«Джунгли кітабы»

Осы көктемнен бастап тұңғыш рет еліміздің барлық кинотеатрларында ондаған ұрпақтың балалық шағының сүйікті кейіпкері болған – Маугли қазақ тілінде сөйлейтін болады.
Үндістанның джунглиінде ерекше аңыздар өте көп. 
Алайда олардың ешқайсысы Маугли есімді баланың басынан өткен шытырман оқиғаны қайталай алмайды...
Багира
Ондаған ұрпақтың балалық шағының сүйікті кейіпкері – Маугли тұңғыш рет қазақ тілінде сөйлемек. «Книга Джунглей»/«Джунгли кітабы» адамзат өте алмайтын ну орман арасында, қасқырлармен арпалысып, аңдармен қатар жүріп, шыңдалған, кішкентай адам баласы туралы эпикалық шытырман оқиғалы жаңа кинофильм. Акела, аю Балу, пантера Багира - әрқайсысы қорғансыз қалған Мауглиға джунглидің күрделі заңын үйренуге, аң, құс және жылан тілін түсінуге көмектеседі.
Дубляждың режиссері – Айжан Жамшитова. Ол бұдан бұрын жасалған «Күлбике», «Малефисента», «Көліктер» және өзге де анимациялық фильмдердің дубляждарына қатысып, мол тәжірибе жинақтаған.
Дубляждау жұмыстарына он төрттен жоғары қазақстандық актерлар тартылды. «Книга Джунглей»/«Джунгли кітабының» басты кейіпкерлеріне Бекболат Құрманғожаев (Багира), Ислам Зейноллаев (Шер-Хан), Айнұр Бермағанбетова (Каа), Ақарыс Өтеулов (Маугли) сынды өнер майталмандары өздерінің дауыстарын сыйлады.
Жоба ұйымдастырушылары: «Болашақ» Қауымдастығы, Алматы қаласы әкімшілігінің және «Меломан» компаниясының қолдауымен.
Жобаның бас демеушілері: «Bank RBK» АҚ, «Exclusive Strоy» ЖШС.