«Галактика сақшылары. 2 бөлім» қазақшаланған трейлер - 1 / Стражи Галактики. 2 часть

Осы көктемде, MARVEL фильмдерін сүйіп көретін көрермендер «Галактика сақшылары. 2 бөлім» фантастикалық блокбастерінің жалғасын қазақ тілінде тамашалай алады! 
Үлкен экраннан, қазақ тіліндегі таңғажайып «Галактика сақшылары. 2 бөлім» кинолентасы 4 мамырда көрсетіледі!

Жоба ұйымдастырушылары: «Болашақ» Корпоративтік қоры «Marwin» компаниясының қолдауымен.

Cинопсис:

Бәрі осында: жер тұрғыны Питер Квилл (Жұлдызды Лорд), тұйық Дракс Талқандаушы, жалдамалы жендет Гамора, гуманоид ағаш Грут пен сөйлейтін жанат. Кейіпкерлер бұрынғы қалыптарынан таймаған. Бұл фильмде де таңғажайып шытырман оқиғаларға тап болып, айналасындағыларға зиянын тигізбей (тіпті жағдайды өз пайдалаларына жаратып) аман-сау құтылып шығады. Осы жолы Галактиканың ең құпия сырларының бірін ашамыз: Питер Квиллдің туған әкесі кім?