«Валериан және мың ғаламшар шаһары» қазақ тілінде трейлері

«Валериан және мың ғаламшар шаһары» фильмінің қазақ тілінде дубляждалған трейлері шықты, ол XIII халықаралық «Евразия» кинофестивалінің жабылуында көрсетіледі 


Ғаламторда «Валериан және мың ғаламшар шаһары" атты француз комиксі бойынша түсірілген фантастикалық фильмнің қазақ тіліндегі трейлері шықты. 
Атақты француз режиссері және сценарийшісі Люк Бессонның шытырман оқиғалы жауынгерлік фильмі қазақ тіліне дубляждалған 22-ші фильм, оның ішінде осы жылы дубляждалған 5-ші фильм болып отыр.
EuropaCorp студиясының фильмі 27-ші ғасырда орын алған шытырман оқиғалар туралы баяндайды. Валериан мен Лорелин атты ғарыштық екі арнайы агенті тапсырма бойынша Альфа атты таңғажайып ғаламшарға аттанады, онда галактиканың барлық түпкірінен мыңдаған тіршілік иелері жиналған. Алайда қатардағы операция күмәнді іске айналып, олар галактикалық астыртын әрекетке  еріксіз қатысушылар болып шығады. Әлдекім Мыңдаған Ғаламшар Шаһарындағы билікті басып алуды шешеді, Валериан мен Лорелиннің борышы – төніп келе жатқан қауіптен жер жүзін қорғау болады.  
Франция тарихындағы ең құнды фильм кинотеатр экрандарында ағымдағы жылдың 10 тамызынан бастау алады. Фильмді  2D, 3D және 3D IMAX форматтарында көруге болады. 

Жобаны ұйымдастырушы: «Marwin» компаниясының қолдауымен «Болашақ» корпоративтік қоры 

«Валериан и город тысячи планет»/ «Валериан және мың ғаламшар шаһары» фильмін қазақ тілінде еліміздің кинотеатрларынан 10 тамыздан бастап көріңіздер!