«Өрмекші адам. Үйге қайтып келу» қазақ тілінде трейлері

Интернетте «Өрмекші адам. Үйге қайтып келу» суперкаһарманның шытырман оқиғалары туралы қазақ тіліне дубляж жасалған жаңа фильмнің қазақ тіліндегі трейлері шықты. Бұл қазақ тіліне аударылған 21-ші фильм және Өрмекші адамның шытырман оқиғалары туралы қазақ тіліндегі үшінші фильм. Кинотеатрлардың экрандарында фильм елорданың туған күні – 6 шілдеде қазақ және орыс тілдерінде басталады. 
MARVEL студиясының фильмі Питер Паркердің кекшілдер командасымен тарихи кездесуден кейін, басынан өткен хиқаялары туралы айтып береді. Питер өзінің Мэй тәтесінің қамқорлығымен әдеттегі өмір сүруге тырысып, үйге қайтып келеді. Бірақ енді оған тағы біреу қарап жүр Тони Старк Өрмекші адамның әрекеттерін көрді және оның тәлімгері болуы тиіс. Жаңа зұлым Құзғын Питерге қымбаттының бәрін жойып жіберуге қауіп төндірген кезде, барлығына суперкаһарманның кім екенін дәлелдеудің уақыты келеді.
Фильм 2D, 3D және 3D IMAX форматтарында көруге қол жетімді болады. 
Жаңа шытырман оқиғалар, бұрынғы сүйікті кейіпкерлер, ең жақсы арнайы әсерлер – осының бәрі қазақ тілінде. Келіңіздер! Көріңіздер!!!   

Жобаны ұйымдастырушы: «Болашақ» корпоративтік қоры 
«Marwin» компаниясының қолдауымен

6 шілдеден бастап еліміздің кинотеатрларында «Өрмекші адам. Үйге оралу» фильмін қазақ тілінде көріңіздер!