Pixarдан көптен күткен мультфильм қазақ тілінде!

16 қарашада Астана, Алматы қалаларында «Коконың құпиясы» фильмінің қазақ тіліндегі алдын ала көрсетілімі өтті. 

Pixar Animation Studios компаниясы Walt Disney Pictures компаниясымен бірлесіп бүкіл әлемге «Коконың құпиясы» жарқын музыкалық анимациялық фильмін ұсынады!

Таспа отбасы және өткен өмірдің қателіктері тақырыптарына баса назар аударады. Сюжеттің ортасында – жас Мигель мен оның жан досы Данте атты ит, ол иттің қызық тілі дербес кейіпкер болып табылады. Бала музыкамен шұғылдануды армандайды, және ол өзінің – Мексика кезіндегі әйгілі орындаушысының ұрпағы екенін білген кезде ынтасы күшейе түседі. Мигель дарындылар сайысына аттанады және онда өзінің арғы атасының гитарасын  ала тұру үшін, жергілікті шіркеуге кіріп, гитараны алу үшін қолын тигізгенде ол рухқа айналады. Мигель арғы аталарымен кездеседі, алайда таң атқанша ол өсиетті бұзса шынайы өмірге ешқашан орала алмайтынын біледі. Көрініс Pixar үшін әдеттегідей әсерлі, кей жерлерінде күлкілі және өте әдемі шықты. Картинадағы музыканың рөлі зор және «Холодное сердце» картинасының композиторлары Кристен Андерсон-Лопез және Роберт Лопезбен жазылған  бас тақырыпты әлі талай еститініңіз сөзсіз. 
 «Коконың құпиясы» - қазақ тіліне аударылған 23-ші фильм және осы жылдың соңғы жобасы – 12 жастағы Мигельдің хикаялары туралы. Фильм кинотеатрлардың экрандарына 23-ші қарашадан бастап шығады. 
Қазақ дубляжының режиссері Шах-Мурат Ордабаев. «Стражи Галактики. Часть 2» және «Человек-паук: Возвращение домой» фильмдерінен кейін жобадағы үшінші толыққанды режиссерлік жұмысы. Режиссер өз әсерімен бөлісті: «Коконың құпиясы» - бұл режиссер ретінде менің үшінші жобам, актер ретінде 11-ші  және менің барлық мансабымдағы бірінші анимациялық фильм. Бүгінгі таңда мен барлық алдыңғы жобалармен салыстырғанда «Коконың құпиясы» ең күрделі жоба деп айта аламын. Әрине жобаның күрделі болуы, бір жағынан, оның музыкалылығында. Бас кейіпкерлер керемет ән айтады, біздің де олардан кем айтуға құқығымыз жоқ. Мультфильмнің арқасында біздің халықтарымыздың ерекше ұқсастығын байқадым. Басты идея -  ол өзінің арғы аталары туралы естелік және отбасына деген махаббат секілді сезімдерді бізді  бала күнімізден баулиды. Қорытындылай келе «Коконың құпиясы» - махаббатқа, сұлулық пен мейірімге толы, керемет отбасылық мультфильм. Бүкіл отбасымен келуді ұсынамын. Әсіресе қазақ тілінде».  
Ал қазақ дубляжының бас дауысы Ақарыс Әшімханның анасы– Айнур Бермухамбетова жұмысты былай сипаттайды: «Әрине, жұмыс барысында көптеген қиындықтар болды: мексика халқы өте эмоционалды және жарқын, сондықтан бүкіл мультфильм бойы Мигельдің көңіл-күйінің өзгерістерін беру қиын болды. «Коконың құпиясы» картинасының ерекшелігі оның саздылығында, бірақ мультфильмнің басты кейіпкері кәсіби әнші емес, ол сондай болуды армандайды. Ақарыс ол жағынан Мигельге өте ұқсайды, өйткені оның да жүрегі шығармашылықпен өмір сүреді». 
Мультфильмнің барлық оқиғаларының барысында Мигельдің қасында Эктор жүреді, оны дүниежүзіне белгілі режиссер Алехандро Иньяриттумен жұмысынан кейін атағы шыққан Гаэль Гарсиа Берналь ойнады. Мигельдің серігін дыбыстаған актер Олжас Жақыпбек осы рөлдегі өзінің жұмысы туралы былай айтады: «Мен 4 жылдан бері фильмдерді дыбыстаумен айналысамын, бірақ Гектор сияқты ақкөңіл авантюристті бірінші рет дыбыстап отырмын. Процесс мен үшін көңілді және әсерлі болды». 
Барлығы дубляжға 35-тен  астам актерлер қатысты. Бас кейіпкерлерге өз дауыстарын сыйлағандар: Ақарыс Әшімхан (Мигель), Олжас Жақыпбек (Эктор), Сайлау Қамиев және Нұркен Өтеулов (Ernesto De La Cruz). Мәтіндердің салушысы Гульжан Сауртаева болды, аудармашысы - Асель Мамырова.
Астана және  Алматы қалаларында алдын ала көрсетілім Kinopark 7 IMAX «Керуен», Kinopark 11 IMAX Esentai Mall кинотеатрларында өтті. Фильмнің алдын ала көрсетіліміне жобаның идеялық шабыттандырушысы, «Болашақ» Қауымдастығының құрметті мүшесі, Алматы қаласының әкімі Б.К.Байбек, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Ғ.Әдбірахымов, «Болашақ» қауымдастығы Кеңесінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бахтияр Макен, дубляж актерлері, балалар үйлерінің тәбиеленушілері,  блогерлер, жастар ұйымдарының өкілдері, БАҚ және тағы басқалары қатысты. 
 
Жобаның ұйымдастырушысы: «Marwin» компаниясының қолдауымен «Болашақ» корпоративтік қоры, 
Дубляждың демеушісі: «Samal» озондырылған табиғи ауыз су тауар маркасымен «КОНФОРС» ЖШС
 
 
Алматы қаласындағы алдын ала көрсетілім 
Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өтті. 
 
Мигельдің хикаялары туралы «Коконың құпиясын»
кинода 23-ші қарашадан бастап көріңіздер!
 
Дубляж туралы қызықты фактілер 
 
- Ақарыс Әшімхан – 12 жастағы Мигельге өз дауысын сыйлаған дубляж актері, бұрын «Книга Джунглей» картинасында Мауглиді дабыстаған. Осы рөлді дыбыстау үшін өзін сынап көрген 25 баланың ішінен ең үздігі болған. Ақарыспен жұмыс 5 күн ішінде болды, салыстыру үшін: ересек актермен жұмыс мәтіннің ұқсас көлемімен орташа есеппен екі жарым күнді құрайды. 
- Жобаға тартылған ең жас әртіс – Ақарыс Әшімхан 12 жаста, ал ең жасы үлкен әртіс, Қазақстан Республикасының Халық әртісі профессор Ешмұратова Құралай Халекетовна – 73 жаста. 
- Кастинг ерекшелігі: әртістерді таңдау кезінде негізгі критерий  міндетті түрде ән айту, өйткені мультфильм кейіпкерлері күрделі вокалды нөмірлерді орындайды.