Астана қаласындағы X-шы Қысқы қайырымдылық балы

«Болашақтың есімдері көп»

2017 жылғы 9 желтоқсанда сағат 19:00-де Radisson Hotel Astanaда Х-шы мерейтойлық Қысқы қайырымдылық бал өтеді. Жиналған қаражат «Әр бала мектепке лайықты» және «Жол жүру гранттары» жобаларын қолдауға жұмсалады. 

Жаңа жылдық мереке қарсаңында жүйелі қайырымдылықты бейнелейтін іс-шара – Х-шы Қысқы Қайырымдылық Балы есігін салтанатты түрде ашады. 
15 дебютант жұп Астананың кәсіби  хореографтарының басшылығымен классикалық вальстан бастап твистке дейін әсерлі билерімен қонақтарды таң қалдырады. 
Бал бағдарламасында халықаралық «Grand Fiesta» конкурсының лауреаты, «Перлини Мистецтва» опера әншілерінің конкурсының лауреаты Айжан Сұлтанова, Grand Moscow Festival   жеңімпазы Кошенова Гүлнар өнер көрсетеді,  ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Әкім Мұхатжанов басқаратын Үрмелі оркестр сүйемелдейді, өнер және спорт атрибутикасының аукционы, бағалы жүлделердің ұтыс ойыны өткізіледі, олардың арасында: Luxury House сауда үйінің, Life Fitness Astana премиум-класының финес-клубының сыйлық сертификаттары, Lotus Thai Spa, Нealth Club & Spa Grand Prix спа-салондарының сыйлық сертификаттары, «Crystal» химиялық тазалау салондының сыйлық сертификаттары, «Пушнина» лайықты бұйымдар галереясынан, «Rozita» зергерлік салонынан және тағы басқаларынан түрлі сыйлықтар ойнатылады. 
Іс-шараның айрықша ерекшелігі  – көптеген компаниялар мен меценаттардың Балды ұйымдастыруға өтеусіз үлесі. 
Дресс код:
- Кавалерлер - Фрак/Смокинг/ Салтанатты әскери киім (әскери міндеттілер үшін).
- Ханымдар – балға киетін көйлек/ұзын кешкі көйлек.
Қонақтар үшін қайырымдылық жарна: 35 000 теңге. Шақыру билетін Д.Қонаев көш., 12/1 оф. 411/2 мекенжайы бойынша «Болашақ» Корпоративтік қорының офисінде алуға болады. Анықтама тел.: 8 7172 707 697.
Ұйымдастырушылар: Radisson Hotel Astana қолдауымен «Болашақ» қайырымдылық қоры. 
Демеушілер: бас демеуші – «Centrasia Group» Холдингі, қола демеуші – «SITEK Caspian». 
Серіктестер: Radisson Hotel Astana, «Appazov Design» компаниясы, «Самұрық-Қазына Trust» Корпоративтік қоры және басқалары. 
Ақпараттық серіктестер: : L’officiel Kazakhstan, L’officiel Hommes Kazakhstan, «БИЗНЕС-МИР КАЗАХСТАН», «Дорогой» журналы, «Прожектор» журналы және басқалары.