«Көліктер 3» - қазақшаланған тизер/трейлер (Тачки 3 - трейлер на казахском языке)

Атағы жер жарған, қай кезде де танымал, жарыс алаңының аңызына айналған Найзағай Маккуинді қарсы алыңыздар! 
Еліміздің кинотеатрларынан 15 маусымнан бастап, «Көліктер 3» мультфильмін қазақ тілінде көріңіздер!

Жоба ұйымдастырушылары: «Болашақ» Корпоративтік қоры «Marwin» компаниясының қолдауымен.

Cинопсис:

Желмен жарысқан жарыс көліктерінің әлеміне замауи жаңа көліктер келіп, Найзағайды шаң қаптырған кезде, мульфильмнің басты кейіпкері – көпшіліктің көзайымына айналған, Найзағай Маккуин атты жарыс көлігі, шетте қалып қояды. Алайда Маккуин оңайлықпен берілмейді. Сондықтан, ол жас әрі дарынды механик Круз Рамирездің көмегіне жүгінеді. Круз – нағыз білікті маман және өз ісіне жан-тәнімен берілген. Ол Найзағайды қайта көшбасшы ету үшін арнайы  мінсіз жоспар құрады. Круз бен Маккуин жеңіске жету үшін бәсекелестердің қандай осал тұстарын пайдалану керектігін жақсы біледі.