139 білім беру және жол жүру грантын берді. Аутизм, Даун синдромы және дамуында басқа ерекшеліктері бар 200-ге жуық бала кәсіби және спорттық білім алып жатыр. «Болашақ» қоры аутизм бар жасөспірімдерді кәсіптік оқыту жобасын елімізде бірінші болып іске қосты. Бүгінгі таңда «Наубайшы», «Кондитер» және «Тігінші» мамандықтары бойынша 54 жасөспірім білім алып, қазір тағы 20 бала білім алуда. Менталдық денсаулықты қолдау аясында Қор ата-аналар мен ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандарға психологиялық қолдау топтарының жұмысын ұйымдастырды, 40-тан астам адамға көмек көрсетілді.

«Run for autism» жүгірісі туралы

2023-2024 ж.ж. жүгірістерге 3 351 адам қатысты, оның ішінде 200-ден астам ерекше бала. 20 млн-нан астам қайырымдылық қаражат жиналды, осы қаражатқа Астана қ. 10 балабақшасында (№54, №60, №66, №35, №24, №63, №77, №80, №86, №98) инклюзияны қолдау кабинеттері ашылып, жабдықталды. Күн сайын 100-ден астам ерекше бала балабақшаға барып жүр.

Autism Talks-2025 Алматыда: жүректерді біріктіретін шабытты әңгімелер

6 сәуірде Алматыда 3.4 Аймағының Азия чемпионаты шеңберінде Autism Talks үшінші жыл сайынғы кездесуі өтті, онда барлығы 200-ге жуық қатысушы – мамандар, АСБ бар балалардың ата-аналары бас қосты. Іс-шара ауқымды бағдарламаның маңызды бөлігіне айналып, спорт пен инклюзияның қатар жүретінін көрсетеді.

Kazchess вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов, Бағылан Мусиннің «Freedom Shapagat» қорының президенті және ҚШФ атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова жиналғандарға арнап құттықтау сөз сөйледі. Бағдарлама аясында ата-аналар, мамандар, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар жанды да әсерлі сөздерін айтты. Спикерлердің қатарында Аружан Сайын, Әлия Арқарова, Жанна Қалиева, Рүстем Қайырбеков, Мәдина Нұркенова және т.б. болды. Динара Гаплан бұл кездесуге де модераторлық етті.

Сараптамалық сессия аясында психиатр дәрігер Әсел Ыбыраева, мінез-құлық талдаушысы Әсия Қизатова, FIDE Infinite Chess амбассадоры Надежда Кравчук, психолог Бақыттыгүл Ахметжанова және БҰҰ волонтёры Мәулен Ахметов білімі мен тәжірибелерін бөлісті.

Сессия гроссмейстер және 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионы Қазыбек Нөгербектің балалармен бір мезгілдегі ойын сеансымен, сондай-ақ серіктестер ұсынған түрлі жүлде – шахмат жинақтары, кітаптар, сертификаттар мен курстар ұтыс ойынымен аяқталды.

ҚШФ вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов былай деп атап өтті:

«ФИДЕ ұйымымен және "Болашақ" қорымен бірге Қазақстан шахмат федерациясында инклюзивтік бастамаларды жүйелі түрде дамыту туралы шешім қабылдадық. Шахмат сөзді қажет етпейтін, бірақ адамдарды біріктіре алатын тіл екеніне кәміл сенеміз. Сондықтан аутистік спектрі бұзылған және дамуының басқа да ерекшеліктері бар балаларға жаңа көкжиектерді ашатын Infinite Chess жобасын іске қостық. Біздің мақсатымыз — Федерацияны спорт алаңына ғана емес, шын мәнінде инклюзивтік қоғамның бір бөлігіне айналдыру».

FIDE ұйымының Қазақстандағы Infinite Chess жобасы:

Шахматты инклюзивтік үйретуді дамытуға бағытталған FIDE Infinite Chess бастамасы 2024 жылдың қарашасында №1 Арнайы мектеп-интернатында басталды. 2025 жылы жоба Алматыда да «Аутизмді жеңеміз!» оралығында іске қосылды. Онда жаттықтырушы Виталий Козяк екі топ шәкірттерімен жұмыс жасайды.

Анықтама үшін:

Қазақстанда ресми түрде тіркелген аутизмі бар 15 000-нан астам бала тұрады, ал бейресми деректер бойынша олардың саны 35 000-нан көп. Мектеп жасына дейінгі балалар арасында бұл көрсеткіш 7 000-ға жуықтайды. АҚШ CDC деректері бойынша, 36 баланың біреуінде АСБ бар.

2015 жылдан бері «Болашақ» қоры 71 инклюзивтік кабинет ашты, 4 000-нан астам маман мен ата-ананы оқытты, 800-ден астам баланы үйде оқытудан алып шықты. Қордың моделі ұлттық инклюзивтік білім беру саясатының бір бөлігіне айналды.